«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет118/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім.
Жақсылық қанша елгезек, ақылды болғанымен 
ойын баласы болғандықтан қолды аяққа тұрмайтын тентектеу 
болады. Соны байқаған әкесі Үшкемпір еңбекке ерте араласса, 
ерте есейеді деп көрші ауылға мал бағатын ағайындарына 
жібереді. Қатал тәртіпке бағыну осы сәттен басталады. Таңның
атысымен отар
-
отар қой баланың ұйқысы қанғанын күтіп 
тұрмайды, еркелейтін анасы мен әжесі де жанында емес, көзін 
тырнап ашып, малды жайылымға алып кетеді. Бала 
Жақсылықтың осы сапары оның біраз шыңдалуына үлес қосты. 


238 
Әкенің
қатал тәрбиесі баланы қайратты
болуға, сынақ атаулыға 
сынбауға тәрбиелесе, әженің ыстық алақаны жүрегі жұмсақ, 
мейірімді болып өсуіне әсер етті. Автор Жақсылықтың балалық 
шағын қай жастағы оқырманға болмасын өте әсерлі етіп жеткізе 
білген. Әсіресе болашақ чемпионды тәрбиелеудегі әжесінің 
қолдауы, үлкен үміт күтетінін әрдайым есіне салып отыруы, 
баланың қандай істе болмасын өзінің ақылы мен біліміне жүгініп, 
өзіне
деген сенімділігін арттырды. 
Өмірдің
қай кезеңінде болмасын, бала үшін ата
-
ананың 
қолдауы
өте маңызды рөл атқарады. Қазақта балаға сенім артуды, 
қолдау
білдіруді дана халқымыз бесік жырынан бастаған. «Бесік 
жырын айту арқылы аналар нәрестенің болашағына қиялымен 
сапар жасап, оның келешекте атын ұшпаққа шығарар азамат 
болуын армандаса, жас нәресте бесік жыры арқылы тұңғыш рет 
ана дауысын, ана тілін, халықтың әуен иірімдерін тыңдап, ұлттық 
тәрбиенің алғашқы нәрімен сусындай бастайды» [3; 198].
Жақсылықтың спорттағы алғашқы қадамы 8 сыныбында 
басталды. Оған себеп болған ауылға Алматыдан жаңа оқу бітіріп 
келген, бапкер Қайрат мұғалім еді. Баланың таудай талабын 
байқаған бапкер Жақсылықты өзі қатарлы Реха атты қарашай 
баласымен тартысқа түсіріп, екеуін жеке дайындайды. Сол 
спортқа деген алғашқы қадамын Жақсылық кейін чемпион 
болған кезде: "Жаттығу соңында әлгі қарашай бала екеумізді 
әдеттегідей
ортаға шығарды. Техникамыздың енді
-
енді 
қалыптасып
жатқан кезі ғой, сарт та сұрт қойғыласа кетеміз. 
Бапкер
тоқтата қойып, қатемізді түзеп қайта бокстастырады. 
Жеңілу 
– 
намыс. Қарашай баланы жалп еткізіп құлатсам, беделім 
бір
-
ақ күнде көтеріліп шыға келер еді. Ашық қалған сәтін аңдып, 
бар күшіммен ұрамын. Анау да жердің құртындай болып алып, 
жылпың. Соққымды оңайлықпен дарытпайды. Оң мен солға 
кезек секіріп, ол да дәлдеп соққы берудің қамында жүр. Шіреніп 
ұрған
сондай бір соққысын бұғып қалудың орнына, шегініп 
қалып
өткізбекке қалт артқа секіргем. Соққы дарымаса да, 
көзімнің оты жарқ ете қалғаны. Сөйтсем, қолғап
бауының 
ұшындағы
темір мұрнымды көлденеңінен сойып түсіпті. Қатты 
тілгені соншалық, орны осы күнге дейін бар. Анықтап қарағанда 
тыртық ізі көрініп тұрады. Міне, бұл сол «боксшылықтан» қалған 
бір белгі. Әкемізден ұрыс естіп, сөйтіп бокспен қоштастық" деп 


239 
еске алады спорт журналисі Төлеген Жәкітайұлына берген 
сұхбатында» [4; 56].
Автор бұл тарауында оқырмандарды балуанның балалық 
шағымен таныстырып, оның мейірімді, алғыр, елгезектігін жас 
жеткіншектерге үлгі етіп көрсетеді. Кішкентайынан еңбекке еті 
үйренген баланың, бос уақытында өзінің сүйікті ісіне, спортқа 
көңіл бөле білуі кішкентайынан үлкен жауапкершілікті сезіне 
білуінің алғашқы қадамдары еді. Бала Жақсылық әкесінің 
жанында жүріп дала жұмысын бітірумен қатар, үйіндегі әжесі 
мен анасына да қолғанат бола біледі. Және спортпен ғана 
шектеліп қоймай, оқуын да 4
-5-
пен жақсы аяқтайды. 
Спорттағы ең басты шарт 
– 
қайтпас қайсар мінез бен күш
-
жігерді үйлестіре білу. Дәл осы мінез Жақсылықтың бойынан 
табыла білді. Бұған дәлел бала Жақсылықтың балалық шағынан 
мына бір үзіндісі: «Намысы маза бермеген Жақайдың ендігі бар 
мақсаты 
– 
жүзгіш Жолдастан қалайда озу! Өзімен түйдей құрдас 
баладан қалып қою Жақай үшін тірі өлім! Сол кезде битімдей 
жүрегін кернеген намыстан ба екен, ақыры сол Жолдасты бір күні 
жолда қалдырған. «Рекорд» жаңартып, енді «ауыл чемпионы» 
Жақай болды. Әділ сайыста жеңгендегідей сезімнің ештемемен 
салыстыруға келмейтін ерекше дәмін алғаш татқан бала Жақай 
алда өзін талай тартыстың күтіп тұрғанын білген жоқ. Бұл сезім 
балаға үнемі биіктерді бағындыруға деген құлшыныста болатын 
адам табиғатының күресу үшін жаралған болмысын таныстырған 
алғашқы өмір сабағы еді [4; 15]. Отбасындағы тәрбие 
– 
баланың 
болашақ өміріне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Әкенің қатаң талабы, 
таудай сенімі мен қолдауы, әже мен ананың мейірімділігі бала 
Жақсылықтың балалық шағының бақытты өтуіне себепкер 
болды. Бала тәрбиесі, баланың болашағы қай кезде де өзекті 
тақырып болып қала береді. Бүгінгі күнде көп отбасыда ата
-
аналар бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлмеуде. Әсіресе, 
интернет
-
технологиялар қарыштап дамып бара жатқан мына 
заманда көп баланы ата
-
ана емес, гаджеттер тәрбиелеуде. Бала 
ғана
емес, ата
-
ананың да гаджеттерге, әлеуметтік желілерге 
тәуелді болуы үлкен қауіп
-
қатердің алды десек те болады. 
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала ата
-
ананың 
айтқанын істемейді, көргенін жасайды. Таңнан кешке дейін 
жұмыста болып, қалған уақытты гаджетпен өткізген отбасыдағы 


240 
бала да, айна қатесіз солай қайталайтын болады. Ал телефонға 
телмірген баладан, болашақ күтудің өзі қорқынышты. Әр ата
-
ана 
өз
отбасысы үшін жауапты. Балаға жақсы тәрбие берумен қатар, 
қызығушылықтарына
назар аударып, түрлі үйірмелерге 
қатыстырып, талантын аша білу маңызды. Баланы 
кішкентайынан білімге, спортқа, өнерге баулысақ, ертеңгі күні 
атақты ғалым, ақын
-
жазушы, әлем чемпиондарымыздың саны 
артары сөзсіз. Романның ішіндегі осы тарау ата
-
анаға бала 
тәрбиесінде таптырмас құрал деп айтуға болады. 
Романның келесі тарауы «Спортқа жол». Бұл тарауда әке 
ұлағаты, бала Жақсылықтың есейіп, үлкен студенттік өмірге аяқ 
басуы, студенттік өмірі, тұңғыш жеңісі, қазақ топырағындағы 
күресі баяндалады. Жақсылық ауылдағы әке
-
шеше, әжесімен 
қимай
қоштасып, үлкен қалаға Семейге әкесінің айтуымен, 
зоотехникалық оқуға аттанады. Үлкен қалаға келісімен әр 
студенттің басынан өтетін, пәтерден қуылу, аш жүру деген 
оқиғаларды басынан өткереді. Мектептегі алған білімімен 
Жақсылық барлық емтиханнан үздік бағаланып, оқуға түседі. 
Жақсылық осы оқуға түсуі арқылы тек білім алып, маман болып 
шығуға ғана емес, үлкен спортқа да қадам басады. Ауылдан 
келген студентке барлығы оңайымен келе қойған жоқ. Автор 
әрбір
қиындық пен төзімділіктің артында үлкен жеңістер бар 
екенін әдемі жеткізе білген. Дене шынықтыру кафедрасында 
Жақсылық қалаған спорт түрі еркін күрес болмай, 
жаттықтырушы шаңғы тебуге жазып қояды. Оңтүстікте өскен 
балаға бұл спорт түрі ауырға соғады. Романдағы: «Басқа пәндерін 
жақсы оқып жүрген Жақсылыққа шаңғыдан «зачет» алу оңай 
болмады. Жаттықтырушы Микрихов болса, шаңғыға 
икемсіздерге спортзалдағы спорт кілемінің сөгілген жерлерін 
тіктіріп қоятын. Әжесінің тебен инемен көрпе қауып жататыны 
сияқты мықшыңдап күнде кілемнің жыртығын жамайды. 
Қатарластары
алысып
-
жұлысып, еркін күреске жаттығып 
жатқанда, кішкентай қара бала шоқиып отырып, олардың 
жыртқан кілемін тігіп отыратын. Микрихов болса ерегескендей, 
еркін күрес басталса да, Жақсылықты шаңғы тебе алмағаны үшін 
берген жазадан босатпай: 

Зачетты менен ғана аласың! 

деп 
талап қойды» [4; 74]. Жақсылықтың алғаш оқуға түскен кезіндегі 


241 
осындай көрген қиындықтары спорт жолын қуамын деген 
жастарға, әрбір студентке үлгі болары сөзсіз. 
Өз
мақсатының жолында аянбай еңбек етіп жүрген 
Жақсылықтың бағы жанатын күн де жетіп, күрестен спорт 
шебері, бапкер баланы байқап, өзіне алады. Бапкерінің артқан 
сенімін қалай да ақтаймын деген оймен Жақсылық бір
сәт те 
тыным таппай, сабағынан бос уақыттың бәрін жаттығу залында 
өткізеді. Институт біріншілігінде жүлделі бірінші орынды 
иеленсе, алғашқы үлкен жеңісі 1969 жылдың күзінде Алматыда 
өткен
Қазақстан біріншілігі болды. 
Романның осы тарауында автор оқырманды шапшаңдық пен 
ептілікті, күшті талап ететін қазақ топырағына жақын күрес яғни, 
еркін күреспен, сонымен қатар, күрестен тұңғыш балуанымыз 
Қажымұқан
Мұңайтпасұлымен таныстырады. Сонымен қатар, 
Қажымұқанның
ізін басқан еліміздің еркін және грек
-
рим 
күресінің
чемпиондарын атап көрсетеді. Олардың жеңіс 
жолындағы өткен соқпақтарын жас ұрпаққа үлгі ретінде 
дәріптейді. Өскелең ұрпақ үшін мұндай спорт саңлақтарын, әлем 
чемпиондарын ұмыт қалдырмай, ұлы даланың ұлы есімдерін 
ұлықтап
отыру біздің парызымыз. «Кез келген балаларға 
арналған шығарманы оқып отырған жеткіншек, балдырған одан 
өз
ұлтына тән қасиеттерді ала отыруы керек» [5; 174]. Автордың 
осы тұста ұлтымыздың мақтаныштарын, қаһармандарын 
ұрпақтан
-
ұрпаққа жалғастырып, насихаттап романды жазуы, 
еліміз үшін, балалар үшін, өскелең ұрпақ үшін таптырмас қазына. 
Жаһандану заманында тілі жаңа шыққан баладан бастап, 
жасөспірімдер, тіпті ересектерге дейін ғаламтор, теледидардан 
шықпай, Еуропа мен АҚШ
-
тың ойлап тапқан «Өрмекші адам», 
«Трансформер», 
«Халк», 
«Тасбақа
-
ниндзялар», 
«Тор» 
туындыларымен өсіп келе жатқаны қынжылтады. Мектеп 
оқушыларынан үлгі алатын батырың қандай деген сұраққа жауап 
ретінде жоғарыдағы ойдан шығарылған кейіпкерлерді аламыз. 
Бұлар баланың ой өрісін дамытып, қиялын кеңейтіп, жақсы жаққа 
тәрбиелегенімен, біздің менталитетімізге сай келмейтін тұстары 
да баршылық. Сондықтан, осындай олқылықтардың алдын алу 
үшін, өзіміздің тарихи тұлғаларымыз бен батырларымызды, 
қаһармандарымызды
дәріптеп, өскелең ұрпақтың санасына 
құйып
отыруымыз керек. «Бүгінгі балалар әдебиеті 
– 
бүгінгі 


242 
баланы тәрбиелеуші құрал. Сондықтан да, бұған қарсы 
тұрушылық күш көбіне көп қаламгерлеріміз тарапынан болуы 
тиісті...» [6; 12]. Жас ұрпақ өзге елдің емес, өз еліміздің 
батырлары мен қаһармандарынан үлгі алып, соларға еліктеп өссе, 
болашақта нағыз ел жанашырлары шығатыны анық. 
Романның келесі тарауы «Тағдыр мен тартыс». Бұл тарауда 
Жақсылықтың алғашқы көрген әділетсіздігі, жолын ашқан 
бапкері, аңыздай болған тұңғыш алтыны, құрамада көрген 
қорлықтар, жалғыз жолдамаға таласы туралы айтылады. 
Жақсылық Үшкемпіровты бұл жолы еркін күрестің 
техникасын сауатты білмейді деп, КСРО чемпионатына 
баратындардың тізіміне қоспай қояды. Жақсылық бұл 
әділетсіздікке
сынбай, керісінше: «Арқада қыс жайлы болса, 
арқар ауып несі бар» дегендей, көп ойланбай грек
-
рим күресімен 
айналысуға шешім қабылдады» [4; 93].
Адам ойлаған арманына жету үшін біріншіден алдына мақсат 
қоя
білу керек. Арман
-
мақсатқа жету жолында жоспарлау өте 
маңызды. Әр істі жоспарлы түрде жасағанда ғана жеңіске бір 
табан жақындайды. Бұған дәлел, романның мына бір тұсы: «Өте 
ізденгіш бапкер Ром Хасанұлы шәкірті Жақсылық Үшкемпіровке 
үлкен
үміт артып 1972
-
1976 жылдар аралығына арнап жоспар 
жазып шығады. Онда Жақсылық әр күні көзін ашып оянғаннан 
немен айналысатынын толық көрсетеді. Ішетін тамағы қалай 
болмақ, салмағын сақтау үшін тамақтың құрамы қалай болады, 
жаттығулары қашан басталып, қашан аяқталады. Жаттығудан соң 
немен айналысады. Жоспар апталық, айлық, тоқсандық болып 
бөлініп, әр жылдың соңында қорытындыланады» [4; 100]. Бұл 
жоспардың басты бағыты, 1976
-
жылғы Монреальда өтетін 
олимпиадаға барып, алтын алу еді. 
Жақсылық 1975 жылы Алматыда алтыншы жаздық халықтар 
Спартакиадасында аңызға айналған алтынды иеленеді. Бұл 
ұйқысыз
өткен түндердің, қайтпас қайсар мінездің жемісі еді. 
Жақсылықтың келесі бір жеңісі 1976
-
жылы Монреальда өтетін 
олимпиада еді, бірақ әділетсіздің құрбаны болып, бұл 
олимпиадаға алынбады. «Ром Хасанұлының «Олимпиада 
чемпионы атансаң, көрген бар қиындығыңның бәрі бір күнгідей 
болмай артта қалады, ұмытылады әлі, тек шыда!»,

деген 
ұстаздық
ақылы да тоқтам беретін» [4; 117]. Әжесі, әкесі мен 


243 
анасының үмітін ақтаймын деген Жақсылық бұл жолы да 
бапкерінің қолдауымен келесі олимпиадаға барып, міндетті түрде 
алтынмен оралатынын мақсат етіп қойды. 
Бұл тараудан Жақсылықтың асқан сабырлы, төзімді, нағыз 
чемпионға лайық барлық қасиеттің бір бойынан табыла 
білгендігін байқаймыз. Әділетсіздік бір емес бірнеше рет 
қайталанса
да сүйікті спортын тастамады. Қашан да әділеттілік 
орнайтынын, шын таланттының бір күні жарқ етіп шығарынан 
үмітін
үзбеді. Бұл өскелең ұрпақ үшін тұнып тұрған 
– 
мотивация. 
Қандай
істе болсын, өзінің жүрек қалауымен бастаса соңына 
дейін жеткізу, әділетсіздікке сынбау, қайта шыңдалу, еңбектенуді 
тоқтатпаса түбінде жеңіске жетері анық екенін романның осы 
тарауынан оқып біле аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет