216
көңіл
-
күй, сезім, сурет, көрініс өмір бейнесін жасап, адамның
эмоциялық қабылдауына түрткі болады. Қаламгер
Ақселеу
Сейдімбек «Күй шежіре» [3] атты кітабында «Қазақта неше мың
күй болса, оның қосарлана айтылатын соншама аңыз
-
әңгімесі
бар» деген еді. Жазушы күй өнерінің туу мен аңыздарды
күнделікті
тұрмыс
-
тіршілікпен,
тарихи
оқиғалармен
сабақтастырып қарастырды. Дәулескер күйші болған Ақселеу
Сланұлы жарты өмірін қазақтың тарихына, ұлтымыздың рухани
құндылығы
боп табылатын күй өнеріне арнады. Әсіресе, күйдің
шығу тарихы мен күй аспаптары туралы біраз деректер ұсынды.
Бір сұхбатында жазушы былай деп пікір айтады: «...«Ұлы
Дала», «Көшпелілер өркениеті», «Көшпелілердің төлтума
мәдениеті» деген санаттық (категориялық) ұғымдар қалыптасу
үшін, оны елдік жетістік ретінде санамызға орнықтыру үшін 60
-
70-
80 жылдарда көрінген шығармашыл буын айырықша еңбек
етті. Сол буын сапында болғанымды мақтан етемін. Мен тұңғыш
рет қазақтың ғажайып мұрасы
–
қара өлең нұсқаларын жинап
,
оның поэтикасы мен жанрлық сипатын саралаған монография
жарияладым («Мың бір маржан»). Қазақтың рухани
мәдениетіндегі ерекше құбылыс музыкасы болса, бүкіл саналы
өмірімді
күй өнерін зерттеуге, күйші
-
композиторлар өмірбаянын
анықтауға, күй аңыздарын жинауға
арнап келемін. Күй өнері
туралы екі томдық монографиям («Күй шежіре»
–
екі кітап)
жарық көрді. Өзім қобыз, домбыра, сыбызғы, мандолина
тартамын».
Достарыңызбен бөлісу: