мандық оқу орнында дағдыға айналған, шәкірттерді
таяққа жығып, қиянат көрсетіп, қатты қорлаған.
Шоқан ислам дінінің, дін иелерінің қазақ әйелдері-
не, әсіресе жас қыздардың өміріне жасап отырған зұ-
лымдық іс-әрекетін де әшкерелейді. Мұсылмандыққа се-
нушілік басым жерлерде неке қидыру және неке бұз-
дыру дәстүрі бар, мұны іске асырушылар — молдалар
мен қожалар. Олар құранға, шариғатқа сүйеніп көп
әйел алуды, кәмелетке толмаған жас қыздарды неке-
лендіруді қостаған, әйелдің еркімен ешбір санастыр-
маған.
Қазақтардың дөрекі әдеті — қыздарын ерге жас ке-
зінен, көбінесе олардың ырқынсыз ұзатуы ғой дейміз.
Қазақтар кейде бесіктегі нәрестесіне құда түсіп, «үкі та-
ғады», бұл аянышты жағдайды дінге қостатады. Қазақ
даласындағы әлеуметтік әділетсіздіктің бір. түрі — әйел
теңдігінің жоқтығы екенін қынжыла, қинала сөз ете ке-
ліп Шоқан: «Біздің қырда көбіне молдалық міндет ат-
қарып отырған татарлардың рахымсыздық, білімсізді-
гін және қандайда болмасын ультраклерикалдық бағыт-
тың халықтыд әлеуметтік дамуына тигізетін жат әсерін
ескере отырып, молданың ықпалын әлсірету және діни
фанатизмді қалыпқа келтіру үшін, әрі халықтың тала-
бын орындау мақсатпен неке және некеден ажырау ісін
бұрынғыдай би сотының билігіне берген жөн»1,— дейді.
Шоқанның әйелдерді ислам дінінің фанатизмінен,
молдалар мен қожалардың зұлымдықтарынан құтқару-
ды талап етуі құптарлық іс, алайда әйелдерді дін иеле-
рінің ықпалынан кұтқарып, олардың тағдырын билерге
тапсырғаннан феодалдық-патриархалдық қоғамда әйел-
дердің әлеуметтік жағдайынық өзгермейтінін ағартушы
аңғара қоймайды. Мысалы, Еңлік пен Кебектің тағды-
рын шешуде Кеңгірбай бидің үкімі ешбір қожа-молда-
ның зұлымдығынан кем емес қой!
Шоқан өз шығармаларында Қазақстан Россияға қо-
сылғаннан соң, патша үкіметі дінді отарлаудың рухани
құралына айналдыру үшін әрқилы саясат ұстағанын,
әр түрлі айла-тәсіл жүргізгенін батыл түрде талдайды.
Ағартушының пікірін жүйелей айтсақ, ГТатша өкіметі
дін жөнінде үш бағытта саясат ұстады: біріншіден, ха-
лықты ақ патшаның ықпалына көндіру үшін ислам ді-
нін, оның фанатизмін тікелей пайдалану, екіншіден,( қа-
Достарыңызбен бөлісу: