«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет53/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай

«Фзули, Шамси, Сайхали,
Ыауаи, Саадн, Фирдоуси,
Хожа Хафиз — бу һәммәси
Мәдет бер я шағңри фэрияд»,—
деп дүние жүзі мәдениетінен үлкен орын алатын шы- 
ғыстың ойшыл ақындарына сиынады, солардың еңбек- 
теріне, әдеби мұраларына табынады.
Ерте кезден-ақ Абай бүкіл Шығыс ақындарынан «өз 
ақындарын» таба білген, ал кәмелетке жеткен шақта 
олардың әдеби мұрасын діни сарыннан, діни түсінік- 
терден арши, арылта пайдаланған.
Абай дүниетанымының бір ерекшелігі — ол бүкіл 
адамзат мәдениетінен үйреніп өнеге алған, ұлттық, мұ- 
сылмандық тар шедберде қалып қоймаған. Академик 
М. Әуезов айтқандай, Абай өзін «шығыс адамы едім», 
«мұсылман едім» деп дін тұсауына бағындырмаған. 
Оқуға, үйренуге келгенде Абайға Низами меи Науаи да, 
Пушкин мен Толстой да, Сократ пен Аристотель де, 
Фзули мен Батыр да,— бәрі бірдей. Абай бұлардың бірі 
мұсылман, екіншісі христиан, үшіншісі буддашы екен 
деп. бөле қарап, діни мән беріп жатпаған. Демек, дін 
иелерінің және қаһарлы әкесінің уағыздарына қарамас- 
тан, Абай мұсылмандықтың құлы бола алмаған.
Абай 1890 жылы жазған «Бірінші сөзінде» өткен өмі- 
ріне шолу жасап, күнінің айтыс пен тартыста, әуреші- 
лік пен қорлықта өткеніне өкініп, «Ал енді қалған өмі- 
рімізді қайтып, не қылып өткіземіз?»— деп толғанады.
71


Бұл кездегі Абай әкім болып, ел бағудан да, софылық 
қылып, дін бағудан да бас тартады.
Міне, осы кезең Абай өмірі мен творчествосының, 
жалпы дүниеге көзқарасының, оның ішінде дін туралы 
түсініктерінің де қалыптасуындағы шешуші, асуы қиын, 
асқар бел еді. Осы уақыттан бастап Абай біржола поэ- 
зияға бет бұрады, ғылымға шомады, орыс, батыс жа- 
зушыларының кітаптарын көп оқып, өз бетімен білім 
алып, өзінше ізденеді.
Абайдың, әсіресе көп оқыған әдебиеті, көп үЯренген 
мәдениеті — орыс әдебиеті мен мәдениеті болды. Бірақ 
біз бұл жерде орыс мәдениетінің Абай творчествосында- 
ғы орны мен ықпалына емес, оның атеистік түсінікте- 
рінің қалыптасуына игі эсер еткея жағдайларға тоқта- 
лалық.
‘Феодализмге және оның негізгі уағыздаушьтлары — 
дін иелеріне қарсы шығу, олармен күрес жүргізу — 
орыстын, бұқарашыл жазушыларына, әсіресе револю- 
цияшыл-демократтарына тән әлеуметтік көзқарастан 
туған қоғамдық қозғалыс. екені белгілі. Абайдық әлеу- 
меттік-саяси және дін туралы көзқарастарының негізгі 
бағыты да — феодализмге және клёрикализмге қарсы 
бағытта болды.
Абайдың дүние тануы мен қоғамдық көзқарасының 
қалыптасуына ағартушының орыс достарымен қатар, 
өзінің оқыған ағасы Халиулла Өскенбаев та көп эсер 
етті. Халиулла да Шоқан сияқты Омскінің кадет корпу- 
сында оқыған. 1877—1878 жылдары орыс-түрік соғы- 
сына қатысқан. Абайды орыс классикалық әдебиетімен 
алғаш таныстырушылардың бірі — осы ағасы болды. 
Шоқанның досы, профессор Г Н. Потанин өзінің қазақ 
елін аралаған бір сапарында осы Халиулла туралы ел- 
ден естіген-білгендерін еске алып, былай деген: «Мне 
рассказывали об одном киргизском султане (уже умер­
шем Ускенбаева), который кончил курс в Омском кадет­
ском корпусе и потом жил на родине в степи около Се­
мипалатинска, что он любил вечерами рассказывать 
своим землякам содержание русских повестей и романов, 
и киргизы с таким интересом его слушали, что просили 
записать его свои рассказы. Таким образом, получались 
тетради, написанные по-киргизски и содержащие в себе 
вольный перевод произведений Тургенева, Лермонтова, 
Толстого и др. Иногда во время этих литературных ве­
черов в юрте киргизы пускались в суждения, и тогда,
72


как рассказывал очевидец, можно было слышать, как 
Ускенбаев пользовался русскими авторитетами: «По­
слушайте, а вот что об этом говорит известный русский 
критик Белинский», или «Вот какого мнения об этом 
был русский критик Добролюбов!»1
Орыстың революцияшыл-демократтарындай, дүние- 
танымы жауынгер атеизм дәрежесіне көтеріле алмаса 
да, өзінің дін туралы түсініктерінің қалыптасуының ба- 
рысында Абай орыс жазушыларынан көп үйренді, олар- 
дың антиклерикалдық бағытын қабылдады. Мысалға 
Ю. М. Лермонтовтан аударылған «Күнді уақыт итеріп» 
деген өлеңдегі мына екі шумақты алайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет