«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет56/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай


Қунанбаев Л.
Шығармалары. 2-том. 170-бет.
77


ызалы жүрек, улы спя, аіцы тілмен баяидайды. «Мен 
өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін, әншейін осылар- 
дың ызасынан ба яки бөтен бір себептен бе? Еш біл- 
меймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашу- 
лансам, ызалана алмаймын. Күлсем, куана алмай- 
мын»,— деп өз халқының өзге халықта мешеулігіне 
шерлснеді, үстем таптың адамгершілігінің азғанына, 
онысымен қоймай, олардың еңбекші бұқараны аздыруға 
тырысып отырғанына шиыршық ата қиналады.
Бірақ ойшыл ақын ыза қуып торықпайды, қайғы 
қуып пессимизмге түспейді, ол өз халкынан үміт күте- 
ді. Оған бағыт сілтеп, жол көрсетеді. Абайдың үміті — 
жас ұрпақ. Сондықтан да сол ұрпаққа арнап өзінің 
«Ғақлиясын» және «Ғылым таппай мақтанба», «Интер- 
натта оқып жүр», «Сегіз аяқ» сияқты көптеген шығар- 
маларын жазады, жас ұрпақты тәрбиелеу жөнінде өзі- 
нің ойын ұсынады.
Абайдың ұрпаққа көрсететін жолы — адамгершілік 
жолы. Сол себепті ақын өзінің көптеген шығармасына 
«Адам бол» деген этикалық принципті арқау етеді.
Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. 
Ойшыл ақынның түсінігінде «Адам — ақылдылық пен 
еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат 
пен адалдықтың жиынтығы. Тек осы қасиеттерді бойы- 
на толық сіқірген кісі ғана нағыз адам.
Адам жөніндегі патриархалдық-феодалдық түсінік- 
ті, діни түсінікті, Абай түсінігі мен марксистік түсінікті 
бір-бірінен мұқият ажырата білу қажет.
Адам жөніндегі Абайдың түсінігі патриархалдық- 
феодалдық және діни түсініктерге қарама-қарсы қойы- 
лады. Патриархалдық «феодалдық түсініктегі нағыз 
адам — ру басқарып, мал таба алатып, сауда жайын 
білетін амалшы, айлашы адам, «өзінде жоқ болса, әке- 
сін де жаг» санайтын тасбауыр, «мал тапқан ердің жа- 
зығы жоқ» дейтін жылпос, «қарны ашса, қаралы үйіне 
шабатын» қайырымсыз, «кісі ақылымен бай болғанша, 
өз ақылыңмен жарлы бол» дейтін тоғышар, «окымады 
демесе болаттағы, тілімнің келмегені қайтушы еді» дей- 
тін топас адам, Абай сөзімен айтқанда, «патриархал- 
дық-феодалдық түсініктегі адам» бай десін, батыр де- 
сін, ку десін, пысык десін», бір сөзбен айтқапда, «деме- 
сін демесіп, десін дейтіндер».
Діни түсініктегі нағыз адам — кұдайға құлшылык
78


етіп күніне бес рет намаз окитын: жылына бір ай бойы 
аш жүріп, ораза ұстайтын, мешіттің, дін иелерінің қа- 
мын ойлап, зекет-ұшырын үзбей беретін, қажыға барып, 
Мекенің қара тасына табынатын, мұсылманнан баска 
халықтарды «кәпір» деп жау санап, дін үшін күресте 
«шәйіт» болуға әзір тұратын,— қысқаша айтқанда, ис- 
ламның бес парызын бұлжытпай орындайтын адам.
Енді Абайға келсек — ол адам жөніндегі патриар- 
халдык-феодалдық түсінікті де, діни түсінікті де бекер- 
ге шығарады. Бірақ Абайдың теріске шығаруы ағарту- 
шылық-демократиялық тұрғыдан болып келеді. Бұл 
Абайдың адам туралы түсінігінің маркстік түсініктен 
көп айырмашылығы бар деген сөз. Абай түсінігі — ағар- 
тушылық-демократиялық түсінік. Абайдық Адам тура­
лы теориясы — Адам табиғатын гуманистік тұрғыдан 
түсінудің, түсіндірудің бір көрінісі.
Абай тек мұсылман дінімен ғана емес, орыс жазушы- 
ларының еңбектері аркылы христиан дінімен де, Шы- 
ғыс жазушыларының еңбектері арқылы буддизммен де 
таныс болған. Әр түрлі діннен толық хабардар болған- 
дықтан, ол дін мәселесіне өз заманындағы ғылыми тү- 
сінік тұрғысынан қарауға ұмтылып, қазақ сахарасында 
бір кезде шаманизмнің басым болғандығын, ислам ді- 
нін Таяу және Орта Шығыс пен Қазақстан жеріне араб 
басқыншылары таратқанын дәлелдейді. «Біраз сөз қа- 
зақтың қайдан шыққаны туралы» деген мақаласында: 
«Арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретушілер 
көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүр- 
гендерінде, Құтайба атты кісі Қашкарға дейін келіп, 
халыкты нсламға көндіргенде, бұларда (казақтар да) 
мұсьілман болдық депті.. Сөйтсе де бұрыннан баксы- 
балгерге иланып, отқа, шыракка табынатын әдеттерімен 
исламға тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала-пұла 
хат таныған кісі болса, оны «абыз» дёйді екен. Ол 
«абыз», демек әуелде шаман дініндегілердің өз молда- 
сына қоятын аты екен. Дүниеде не нәрсенің есебіне көзі 
жетпесе, сол нәрсені құдай қылып тұр деп, дін тұтына- 
тұғын әдеттердің сарқынын біз де кей жерде көргеніміз 
бар. Келін түскенде үлкен үйдің отына май құйып: 
«От-ана, май-ана, жарылқа» дегізіп бас ұрғызған секіл- 
ді. «Өлген аруаққа арнадық» деп шырақ жаққан секіл- 
ді, Жазғытұрым әуелі күн күркірегенде, қатындар шө- 
мішпен үйдің сыртынан ұрып, «сүт көп, көмір аз» деген
79


секілді. Бұған ұқсаған көп ед і» '— деп ислам дінін араб- 
тар Орта Азияға әскер күшімен таратқанын, сондықтан 
да қазақтар ислам дінін тез үйреніп кете алмағанды- 
ғын, ал шаманизмнің қалдығы кейінгі кезге дейін созы- 
лып келгендігін айтады.
Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан халықта- 
рына таратылуының бірінші себебі — араб басқыншы- 
ларының әскери күші болса, екіншіден, ол дінді халық- 
тың қабылдауы — оның қараңғылығынан, білімі жоқты- 
ғынан болған деп түсіндіреді Абай. «Ислам діні бұрынғы 
ата-бабаларды ұмыттырып, діндестерді жақып көрсет- 
кендіктен, әрі артқы жағы хабарсыз қарақғылыкта қал- 
ғандықтан болған іс»2
Бұл айтқандардан ислам дінінің қазақ даласында 
қалай тарағандығы туралы және жалпы діннің бәрі де 
адам «не нәрсенің есебіне (мәніне, маңызына) көзі жет- 
песе, сол нәрсені құдай қылып тұр» деген қате түсінік- 
тен туғандығы туралы бірталай ғылыми болжау айт- 
қанына қарамастан, Абай діннің, оның ішінде ислам ді- 
нінің де үстем таптың идеологиялық құралы екендігін 
айқын түсіне алмаған.
Діннің қазақ даласында қалай тарағандығын ғана 
айтып қоймай, ойшыл ақын ислам дінінің — бұл дүние 
өмірдің тек болымсыз көлеңкесі, шын мәніндегі рахат 
өмір о дүниеде, ақіретте басталады,— деген діни догма­
та ешбір сенбейді және осындай діни догмаларды тара- 
тып, халықтың миын ашытып, басын қатырушы дін ие- 
лерін — имамдар мен ишандарды, молдалар мен фана- 
тиктерді, діни әдет-ғұрыпты аяусыз шенейді.
Ақын пікірінше, адамның ең үлкен парызы, міндеті 
қажыға бару емес, адамгершілігі мол адам болу. Сон- 
дықтан да ол кезде көгі тараған, еріккен банлардың 
серуені — қажыға бару дәстүрін сөгеді. Қажыға бару- 
дың бірінен-бірі кем түспейтін екі түрлі зымиян мақса- 
ты бар. Біріншіден, кажыға барушы халық алдында 
асқан кұдайшыл, «дүние жолындағы адам емес, кұдай 
жолындағы адам» болып көрінуді көздейді. Екіншіден
қайтып келген соң еңбекші халыққа бұрынғы «байекең» 
деген атымен емес, «әулие қажекең» деген атымен ма- 
сыл болу. Оның үстіне қажыға бару көп қаражат керек 
етеді. «Дүние жолын тастап, кұдай жолына түскелі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет