Негізгі бөлім.
Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?
Ғалым
М.Әуезов: «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, ең шешуші
мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын
ойлап, күңіренген қария
–
Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе,
шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі
туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын
болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді.
Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі
көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз
210
айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не
көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады»,
–
дейді [4].
Ғалымның
осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының
идеялық
-
көркемдік мәні терең ашылған.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі
ғұлама
Шәкәрім де ден қойған. Ол «Ескі ақындық» деген
өлеңінде
халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын
аса жоғары бағалаған:
Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырып салма жағы артық,
Айтады олар ойланбай,
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей
мен Марабай
Алды
-
артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландай.
Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында «терең сыр» барын
таниды. Олардың жырында «қыран құстың ұшқаны»,
«ақбөкеннің жүрісі», «жайдақ желдің желісі», «мөлдір қудың
аққаны», «жел жетпейтін құландар жүйріктігі», «адам жанының
жайма шуақ кезеңі»
–
бар
-
баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл
әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген.
Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та
«Батыр Баян» поэмасында:
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда
Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр,
– [5].
деп аса қадірлеген.
Демек, жыраулар поэзиясы
–
халқымыздың неше ғасырлық
өмірін
өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес,
өлмес
мұрамыз.
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи
оқиғаларды, оның арман
-
мұратын, кешірген ауыртпалықтарын
жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси
-
әлеуметтік тіршілігін,
211
ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен
де бағалы.
Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы.
Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да
жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.
Қазіргі
таңда Елбасымыз қолға алып, қайта жаңғыртып
отырған «Мәңгілік Ел»
–
идеясы сан ғасырлар рухының алып
күші, алтын діңгегі. Ұлт болашағын кемелдікке бастайтын
–
ғасырлар
аналардың бесік жыры. Ұлт тарихының өткені мен
бүгінін тоғыстырған киелі қадам, алтын көпір. «Мен кім?» деп
кезінде Мағжан ақын толғанған тарихи сауалға жауап беретін
–
ұлтқа
ортақ
таным. Ұлт арманы
–
әлем елдерімен терезесі тең
қатынас
құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман
–
тұрмысы бақуатты,
түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты
«Мәңгілік Ел» болу еді. Иә, сол
армандарды ақиқатқа айналды.
Сонау көне түркі әлемінен өз бастауын алатын бұл ұлы
идеология, қазақ әдебиетінің әр кезеңінде кеңінен көрініс тапқан.
Әсіресе, қазақ жыраулар поэзиясында өзіндік ерекшелігімен
дараланды.
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы
қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы
–
туған елі,
оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына
жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: «Желмая
мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер»
–
деген ақылгөй сөзі
–
сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған
жырау да «Қайран менің Еділім»
–
деп еңіреп өткен. «Еділдің
бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап»
–
деп Доспамбет
жырау армандаған, «ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты
өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан
тамағым»,
–
деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық
тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы
еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды
жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген,
керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан
майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған
әйгілі
халық батырларының ерліктерін жырлаған.
Мысалы, Тәтіқара ақын:
212
Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Мандайды
айт Қыпшақтағы.
Өзге
батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде, ер Жабайды айт,
–
деп дәріптеген [3].
Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік
жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен.
Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің
бірқалыпта тұрмайтынын («мынау жалған дүние кімдерден кейін
қалмаған
» –
Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс
пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль
мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым
алар дүниелер молшылық.
Ел ертеңіне деген оптимистік сарын «Мәңгілік ел» идеясына
бастайтын рухани серпіліс еді. Сол себепті де, әдебиеттанушы
М.Мағауин «Қазақ жыраулары 15
-18-
ғасырлар шегінде
бүкіләлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасады» деп
тебірене жазған еді [3].
Соның бір мысалы Доспамбет жырау мұралары:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым өкінбен.
Тобыршығы биік жай салып,
Дұспан аттым өкінбен,
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен.
Сөз зергері өз толғауында көшпенділер мінезіне тән дала
ерінің болмысын паш еткен. Толғауда өз атынан сөйлей келе,
далалық мәдениеттің философиясын тереңнен танытады. Отан,
туған жер, досқа деген сүйіспеншілігін, дұшпан алдындағы
қайраты
мен айбатын тілге тиек етеді. Жыраудың патриоттық
213
оптимизмге толы жалынды жырлары ұрпақтан
-
ұрпаққа таралып,
ғасырдан
-
ғасырға көшіп келеді.
Жалпы, жыраулар бедері мен беделі
–
сонау көне түркі
дәуірінен қалыптасқан үрдіс. Ол туралы М. Жолдасбеков өзінің
«Асыл арналар» деген еңбегінде былай дейді: «Түркі халқын
әдетте
хан басқарған. Ханның ордасы болған. Ордада ханмен
бірге әр уақытта ақылшы жырау тұрған»
[6]. Сондықтан, қашан
да «шер толқытқанда» сөйлеген ерлік жыршыларының асыл
сөздері тарихымыздың әр кезеңінде зор бағаға
ие болса, оның түп
қазығы
бабалар салған сара жолдың негізінде жатса керек.
Сондай
-
ақ, жыраулар шығармаларында әміршіге тікелей
арнау да, мадақ өлеңдер де, болмыс туралы философиялық
толғаныстар да, ізгілік пен зұлымдық, жақсы мен жаман, достық
пен дұшпандық туралы толғаулар молынан. Жыраулар өз
туындыларын, толғауларын кейінгі ұрпақтарына мәңгілік мұра
етіп қалдыру жолында көркемдігі жоғары поэзия тілімен,
таптырмас теңеулер, жарқын метафоралар, синтаксистік және
психологиялық параллельдер арқылы баяндаған. Бұл
туындылардың Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп дамуына
тигізетін ықпалы орасан зор деп білемін.
Жыраулар поэзиясын оқыту арқылы ұлтық құндылықтарды
орынды қолдана отырып, келешек ұрпақ бойында ұлттық ділдің
қалыптасуында
негіз қаланады. Олар баланың ата
-
бабалар
мұрасының маңызын дұрыс түсініп, бағалай алуына жол ашады.
Әдеби
шығармалардың тарихтың көркем шежіресі ғана емес, ең
алдымен, сол тарихты ұлт мүддесіне қарай бұрудың да негізгі
тетігі болғандығын түйсіндіру оқушының қазақ сөз өнері
тундыларының
халық тағдырымен ортақ сипаттарын тануына
тұғыр қалайды.
Жыраулар поэзиясының заман талабымен ұштастырыла
оқытылуы ғана оның болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін
артырары сөзсіз, сондықтан да қазіргі жаңа білім беру мазмұнына
жыраулар поэзиясын көбірек оқытуға назар аударылса, ұлттық
рухани құндылықтарымыз қалыптастыруда әдебиет сабағында
айтарлықтай сапалы білім нәтижесіне қол жеткізуге болады.
«Мәңгілік
Ел»
–
жалпы
қазақстандық
ортақ
шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі мәні мәңгілік
–
мақсат
-
214
мұраттарымыз бен мәдени
-
рухани құндылықтарымызға
негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың
ұлттық
идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы
қалыптастырылатын
қазақтың ұлттық мемлекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |