«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет115/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім.
Алма Қыраубаеваның осы салада жазған тағы 
бір құнды еңбегі «Жаным садаға» деп аталады. 1995 жылы жарық 
көрген кітап 
– 
балаға білім үйретудің қилы тәсілдері, ізгілікке 
баулудың жалпыадамзаттық бағыттары туралы жазылған құнды 
еңбек. Зерттеуші ғалым Қ.Мәдібай бұл туралы: «Жаным 
садағада» Алма Қыраубаева жеке бас тәжірибе, өзіндік
сезім
-
аңсарлар сынды құбылыстарды өз дәуірінің қоғамдық
-
әлеуметтік 
арқауы, ұлттың бітім бүтіндігін сақтау бағытындағы өзекжарды 
күйлермен астастыра отырып, жантанудың жалпыадамзаттық 
негіздерімен сабақтастыра зерделейді» деп жазады.
Әдіскер
В.С.Грехнев педагогикалық шеберлікті тұлғаның 
кәсіптік бағытталуының жоғары формасы деп белгілейді. Ал кез
-
келген іс
-
әрекетте, оның пікірінше, шеберліктің көрсеткіші 
– 
бұл 


231 
іс
-
әрекетте қажет болатын арнайы іскерліктер мен дағдыны 
меңгеру [5].
Педагогикалық 
шеберліктің 
құрылымында 
өзара 
байланысқан элементтерді көрсетуге болады гуманистік 
бағыттылық, кәсіптік білім, педагогикалық қабілеттер, 
педагогикалық техника. Аталған элементтер педагогикалық 
шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өз бетімен 
дамуы тән. Педагогикалық шеберліктің өз бетімен дамуының 
негізі:

білім мен тұлғаның бағытталуы;

оның нәтижелігінің маңызды шарты 
– 
қабілеттер;

тұтастықты қамтамасыз ететін құрал 
– 
педагогикалық 
техника аясындағы іскерліктер.
Осы тұрғыдан қарастырсақ, Алма Қыраубаеваның оқу
-
ағарту 
саласындағы тағы бір жаңалығы 
– 
«Педагог шебері» аталатын 
технология жасап шығуы деуге болады. 
«Педагог шеберлігі» 
– 
педагог ізденісіне жол ашатын бағдар. 
Жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеген ғалым алдына келген 
студенттердің мектептен алатын білімінің негізді де нық болуы 
жайлы шәкірттерімен жиі бөлісетін. Бұл технологияның бүгінгі 
мұғалім, бүігнгі білім беру әдісі үшін маңыздылығы аса жоғары. 
Сол себептен, технологиядан үзінділер келтіргіміз келіп отыр.
Кәсіптік білім 
– 
бұл педагогикалық шеберліктің негізгі
іргетасы. Кәсіптік білімнің мазмұнына пән бойынша ғылыми 
және практикалық білім, оның әдістемесі, педагогикалық және 
психологиялық білім енеді.
Педагогтың жас, педагогикалық, жалпы психология және 
педагогикадан жинақталған білім жас ұрпақты оқыту және 
тәрбиелеудің теориялық және практикалық сипаттағы күрделі 
мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді, 
педагогты мектепте білім, іскерлік, дағдыны меңгерту үрдісінің 
заңдылықтарымен қаруландырады, оқу
-
тәрбие үрдісін әрі қарай 
жетілдіру үшін қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. 
Психологиялық
-
педагогикалық эрудиция әрекеті, фактіні немесе 
құбылысты
дәл психологиялық талдау негізінде ықпал жасаудың 
дұрыс таңдалуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық 
қабілеттер 
– 
арнайы 
қабілеттер, 
педагогикалық шеберліктің меңгерілуі қабілеттерге бағынышты. 


232 
Психологиялық
-
педагогикалық 
әдебиетте 
педагогикалық 
қабілеттердің
мына түрлері белгіленген.
1) дидактикалық 
– 
бұл білім алушыларға материалды қол 
жетерлік деңгейде, қызықты, айқын және
нақты түрде ұсыну 
іскерлігі. Дидактикалық қабілеттерге ие педагог білім 
алушылардың ой белсенділігін арттырады, оқу

тәрбие үрдісіне 
тек ақылды ғана емес, сонымен қатар сезімге де әсер ететін жаңа, 
соны нәрселерді енгізуге дайын;
2) ұйымдастырушылық қабілеттер білім алушылардың түрлі 
іс
-
әрекетінің 
ұйымдастыруға, 
ұжымды 
қалыптастыруға 
бағытталған. Сонымен қатар, олар педагогтың өзінің әрекетін 
дұрыс ұйымдастыруды да қамтамасыз етеді. Ол педагогтың
дәлдік, ұқыптылық, тәріптілік, жауапкершілік қасиеттерімен
қамтамасыз
етіледі;
3) коммуникативті 
– 
бұлар білім алушылармен дұрыс қарым
-
қатынас
орнатуға мүмкіндік беретін қабілеттер;
4) перцептивті 
– 
бұл білім алушының ішкі дүниесіне ену 
іскерлігі. Білім алушының психикалық күйін анықтауға 
бағытталған;
5) суггестивті 
– 
бұл сендіру және иландыру қабілеті. Олар 
педагогтың беделімен, еріктік қасиеттерімен байланысты;
6) ғылыми
-
танымдық (академиялық) 
– 
ғылымның белгілі бір 
саласы бойынша ақпаратты, білімді меңгеру қабілеті.
7) эмоциональдық тұрақтылық және болжамдық қабілеттер 
[5, 260б.].
Педагогикалық техника 
– 
білім алушыларға, ұжымға 
педагогикалық ықпал жасаудың әдістер жүйесін тиімді 
қолдануға
қажетті іскерліктер мен дағдылар жиынтығы: 
тәрбиеленушілермен дұрыс қарым
-
қатынас стилін таңдау 
іскерлігі, олардың назарын аударту, басқару және т.б. 
іскерліктер.
Гуманистік бағыттылық, кәсіптік білім, педагогикалық 
қабілеттер, педагогикалық техника жайында А.Қыраубаева өз 
еңбектерінде тоқталып өткен. А.Қыраубаева Италияның 
гуманист
-
педагогі 
Мария 
Монтессори 
мен 
Штейнер 
педагогикасындағы тәрбиені гуманизмге негізделген деп, 
Мағжан педагогикасын адамшылдықтың үлгісі деп бағалайды.


233 
Сондай
-
ақ, Түркия, Еуропа елдері, АҚШ, Ресей, Франция 
мектептеріндегі жағдайға тоқталып, қазақ мектептерімен 
салыстырады. АҚШ
-
тан 870 тәуелсіз мектептердің 207
-
сі ұл 
қыздарын
бөлек оқытатындығын тілге тиек етіп, «Мадейра 
– 
қыздар
мектебі» мен «Әулие Албан» ұлдар мектебінің 
тәжірибесіне назар аударады. Жоғарғы сыныптағы қыздарға 
арналған Мәдениеттер мектебінің жобасын мектеп тәрбиесіндегі 
ұлттық
психология мен халықтық тәрбиеге сүйене отырып, оны 
өркениетті
елдердегі тәрбие тәжірибесімен ұштастырады. 
Негізгі сабақтары: тіл, мәдениеттер тарихы мен әдебиет. 
Қосымша
сабақтары: жантану, экономика негіздері, заң 
негіздері жаратылыс және экология, ойлау
өнері, дене тәрбиесі. 
Жалпы сабақтары: математика, химия, физика [6].
Педагогикалық техниканың негіздерін меңгеру 
– 
қарым
-
қатынас
технологиясын 
меңгерудің 
қажетті 
шарты. 
А.С.Макаренконың айтуынша, «Мен «мында кел» сөйлемін 15
-
20 түрлі дауыс реңімен айтуды, бет

әлпет, дене тұрпаты, дауыс 
көмегімен 20 түрлі ақпаратты беруді үйренген шақта ғана шебер 
атандым» дейді. Педагогикалық техниканың құрылымы: сөйлеу 
шеберлігі, мимика және пантомимика мәнерлілігі, өзінің 
психикалық күйін және эмоционалдық
-
шығармашылық күйін 
басқару іскерлігі, актерлік
-
режиссерлік қасиеттерге де 
А.Қыраубаева ерекше көңіл бөледі.
А.Қыраубаева «Педагог шебері» технологиясымен жұмыс 
істеген мұғалім: мақсатты (ол ұстазға не үшін керек), 
диагностикалық құралдар мүмкіндігін, педагогикалық үдерісті 
жобалап, бағдарлауға мүмкіндік беретін ұстаз бен шәкірт 
әрекеттерінің
құрылымдық заңдылығын, педагог мақсатына 
жетуге кепілдік беретін құралдар мен шарттар жүйесін, жұмыс 
жүйесі мен үдерісті талдау құралдарын меңгеру керек деп 
көрсетеді.
Педагогикалық қызметті тиімді орындау үшін мұғалімге 
педагогикалық 
қызметтің 
құрылымын, 
оның 
негізгі 
компонеттерін, педагогикалық іс
-
қимылды және кәсіби маңызды 
іскерліктер мен психологиялық сапаларды ұғыну қажет.
Педагогты даярлау жүйесінің негізіне салынған дене әрекеті, 
қажетті
сезім логикасы, санаасты саласы жайындағы 
К.С.Станиславскийдің тұжырымдамасы педагогикалық іс
-
әрекет 


234 
жағдайында педагогтың қабылдау мүшелерін жаттықтыруды 
талап етеді. Кез
-
келген әрекет, соның ішінде педагогикалық 
әрекет
қабылдаудан басталады. Бұл заңның бұзылуы педагогтың 
дәрісханамен үйлесімділігіне кедергі келтіреді. 
К.С.Станиславский іс
-
әрекетті дене және психикалықтың 
бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл түсіндірме педагог тәртібіндегі 
ішкі және сыртқы, денелік және рухани элементтердің өз
алдына 
бөлек дамуына жол бермейді, бұл әдіс пен педагогикалық 
техниканың тығыз байланысын талап етеді. Міне, сондықтан, 
шеберлік өзара байланысқан үш бөлікпен белгіленеді: 
педагогикалық теория, педагогикалық техника, сабақта 
жұмыстану әдісі және оны ұйымдастыру, өткізу.
Педагогикалық шеберлікке қол жеткізудің алғашқы шарты 
ғылым
мен білімнің әдіснамасын білу және соның негізінде 
арнайы және психологиялық
-
педагогикалық пәндерді меңгеру 
болып табылады. Болашақ педагог жоғары оқу орнында оқудың 
алғашқы күнінен бастап
-
ақ кәсіби бағытталуды қалыптастыру 
үшін
қолданып, өзін оқыту
-
тәрбиелеу үрдісімен айналысуға жан
-
жақты әзірлеу керек.
Педагогикалық университеттердің оқу жоспарларында 
мамандық бойынша педагогтарды даярлауға басым көңіл 
бөлінеді. Студент оқу барысында ғылымды меңгеріп, оның 
ұғымдық
аппаратын білгені жөн. Тек белгілі бір пән бойынша 
білім алып қана қоймай, сол пәннің тәрбиелік мәнін де ұғынуы 
тиіс. Психологиялық
-
педагогикалық ғылым саласынан терең де 
жан
-
жақты теориялық және практикалық дайындықсыз оқыту
-
тәрбиелеу міндеттерін шешу оңай емес. 
Шебер педагог 
– 
бұл нәзік те ойлы мұғалім, жақсы тәрбиеші, 
оқу
-
тәрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы әдістерін 
меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған 
студенттік шақта қол жеткізу мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет