кан «Құраннан» және ескі кітаптардан үзінділер келті-
реді. Ислам дінінің әлем кұрылысы туралы түсінігі
«Птолемейден кейін ашылған
астрономиядағы барлық
жаңалықтарды жоққа шығаруға тырысады»,— дейді
Шоқан. Мұсылман діні шыққан кезде ел арасында көп
тараған, кейіннен ислам дінінің догмасына айналдырыл-
ған космогониялық, медидиналық және басқадай жалган
аңыз-әңгімелер, тұрпайы түсініктер — табиғаттану ғы-
лымдарының кейіннен
ашқан жаңалықтарына қарама-
қарсы келеді. Бұл жерде Шоқан Коперниктің система
сын Птолемей системасына қарсы қояды.
«Құранда» айтылғын фантастикалық және мистика-
лык пікірлерге соқыр сезіммен сенуді талап етіп, ислам-
ның догмалары «поэзияны, тарихты,
математиканы, фи-
лософияны және табиғаттану ғылымдарының бәрін
жоқка шығарады, оларды дәрменсіз, адам ақылының ал-
дануы
деп қарайды, адамның рухани қажеттігін «тек
мұсылмандық схоластика және казуистикамен» қана-
ғаттандырмақ болады.
Қожа-молдалардың зиянды іс-әрекеттерінің салда-
рынан Орта Азия халықтарының зиялылары бұрынғы-
дай «өлең мен мемуар жазбайды,
өздерінің ата-бабала-
ры жасаған астрономиялық кестелерді де ұмытып ба-
рады, оның есесіне күн сайын тобырланып мешітке
барғыштайды». Бұл фанатизмге итермелей береді.
Діни-схоластикалық тәрбие адамды «өзінде ешбір
шындық ой жоқ», «ешкім нанғысыз фантастика мен өлі
схоластикадан» басқа
ешбір іс-әрекетке жетелемейді,
енжар етеді, оның санасын уландырады, ойлау қабіле-
тін шырмайды, ғылым мен білімге дұшпан көзімен ка
рай, ислам білімінен басқа білімнің бәріне,
мұсылман
дінінен басқа діндердің бәріне лағнет айтады»1,— дейді
Шокан.
Шокан ислам дінінін, надандық ыкпалы тек қазақ-
тарға ғана тиіп қоймай, бүкіл Орта Азия елдерінің бір
кездегі үлкен мәдениетін өте
төмендетіп жібергенін бір-
неше рет қынжыла сөз етеді. Өзінің «Жоңғар очеркте-
рінде»: «...қазіргі кездегі Орта Азия өзінің қоғамдық
құрылысы жөнінен қайғырарлық кұбылысты елестете-
ді, дамудың паталогиялық бір дағдарысына ұшырап
отыр.
Ескі жұртта қалған су құбырлар, каналдар мен
құдықтар тым -көп-ақ. Барлық жер талқандалған қала-
Достарыңызбен бөлісу: