223
Қаламгер
1935 жылдың 15 сәуірінде ҚХР, Тарбағатай
аймағына
қарасты
Шағантоғай ауданында дүниеге келген.
Зейнолла Сәніктің
Бейсенғали Садықанұлы екеуі
құрастырған
Қабанбай туралы тұңғыш жинақ 1986 жылы
«Қабанбай батыр» деген атаумен 6501 таралыммен жарық көрді.
Осы кітап 1991 жылы Алматыдағы « Жазушы» бапасынан «
Қаракерей
Қабанбай» деген атпен жарық көрді. Осы еңбектің
негізінде алғаш рет Қабанбай батырдың 300 жылдығы
Талдықорғандағы Үйгентаста аталып өтті. Дарабаоз батыр
туралы елдікті, ерлікті ұлықтаған еңбек тәуелсіздікті аңсаған
елдің рухын серпілтті. Жазушы
Зейнолла Сәнік кейін өз
шығармашылығы мен көп жылғы ізденісін «Хан батыр Қабанбай
» еңбегімен толықтырды. Осы еңбегі арқылы ұлтқа ортақ тұлға,
ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісі ретінде Қабанбай бейнесін
тарих сахнасына шығарды, ұрпақ
санасында гүлдетті.
Туындыларында ұлттық тұлғаларды суреттеу негізінде тамырға
бойлау, ел тұтастығы мен ұлттық идеология арнасында тоғысуға
бағдар болды.
«Қабанбай бейнесінің жасалуы, қазақ
сахналарында
батыр бейнесінің сомдалуы
–
бәрі де автордың
назарында болған. Еліміз егемендік алған соң қазақ халқы
тарихын түгендеуге кіріссе, ақын
-
жазушыларымыз тәуелсіздік
жолында шаһид болған хандарымыз бен батырларымыз,
билеріміз бен шешендеріміздің
жарқын бейнесін сомдауға
кірісті. Бас қолбасшы туралы шағын жанрлардан бастап
Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» (1996), Зейнолла Тілеужановтың
«Қаракерей Қабанбай» (2009) тәрізді тарихи роман
-
дилогиясының жазылуы
–
осы бағытта жасалып жатқан игілікті
шаралардың көрінісі. Осылайша ұлттық әдебиет батырдың
көркем бейнесімен толықты»
[1,9].
Тұлға ұғымы туралы фиолософияда , психологияда да өзіндік
тұжырым қалыптасқан.
Тұлға
-
философиялық тұрғыда адамды
«адам»
ретінде тануға, яғни оның рухани
-
адамгершілік, ділдік,
мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Ал
психологияда тұлғаның өзіне тән күш
-
жігерін, мінез
-
құлқын,
психо
-
физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға
қоғам
мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары,
саналы қоғамдық әрекеті жан
-
жақты зерттеледі. Қоғамдық
-
гуманитарлық ғылымдар саласының қай
-
қайсында болсын адам
224
орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ
қолданып, әрқайсысы әр қырынан
зерттеп таниды және осы
ғылым
салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы
мен бір
-
біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән
танымдық
-
ұғымдық мағына сыйғызады. Қазақ әдебиетіндегі
проза, поэзия, драмада да қаламгерелер тұлға бейнесін сан
қырынан
суреттеді. «Ал Қабанбайдың көркем прозадағы
бейнесін сомдауда Зейнолла Сәніктің өз қолтаңбасы бар...
...Сәнік жинаған Қабанбайға қатысты мұраларда
Қабанбайдың өз
халқының қамқоры ғана емес, жалпы адамсүйгіштік жүрегіне,
азаматтық
келбетіне баса мән беріліп, еларалық тұлға ретінде
дәріптеледі.
»
[2].
Достарыңызбен бөлісу: