«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет110/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Көрнекі оқыту әдісі. 
Ақселеу Сейдімбек еңбектерін оқытуда 
қажетті әдістердің бірі. Ғалым жинақтаған күйлер мен олардың 
тарихы туралы бейнебаяндарды көріп шығу
-
балалардың 
дамуына елеулі үле қосары сөзсіз.
 
Педагог
-
психологтардың 
пікірінше, оқушы қабылдайтын білімнің тиімділігіне көрнекі 
әдістің тигізетін ықпалы зор. Себебі, қабылдаудың басты 
жолдарының бірі ретінде көру, тыңдау арқылы қабылдау 
оқушының материалды меңгеруіне үлкен ықпал етеді. Әрине, бұл 
фильмдердегі идеялық бағыт немесе ақпарат құрылымы 
мектептегі әдебиет сабақтарымен бүтіндей үндесе бермеуі заңды. 
Әйткенмен қажетті жерін мақсатқа сәйкес пайдалану 
мүмкіндіктері зор.
Арнайы фильмнің үзіндісін қиюға арналған 
компьютерлік бағдарламалардың көмегімен сабақ мақсатына 
лайықты қолданған тиімді. Сондай
-
ақ күй тарихында жазылған 
күйлер тарихымен танысып қана қоймай, күйлер жазылған 
аудиодискілерді пайдалану да маңызды. 
Көрнекі құралдармен оқыту, баланың таланты төмен болса да 
түсінуге жол ашатын құралдардың бірі. А. Макаренко: 
«Талантсыз балалалар жайлы әңгіме көп, бірақ талантсыз 
педагогтар туралы неге айтпаймыз?» [5] дегенде осыны меңзеген 
болса керек.
Қорытынды.
 
Практикалық
оқыту әдісіне
мәтінмен жұмыс, 
кітаппен жұмыс, ауызша жаттығу жұмыстары, жазбаша жаттығу. 
Саралау, топтау жинақтау жұмыстары, шығармашылық жазба 
жұмыстары, аннотация, шығарма, ой толғау, рецензия, баяндама 
т.б. жұмыстарды жазу жатады. Бүгінде оқушыны өздігінен білім 
алуға бағыттау үрдісі басымдылық танытып отырған тұста 
практикалық әдістерді белсенді жүргізу қажеттігі арта түседі.
Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихын оқыту, баланың 
мемлекет тарихына деген көзқарасы мен жер
-
су атауларына 
байланысты пайымды пікірлерді өздігінен оқуы, азаматтық 


222 
көзқарасы қалыптасқан, ел болашағы туралы ойлай алатын ұрпақ 
қалыптастыруда үлкен рөл атқарары сөзсіз. 
Болашақта
ұстаздар жаңартылған білім мазмұнындағы әдіс
-
тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, жаңа заманның 
оқушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие береді деген 
ойдамын.
ӘДЕБИЕТТЕР

1.
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. 
– 
Алматы: Рауан,1997.
2.
Педагогикалық ізденіс. 
– 
Алматы: Рауан, 1990.
3.
Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Монография. Астана: Күлтегін, 
2002.
4.
Сейдімбек А. Тауға біткен жалбыз.
– 
Алматы, «Жалын» баспасы, 
1979. 
5.
Макаренко А. С. Сочинения / Собр. соч.: в 1 Т. 
– 
Москва, 1986. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет