жөнінде, екеуінде де белгілі бір адамдардың есімдері
аталады. Мысалы, «Естеліктердегі»: «Аристодем»1. Есть
ли такие люди, мудросте которых ты удивляешься? «Ко
нечно»,— ответил тот.—«Так назови мне их по име
нам»,— сказал Сократ.—«В поэмах я найболее удив
ляюсь Гомеру»,— отвечал Аристодем, «в диферамбах
Меланиипиду, в
трагедии Софоклу, в ваянии Поликли-
ту, в живописи Зекису»2,— деген әңгімені Абай: «Эй,
Аристодем, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, кылған
өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты?»— дейді.
«Ол айтты:
— Толып жатыр, қазірет.
—
Бірініц атын аташы,— дейді.
— Гомерге бәйітшілігі
(ақындыгы)
себепті, Со-
фоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына түс-
пектік, Зевкиске суретшілігі себепті таңырқаймын,—
деп соған ұқсаған неше
онан басқа өнерлері әшкере
болған жандарды айтты»3,— деп аттары онша әйгілі
емес Меланиппид пен Поликлитті атамай, Сократ әңгі-
месінің
мазмұнын дәлге жуық береді, оның әңгімелесу
тәсілін сақтайды.
Құдайдың бар екендігіне күмәнданасың, сондыктан
да оны шын ықыласпен қошеметтемейсің деп Сократтың
таққан кінәсіне Аристодемнің: «Сократ! Я не отвергаю
высшего
существа, но я считаю его слишком великим
для того, чтобы нуждаться в моем предрасположе
нии»4,— деп берген жауабын Абай: «Ол құдайдын ұлық-
тығына іңкәрім жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің
құлшылығыма не қылып мұқтаж болады»5,— деп Арис-
тодемнің жауабын кесімдірек түйеді.
Сократтың
кейбір ойларына, ұғымдарына сын көз-
бен қарап, оның «гармония мира», «прекрасный поря
док» сияқты идеалистік түсініктерін «жарастыкты зако-
нымен жаратылғаи», «себепті байланыс» секілді түп
нұсқада жоқ жаңа ұғымдармен ауыстырады. Біз казір
Достарыңызбен бөлісу: