«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет109/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім.
Қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі күйді 
насихаттап, ұрпаққа мұра етіп қалдырған зерттеушінің еңбегі 
орасан зор еді. Ол күй жанрына терең бойлап, қазақтың тектілігін 
күй арқылы нақты дәлелдеп берді. Осы арқылы қаламгердің 
шығармашылығы басқа салаға кетіп, оның жан
-
жақтылығынан 
хабар берді. Жазушы бір ғана күйді жазып, күйшінің сезімін 
көрсете білді. Ауызекі өнердің бірі күй өнеріне терең енген 
жазушы өзінің жан
-
жақтылығымен оқ бойы озық тұрғанына тағы 
бір мәрте көзіміз жетті. 
Қазақтың
ұлттық оркестрі орындап жүрген, танымал
күйлердің саны 500
-
дей болса, Ақселеу Сейдімбектің күй 
аңыздары
2000-
ға жетеді. Ғалым Әдебиет және өнер 
институтында академик С.Қасқабасовпен бірге тарихпен 


217 
сабақтас бірнеше күйді дүниеге әкелді. Қазақ тарихын саралай 
келе, қазақтың күй аңыздарының болмыс
-
бітіміне халықтың 
салт
-
дәстүріне, дүниетанымына бой жүгіртті.
Осылайша, әр 
күйдің тарихпен байланысын дәлелдеп берді. Ғалым талдауында 
күйлерді:
1) Мифтік күй аңыздары
2) Әпсаналық күй аңыздары
3) Аңыздық күй аңыздары
4) Жағдаяттық күй аңыздары деген атаумен бөліп, ғылымға 
енгізген. 
Мысалы, мифтік күй аңыздарына 
– 
«Тауқұдірет», 
«Қызылқан», «Шұбар киік» және т.б. күйлердің жататыны, 
сонымен қатар, олардың мифтік санаға қатыстылығын анық 
түсіндірген. 
Әпсаналық
күй аңыздарына «Шақыру», Қорқыттың «Тарғыл 
тана», «Елім
-
ай», «Халқым
-
ай»,«Желмая» күйлері және «Қос 
мүйізді Ескендір», Асанқайғының «Зар», «Желмая», «Ел 
айырылған», «Асанқайғы сарыны», Байжігіттің «Қайың сауған» 
күйлері мен таза әпсаналық сипаттағы «Жорға аю», 
«Балжыңгер», «Ақсақ қыз», «Көк төбет» т.б. күйлерін жатқызған. 
Аңыздық күй аңыздарына 
– 
Кетбұғаның, Бейсенбі, Боғда, 
Дайрабай, Құрманғазы және т.б. күйлерін жатқызған. 
Жағдаяттық күй аңыздарына «Қыз қашқан», «Қағытпа» күйлерін 
жатқызып, тарихи дәлелдер келтірген. Әрине , қазақ халқының 
рухани құндылықтарында музыканың, әсіресе, күй өнерінің алар 
орыны ерекше. Сонымен қатар, күй 
– 
синкретті өнер. Ақселеу 
Сейдімбектің айтуы бойынша, күйшінің шеберлігі мен өмір 
дерегі, күйдің шығу себебі туралы аңыз
-
әңгімелер арқылы 
тыңдарман күйдің жанрлық түрін анықтай алады. Оны терең 
түсініп, сол арқылы жеке ырғақ
қоса алады. Тыңдаушыдан бұл 
жағдайлардың бірі де орындалмаса, күй өнерінің жанрлық 
болмысы анықталмайды. Зерттеушінің айтуынша, қазіргі таңда
тіркелген, қолда бар күйлердің саны бес мыңға жуық. Бұл 
күйлердің бәрінің аңыз
-
әңгімесі бар. Ол аңыз 

әңгімелер өрісі 
байырғы көшпелілердің, берісі қазақ халқының тарихи
-
әлеуметтік
өмірінің «жанды шежіресі» (М.О.Әуезов). Ақселеудің 
ғұламалығы, білімі арқылы күй өнері жан
-
жақты зерттелді. 
Оның ғылым докторы, профессорлықты алудағы атақ
-
дәрежесі 


218 
бір ғана күй өнеріне
қалам тербеумен ерекшеленді. «Осынау ой 
жосықтары 
музыканың 
халық 
танытқыштық, 
халық 
тәрбиелегіштік және тарихи
-
шежірешілдік қасиеттеріне мән 
беріп отыр. Демек, қазақ әндерінің төл сипатын халықтың тарихи 
болмысымен сабақтастықта қараудың мәні зор»
деп атап өтті [1, 
3]. 
Зерттеуші ән өнерінің орындаушылық үлгіде көрініс 
беретінін айтады. Сонымен қатар, әннің тарихы мен көркемдік 
бейнесі арқылы сөз етеді. «Қазақ халқының әншілік күйшілік 
өнерінде
Ғазиз, Уәйіс сияқты, Мұхаметжан, Шашубай, Дайрабай 
сияқты
бірлі
-
жарым әнімен немесе күйімен ел есінде қалған 
саңлақ өнерпаздар бар. Көп ретте осындай әнші
-
күйшілердің кім 
екеніне, қашан, қай ортада өмір сүргеніне жеткілікті мән беріліп 
те жатпайды» дейді. Тарихшы композиторлар домбыраның 
сүйемелдеуімен ән шығаруы тиіс деген пікір айтады. Себебі, 
домбыра жеңіл ырғақты, әдемі әуен ұсына алады. 
Ғалым
біраз жылдар бойы күй өнерін зерттеп, көпшілікке 
ұсынды. Ол күй өнерін тарихи, этнографиялық салада 
қарастырып, күйдің қалыптасу жолдарын әлеуметтік өмірмен 
байланыстырып саралай білді. Егемен Қазақстан газетіндегі 
«Ақселеу 
ақиқаты» 
мақаласында 
журналист
-
жазушы 
Қ.Құрманғали былай дейді: «Бертін келе Ақселеу өнердің өзекті 
мәселелерін қозғап, пікір
-
пайым, тосын да тың, жаңалығы шаш
-
етектен ұлттық күй өнерінің алтын қазынасына айналған еңбегін 
жариялады. Қазақтың күй өнері» оны теңдессіз өнертанушы 
қатарына
қосты» [4]. Сонымен қатар, зерттеуші тек қана 
музыкалық ақпарат жинақтап қана қоймай, еліміздегі 
композиторлардың өмірі мен шығармашылығына да тоқталып 
өткен
.
Қазақ
күйінің тарихы, күй мен тарихтың тығыз 
байланыстылығы зерттеушінің жазбаларында көрініс береді. 
Берік Рахымов: «Күйшінің құдіреті шертпе күйлер, ілме қағыс 
күйлер, тармақты күйлер, айтыс күйлерін тарта алумен өлшеніп, 
оның сандаған күйлерді білетіні айқындалады. Айтулы 
Ақселеудің күйшілік өнері осы өлшемдермен ерекшеленетін. 
Жалпы, сөз бен музыкалық байланысын үлкен тақырып ретінде 
алып, оның табиғи болмысын ашу екінің бірінің қолынан 


219 
келмейді. Ол үшін музыкадан хабарың болуы бір басқа, оны 
меңгерген майталмандық қана жемісті екені даусыз» дейді.
Күй атасы 
– 
Қорқыт деп айтқанымызбен, зерттеушілер күйдің 
оған дейін де болғандығын дәлелдеген. Бұл күйлердің сарыны
ертедегі Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Көк түріктер және басқа да 
тайпалар өмірінен бастау алады. Бұған мысал ретінде біз «Аққу», 
«Кеңес», «Боз айғыр», «Сары өзен», «Шұбар ат» және басқа да 
туындыларды келтіре аламыз. Өткен ғасырдың жетпісінші
-
сексенінші жылдары әр ауылда, әр мектепте домбыра оркестрі 
болатын. Қазір мұндай оркестерлер өте аз, жоқтың қасы. Бұл іс 
қайта
жаңаруы керек. Ұлтты сүю, қадірлеу бабаларымыз 
аманаттаған дәстүрден, өнерден бастау алады. Сол өнердің бір 
түрі
– 
күй өнері. Мұхтар Әуезов: «Жалпы музыка атаулы нәрсе 
елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін 
болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы 
– 
күй» 
деген болатын.
Күйге бұл бағадан артық баға бере алмаймыз. Ақселеу 
Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» кітабы Астана қаласында 
2002 жылы «Күлтегін» баспасынан басылып шықты. Мазмұны
«Сауға» 
-
дан бастау алады. Бірінші тарау бойынша «Тарихнама»
-
дан басталып, Құндылықты парықтау, Төлтумалық, Әдістеме 
және әдіснама деп көрсетілген» [1]. «Тарих», «Деректеме», 
«Деректану және тарихнама», «Байырғы және ортағасырлық 
деректемелер», «Қазақ музыкасы туралы XVIII, XIX ғасырлар 
мен XX ғасырдың бас кезіндегі деректемелер», «Қазақ 
музыкасының Кеңес заманындағы зерттеуі» қарастырылып 
өткен. Бірінші, «проза», «аңыз», «күй аңызы» деген сынды 
ұғымдардың
мәні сипатталған. Күй тек аспап қана емес, ұлттың 
мінезін көрсететін басты нышандардың бәрін біріктіретін рухани 
дүние. Күйтану ғылымының зерттелуі 

оның тарихын, шежіре
-
аңызын, мектеби ерекшелігін, сонымен қатар, музыкалық 
шығарманың теориялық тұрғыдан талдануын, дәстүрлі және 
кәсіби оқыту әдістерін қамтиды. Осылай ша, күй мен күйшілік 
үрдістің
ұлттың рухани сұранысын өтей алатын қазіргі деңгейі 
қалыптасты. Кәсіби домбырашылық туралы сөз қозғағандықтан, 
күйшілік мектептің қалыптасуы мен дәуірлік тарихына тоқталып 
кеткеніміз жөн. 


220 
Күй ежелгі, көне өнер, оның шығарма ретінде
қалыптасуы 
ұлт
қалыптаспай тұрып, сонау ұлыстық дәуірден басталады. Ал,
ұлыстық
дәуір мәдениеті Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы замандарынан 
басталады. Қазіргі аңыз күйлеріміздің бірінде сол замандардан 
қалған
туындылар мынау еді деп дөп басып айта алмаймыз, бірақ,
әдеби
мұраларымыз сақталған. Оған мысал ретінде Томирис 
туралы әпсананы айта аламыз. Одан кейінгі дәуір Түрік қағанаты. 
Бұл кезеңдегі күйлер туралы ақпарат жоқ, бұл кезең әдебиетте 
ұлыстық
ояну кезеңі деп аталады. Тоныкөк, Білге қаған, 
Күлтегіндердің
тасқа қашап жазған жырлары осы кезең 
ескерткіштеріне жатады. Келесі 

Алтын Орда дәуірі. Бұл 
кезеңдегі музыкалық мұрамыз 

«Ақсақ құлан
-
Жошы хан» 
күйінің тараулары. Біз күйдің ұлттық дәуірі деп қазақ хандығы 
тұсын айта аламыз. Бұл кезде жыраулық дәстүр етек жайды, күй
ұлттық
сипатқа лайықталып аспаптық шығармаға толық 
айналды. Осы кезеңдегі күйлер тарихи күйлер қатарына жатады, 
мұнда хандық дәуірдегі халықтың жағдайы , мұң күйі 
баяндалады. Асан қайғының күйлері, қазақ пен ноғайдың 
арасындағы оқиға
туралы трагедиялық күйлер, көне жер
-
су 
аттарына бағышталған күйлер осы кезеңнің ескерткіштері. 
Ғаламтор
мәліметінде қазақтың күй өнерінің айрықша дамыған 
кезеңі ХҮІІІ
-
ХІХ ғасырларға тиесілі делінеді. Бұл ғасырлар 
күйлерінің аймақтық мектептерінің қалыптасқан, әртүрлі 
үрдістердің
шеру құрған дәурені еді. Қазір көпке мәлім күйлердің 
біраз інжу
-
маржаны сол кезеңдерде туындады. Кеңестік дәуірде 
домбыра өнерін дамытуды мақсат тұтып, жазба нота оқуы 
енгізілді. Еркін дамыған күй жаңа, ерекше арнаға түсті. Ал, ескі 
ұлттық
күй мектебінің жағдайы бұрынғыға қарағанда әлсіреп 
кетті. Еуропа Шығыстан емес көне Грек және Римнен өркениетті 
іздеуді ұсынады. Алайда, ғылым мен мәдениеттің ошағы болған 
империялардың Азиямен және де оның байырғы ұлы
ойшылдарымен тығыз
байланыста болғандығы жайлы көбі біле 
бермейді. «Шығыс өнері өткенді көксеу культіне берік 
болғандықтан, жаңалыққа ұмтылуды үрдіс етпеген, сондықтан 
Батыс елдерінің жасампаз мәдениетімен шендесе алмайды» деген 
пікір әлі күнге дейін оқулықтарда кеңестік
идеологиямен 
жазылып жүр [1].


221 
Қорыта айтанда, Ақселеу Сейдімбек шығармаларын 
оқытудағы басты мақсат 
– 
жан әлемі жетілген, рухани түсінігі 
мол жан
-
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болмақ. 
Ақселеу Сейдімбек шығармаларын, еңбектерін оқыған 
оқушылардың қазақтың күй өнерінен хабардар болып, тарихын 
терең түсініп, «Аққыз» сияқты шығармаларынан эстетикалық 
ляззат алары сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет