«Жыр-дастандарда кездесетін өлец машықтарына тү-
сінік беру үшін, мысалдар келтірмскпін. Тоқтамыстың
тоғыз батыры Едігені қуып жетіп, сонда Кенжебайдың
Едігеге айтқаны:
«Ей, Едіге, сен ечді кайт сапа,
Қайтып
Еділ
өт сана.
Еңсесі биік боз орда,
Еңкейіп сәлем бер сана.
Ерні жұқа сары аяқ,
Ер сарқытын іш сана.
Жауырындары жақталы,
Түйме бауы тартпалы,
Ал қара кіс үстіңе
Тон береді ки сана.
Көк ала жорға ат мінігі,
Көн дабылпаз бойланып,
Ақ сұңқар кұс береді,
Көл айнала сүй сана!»1—
деп ары қарай жалғастЬіра береді.
«Ең бір тақданарлық жай,— дейді Шоқан,— бүкіл
жырда бірде-бір парсы, араб сөзі кездеспейді. Мүсыл-
ман дінінің қанат жаюы салдарынан (астын сызған
біз,—
Б. Ғ.),
қазіргі күнделікті сөйлеу тіліміздің өзінде
парсы, араб сөздері қаптап кетті»2.
Шоқан ислам діні мен XIX ғасырдың екінші жарты-
сында қазақ даласында ашылған мектеп арасындағы
қайшылықты да айқын сынайды. Бір жағынан, мектеп-
тер сауат ашуға, хат тануға көмектёссе, екінші жағы-
нан, халықтың таза санасын дінмен уландырды, мек-
тептер арқылы миссионерлік іс-әрекет ,жасап, патша
өкіметінід отарлау саясаты жүргізілді. Бұл мектептер-
дегі оқуда ешбір шындық жоқ, «фантастика мен схо-
ластикаға» негізделді дейді ағартушы.
Шынында да, араб тілінде жазылған «Қүран» сөз-
дерін, оның діни сандырақтарын түсіндірмей, ана тіліне
аудармай, тек сол жұмбақ күйінде жаттату — сабактың
негізгі тәсілі. Қазақ балалары «Құранды» санасымен
гмес, таяқтың күшімен жаттады. Молдаға білім алуға
баласын бергенде: «Еті сенікі, сүйегі менікі»,— деген
қарапайым қазақ. Бұл —«Құранды», оның сүрелері мен
аяттары араб тілінде жаттату үшін молдекең балаға не
істесе де ерікті деген сөз. Баланы ұрып-соғу таза мұсыл-
Достарыңызбен бөлісу: