229
ұстанымы
қалыптасуына
жол ашуды, оның «қазақ құбылысы»
ретінде әлемге танылуын мақсат тұтты. Осы бағытта аса маңызды
міндеттерді айқындады. Мұғалімді тек «сабақ беруші» болып
танылатын бейнесінен арылтып,
оқушыға тәрбие мен білімді
қатар
беріп, өміріне қажет білім беретін шынайы «жантанушы
педагог» ретінде толықтыруға жол ашты.
Мектеп мұғалімнің жұмысын жүйелеуіне, шығармашылық
пен философиялық, сыни тұрғыдан ойлануына ықпал еткен
міндеттерді айқындауына бағдар берді. Сабақ барысындағы
мұғалімнің іс
-
жоспары мен сабақ
өткізуге бағытталған әр
әрекетінің
оқушының тұлға ретінде қалыптасып, дағдыларын
дамытуына қызмет етуіне басымдық берді.
Ғалым
А.Қыраубаева әдістемелік жұмысты мүлдем жаңа
қалыпта
жүзеге асыру және қазақ ұстазының уақыт талабына сай
жаңашыл келбетте танылуы қажеттігін тілге тиек
етті.
Шеберлікті арттыру мақсатында мұғалімге үш сатылы
бағдарлама жасауды ұсынады:
1) Базалық білім бағдарламасы;
2) Жоғары бағдарлама;
3) Өте жоғары бағдарлама [2, 76б.].
А.Қыраубаева мұндай қадам
ұстаздың еңбектенуі мен
шығармашылық өрлеу перспективасына жол ашатынын атап
көрсеткен. Педагогтің жұмыс нәтижесі мен түпкі мұраты, қажет
-
қасиеттері
және мұғалімнің жұмыс нәтижесіне де тоқталып өтеді.
Мұғалімге қажет қасиеттерге: жылылық, түсінгіштік,
сезімталдылық, кең ойлай алуы, баланы шабыттандыра білуі,
балаға адам ретінде қадірлі бола білуі, сабағының қызықты әрі
пайдалы болуы, шығармашылық ізденісінің өрістеуін қосады да,
мұғалімнің түпкі мұраты алдындағы тұлғаның рухани
кемелденіп өсуіне басшылық жасау деп қорытты.
Педагогикалық
шеберлік
–
бұл педагогтың
кәсіби іс
-
әрекетінің
ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін
мұғалімнің
түрлі
педагогикалық
міндеттерді
дұрыс,
шығармашылықпен шешуінен, оқу
-
тәрбие жұмысының
мақсатына жетуде тиімді әдіс тәсілдерді
орынды қолдануынан
көруге болады. Ал педагогикалық шеберліктің ішкі мәні
–
бұл
педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның
230
білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке
қасиеттері
қалыптастырылуы [3].
Педагогикалық шеберліктің мәні былайша түсіндіріледі: «
...бұл балаларды жақсы көретін және өз жұмысына бейімділігі
бар педагогтардың қолы жетерлік
әрдайым жетілдіруді қажет
ететін жоғары дәржелі өнер. Өз ісінің шебері бола алатын педагог
–
бұл өз пәнінің терең меңгерген, ғылымның нақты саналарынан
және өнерден хабары бар, оқыту және тәрбиелеу
әдістемесін
толық деңгейде білетін, жалпы және әсіресе,
балалар
психологиясын түсінетін жоғары дәрежелі маман» [4, 238б.].
Осы анықтаманың мағынасына үнілетін болсақ, мынаны
көруге болады:
1)
«Педагогикалық шеберлік» ұғымының мазмұнына
мыналар енеді:
-
жалпы жоғары деңгейлі мәдениет, эрудиция;
-
өз пәні бойынша кең ауқымды және терең білім;
-
педагогикадан, жалпы, жас және педагогикалық
психологиядан білімінің болуы;
-
оларды оқу тәрбие үрдісінде қолдана білу іскерлігі;
-
оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін толық меңгеру. Бұл
негізінен,
2) педагогикалық шеберлікті педагогтың бойында
тәрбиелеуге болады, шеберлікке
педагог боламын деген әрбір
адамның қолы жетеді [4, 238б.].
Достарыңызбен бөлісу: