«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет117/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

 
 
 
 
 
 


236 
СӘУЛЕ ДОСЖАННЫҢ «БІРТУАР» РОМАНЫ 
ТУРАЛЫ
 
 
Измахан Толқын Серікқызы 
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының 2- курс докторанты 
Алматы қаласы 
 
Аңдатпа.
Автор бұл шығрамада оқырмандарды балуанның 
балалық шағымен таныстырып, оның мейірімді, алғыр, 
елгезектігін жас жеткіншектерге үлгі етіп көрсетеді. 
Кішкентайынан еңбекке еті үйренген баланың, бос уақытында 
өзінің
сүйікті ісіне, спортқа көңіл бөле білуі кішкентайынан 
үлкен
жауапкершілікті сезіне білуінің алғашқы қадамдарын 
сипаттайды. Бала Жақсылықтың жастық шағы, спорттық
нәтижелері суреттеледі.
Кіріспе.
Қазақ
балалар әдебиетінде бүгінгі күнде балаларға 
арналып жазылған романдар жоқтың қасы. Осы орайда, «Сәуле 
Досжан 
– 
қазіргі қазақ балалар әдебиетіне өнімді үлес қосып 
жүрген қаламгерлердің бірі» [1; 277]. Жас жеткіншектердің 
бағына орай қазіргі қазақ балалар әдебиетінде Сәуле Досжанның 
«Біртуар» атты тұңғыш романы жарық көрді. 
Шығарманың басты кейіпкері 
– 
грем
-
рим күресінен әлем 
чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыз. Сәуле Досжан 
«Біртуар» романының басында жас жеткіншектерге кіріспе сөз 
ретінде: «Замандастарым мен жас жеткіншектер алға қойған 
арман
-
мақсаттарына жету жолында үлгі алатын тұлға, жетістікке 
жетем дегендер үшін өшпес ізгі өнеге болатын қаһарман, ұлттық 
намыстың үлгісіне айналған қазақ батырының біздің замандағы 
дара бейнесі 
– 
Жақсылық Үшкемпіров деп танып, осы романды 
жаздым», 

дейді. Роман бес тараудан тұрады. Бірінші тарау 
– 
«Балуанның балалық шағы». Екінші тарау 
– 
«Спортқа жол». 
Үшінші
тарау 
– 
«Тағдыр мен тартыс». Төртінші тарау 
– 
«Бағы 
шапқан балуан». Бесінші тарау 
– 
«Жеңіспен жеңіске». 
Роман батырдың дүниеге келуімен басталады. Қазақта жаңа 
туған сәбиге болашақта еліне сыйлы, құрметті болсын деген 
ниетпен үлкен кісілерге қолқа салып ат қойғызатын болған. 


237 
«Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының 
бірі 
– 
өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата
-
ана өзінің 
баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан 
болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған 
батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, 
жез таңдай, күміс көмей әнші
-
жыршылардың атын қоюға 
тырысады. Балаға ат қойған кезде кез келген адамға емес, тағы да 
сол ырым қылып көпті көрген ел ағаларына, айналасына сыйлы, 
аузы дуалы кісілерге баласының атын қойғызуды мәртебе 
санаған» [2; 8].
Осы дәстүрдің ізімен Бәтима бәйбіше де жолдан келген 
ақсақалға немересінің атын қоюды тапсырып, нәрестенің есімін 
Жақсылық деп қояды.
Жақсылық кішкентайынан елгезек, үй шаруасының 
барлығында әжесі мен анасының қолғабысы, мейірімді, сонымен 
қатар, жүрек жұтқан батыл, өжет болып өсті. Оған дәлел мына бір 
оқиға. Бала Жақсылық тұратын ауылдағы Талас өзені оның 
шымыр болып өсуіне көп септігін тигізді. Таңның атысы көзін 
тырналап ашып, Талас өзеніне қарай жүгіретін баланың басты 
себебі, қайтпас қайсар мінезімен, ауылдағы жүзгіш Жолдастан 
озып, чемпион болу еді. Талас өзені сырын білмеген талай 
адамды жұтып алатын тажалдығы да бар еді. Күндердің бір күні 
осы Талас өзенінде қойын шомылдырып жатқан шопанның әйелі 
аяғын тайдырып, өзенге құлап, ағыспен кете барады. Осы орайда 
Жақсылық бір сәт те ойланбастан, суға секіре кетіп, әйелді 
құтқарып қалады. Тек әкесінің ғана емес бүкіл елдің атын күллі 
әлемге
танытатын сәт, осы ерлігінен бастау алған еді. Бала 
Жақсылықтың мұндай қайсар мінезді болып өсуіне ата
-
анадан 
бөлек, әжесінің тәрбиесі де тікелей әсер етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет