ISBN 5 -615-01)015 5
© «ҚАЗАҚСТАН» БАСПАСЫ, 1988.
КІРІСПЕ
Қазір «XIX ғасырдың екінші жартысындағы үш
алып» деген сөз тіркесі қалыптасып келеді. Ол алыптар
осы ғасырдың орта кезінде, айналасы он жыл ішінде
дүниеге келген ІПоқан Уәлиханов (1835), Ыбырай Ал-
тынсарин (1841), Абай Құнанбаев (1845). Бірақ бұл
теңеуден оларды құлазыған қу далада өскен жеке бәй-
теректер екен деген ой тумаса керек. Бұлардың үшеуі
де қазақ халқының сол кездегі экономикалық, әлеумет-
тік-саяси және мәдени болмысының перзенттері. Сол
кездегі ағартушылық, демократиялық қозғалыс пен да-
мудың нәтижесі. Мұндай құбылыс барлық мәдениетті
елдерге де тән. Сондықтан да үшеуінің басқалардан
ерекшеленіп, «алыптар тобы» аталуы ақиқатқа да, әді-
леттілік пен адамгершілікке де сай келеді.
XIX ғасырда Москва мен Петербургте, Қазан мен
Омскіде оқыған, жоғары білімді қазақтар біраз болған
десек, ал бұл үшеуі солардың ең биік шыңдары. Олар
қазақ өміріндегі жеке бір қоғамдық мәселелерді, кең
байтақ қазақ жеріндегі «өз өлкесі» туралы ғана емес,
бүкіл қазақ халқының қамын, келешегін, елдігін ойла-
ған. «Қалың елін, қазағын, қайран жұртын» алдыңғы
қатарлы елдердің қатарына қосудың соқпақтарын, жол-
дарын «шиыршық атып, толғана» іздестірген.
Өмірге бір-біріне қарайлас келе тұрып, тағдыр жол-
дары тоғыспаған үш алып бірін-бірі тікелей танып, бет-
пе-бет көрмеген. Сөйте тұра, бұл ірі үш тұлғаның өмір
жолдары мен дүниетанымында, өз елінің өткені мен кет-
кені, қазіргісі мен келешегі, тағдыры мен талабы жө-
ніндегі пікірлері, күрес тәсілдері мен жан күйініштерін-
де әрқайсысының тек өзіне ғана тән қайталанбас ерек-
шеліктері мен ортақ ұқсастықтары бар.
Бұл үш ұлы ағартушы туралы жеке жазылған еңбек-
тер көп. Алайда олардың дін туралы ойларын қарастыр-
ған еңбектер көп емес. Сондықтан да осы шағын
кітапта үш кемеңгердің өмірбаянына, іс-әрекет ету жол-
ддрындағы, әсіресе олардың өсіп, ержетіп, ортақ заңды-
3
лықтардан
туған азаматтык.
қалыптасу ұқсастық-
тарына қысқаша шолу жасай отырып, ойымыздың
негізгі арнасында — олардың әрқайсысының дінге көз-
қарасына, дін жөніндегі пікірлерінін, ерекшеліктеріне
тоқталмақпыз.
Үшеуі де үстем таптан шыққан. Шоқан хан тұқымы,
атақты Абылай ханның шөбересі. Ыбьірай болса, шека-
ра комиссиясында старшина болған белгілі Балғожа
бидің немересі. Абай «қарадан хан болған» Қарқаралы
округінің аға сұлтаны Құнанбай қажының баласы, арғы
атасы Өскенбай би. Бұлардың үшеуі де үстем таптан
шыққанына қарамастан^ өмірді терең таныған, тап ту-
ралы түсініктері болмаса да, езуші мен езілушінің ара-
қатынасын анық аңғарған қоғам қайраткерлері. Бұл
құбылыс маркстік-лениндік ілімнің үстем таптың кейбір
білгір, көреген, прогресшіл өкілдері қалың бұқараның
қамын ойлай алады, еңбекшілердің мүдде мақсаттарын
қорғай біледі, сонық үшін адал күресе алады деген қа-
ғидасының қазақ даласындағы көрінісі.
Үшеуі де бала кезінде мектеп көрген, алғашында
ауылда араб әрпімен қазақша хат таныған, сол кезде
ислам дінінің негізгі догмаларымен танысқан. Ә. Мар-
ғұланның айтуынша, Шоқан араб, парсы тілдерін б и
ген. Кейіннен кадет корпусын бітіріп, Семенов-Тянь-
Шанскийдің ықпалымен Петербор университетінде лек-
циялар тыңдаған. Ыбырай шекара комиссиясының қазак
балалары үшін ашылған мектебінде оқыған. Қазан уни-
верситетінің мұғалімдерінен ұстаздық көрген. Абай
болса, ауылда хат танып, кейіннен медреседе оқыған.
Үшеуінің де оқығанынан тоқығаны көп, негізгі білімді
жеке іздену арқылы алған.
Үшеуі де сәби кезінен өздерінің рухани даму, өсу са-
тыларында «кір жуып, кіндік кескен жері»— қазақ елінің
өте бай ауыз әдебиетін (алуан түрлі ертегілер, ба-
тырлық және лирикалық эпостар, шешендік сөздер, дәс-
түр жырлар, сан-алуан айтыстар, өтірік өлең, жұмбақ,
жаңылтпаш, т. б.), өздерінен бұрынғы халық ақында-
рын, серілерді, әншілер мен композиторларды, қазақтың
тарихын, нанымын, дінін, мәдениетін жақсы білген, зерт-
теген, жинаған.
Үшеуі де қала өмірімен тығыз таныс. Шоқан Омскі
мен Петербургте, Ыбырай Орынбор мен Қазанда, Абай
Семейде оқып, өмір сүрді. Дала перзенттеріне қала өмі-
рі, оның өндірісі, мәдениеті мен тұрмысы, кітапханалары
4
ерекше эсер еткен. Соңымен қатар үшеуі де Шығыс ха-
лықтарының әдебиетінен, ғылымынан, мәдениетінен ру-
хани қорек алған. Олар араб, парсы, азербайжан, өз-
бек, ұйғыр, татар халықтарының өмірі, тарихымен
танысқан, әсіресе Шығыстың ақындарын сүйсіне оқыған.
Олардың рухани дамуының ең биік те нәтижелі ке-
зеңі — үшеуінің де Россиянин, алдыңғы қатарлы про-
гресшіл интеллигендиясымен, мәдениетімен танысулары
барысында, солар арқылы Европа елдерінің рухани өне-
рімен де ұштасуларынан бастау алды. Шоқан орыстың
ұлы жазушысы Ф. М. Достоевский, ғалымдары П. П. Се-
менов-Тянь-Шанский, Г Н. Потанин, Н. М. Ядринцев-
термен және де Сібірге айдалып келген декабристермен
сырлас, дос болды. Ыбырай Шығыс зерттеушісі В. Гри-
горьевтен сабақ алды. К. Д. Ушинский мен Л. Н. Тол-
стойлардың педагогикалық қағидаларынан жастарды
тәрбиелеудің үлгісін үйренді. Абайдың Е. П. Михаэлнс,
Н. Н. Долгополов сияқты орыстың халықшыл интелли-
генциясынан шыққан адал достары болды. Үшеуі де
орыс тілін жетік білді, орыс әдебиетін көп оқыды, мә-
дениетімен кең танысты. Абай жастау кезінде Шығыс
мәдениетіне көбірек үміт артса, есейе келе барлық ынта
жігері, ықыласы орыс әдебиетіне, ғылымына, мәдениеті-
не ауысты. Абай сөзімен айтқанда, «Шығысы Батыс
болды».
Өмірлік күрес, рухани өсу жолында осы үш кемең-
гер рулық, феодалдық-патриархалдык, казақ даласына
біртіндеп кіре бастаған ақша мен товарлық қатынастар-
дың куәгері болды, осы жайдың бәрін де көзбен көріп,
қолмен ұстады. Сонымен қатар осы дәуірдің қазақ да-
ласындағы рухани бейнесін жете білдГ)
Сонда осы үш данышпанның рухани даму, іздену,
елінің коғамдық өмірін зерттеу сапарларында ең жоға-
ры көтерілген биіктері не?— деген заңды сұрак туары
анық.
Біздіңше, үшеуінің де ұлылығының, алыптығының
ең үлкен көрінісі, творчестволарының биік шыңы — ру-
лық санадан халыктық санаға көтерілуі, халықтық са-
наны дамытып, одан ұлттық сананың өсуіне, дамуына
ұйытқы, мәйек болғандығь^
Рулық сана дегеніміз не? Шоқан, Ыбырай, Абайлар
өмір сүрген кезде көшпелі елдің тұрмыс-салтында ру-
дың жігі әлі толық бұзыла қойған жоқ еді. Тіршіліктің
негізі — жер ру меншігі еді. Көшпелі елдің екі жолау-
5
шысы кездесе кетсе, сәлемі: «Мал-жан аман ба?» болса,
бірінші сұрағы: «Руың кім?»— болатын. Ол кезде кез-
келген қазақтың тұрағы, паспорты, демек, жеке басы-
ның куәлігі — оның руы болды. Әрбір саналы адам кем
дегенде жеті атасына дейін білуге міндетті еді. Әркім
өз руын мақтан ететін, қиналғанда руының, атақты
адамдарының аруағына сиынатын. «У жесең де руыңмен
бол!» деп, әр адам өз тайпасымен бірге болуға тырыса-
тын, әр ру өз руын жақсы ру деп мақтанатын. Бұл ру-
шылдықтың күнделікті тұрмыс қажеттігінен туған жа-
ғымды жақтары болса, сонан соң ру-ру болып бірімен-
бірі алысатын, бірін-бірі шабатын, барымталайтын
келеңсіз сипаты тағы болды. Бұдан келіп ел арасы «ал-
ты бақан, ала ауыздыққа» тіреліп, халық ру-ру, жақ-
жақ болып елдіктің, тұтастықтың кейпі қашатын.
Сол кездегі рулық сананың зардабын Абай сөздері-
мен айтсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |