«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет122/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Нәтижелер
. «Топан» 
– 
елдің мұңын баяндайтын, әлеуметтік 
мәні зор, оптимистік рухтағы күрделі шығарма. Дастанның 


250 
идеясы 
– 
қанағат қылу, өзімшілдіктен арылу, надандықтан аулақ 
болу. Яғни, Қашаған ақын аталған шығармасы арқылы өзі арман 
еткен көкейіндегі тату
-
тәтті, ынтымағы жарасқан берекелі елге 
айналудың жолын нұсқағандай әсер береді, Құдайдың қаһарынан 
сақтанып, табиғаттың жазасынан қорыққанда ғана бай мен 
кедейдің арасында әлеуметтік теңсіздік орнап, халықтың 
бақытты ғұмыр кешетінін меңзейді. 
«Тасқындар» деп суреттелген кербез, паң, тәкаппар адамның 
бейнесінен асып
-
тасып, айналасын жайпап, жаншып, әлсіздерге 
озбырлық көрсететін жағымсыз образды тануға болады. Ал 
«құтырған құрт» мотивінің надандықты сипаттап тұрғаны айқын 
аңғарылады. Ақын жағымсыз мінездің жұқпалы кеселдей болып 
торғайдан бүркітке, одан балыққа, балықтан халыққа оңай 
берілгенін әдемі суреттеген. 
Жалпы шығармадан Қашағанның ақындық шеберлігімен 
қатар, өткір сыншылдық қыры байқалады. Автор оқиғаны 
баяндау барысында дастанның кейіпкерлерін айыптамайды. Ол 
көпшіліктің сыртқы келбетіне, жүріс
-
тұрысы мен мінез
-
құлқына 
қарап, аражігін ажыратып, парасат биігінен пайымдап, баға 
береді. Осы арқылы тұтас халықтың жай
-
күйін анық бағамдап, 
оған сынай қарайды.
Күрпішатқа ұнменен,
Болмаса егер первый чай, 
Третий астық, кантон чай,
Арам астай жиреніп, 
Аузына зорға апарды, 
– 
деген жолдарында ақынның кесірлікке салынған жұрттың 
ниетін мысқылдап, оның жайын ауыр зілмен сынай жеткізгені 
аңғарылады. 
Ақын 
– 
өз қоғамының өзекті мәселесін бүкпей айтып, халық 
алдында кез келген шындықты жайып салатын тұлға. Аталған 
шығармадан Қашағанның дәл осындай ақындық тұлғасы анық 
байқалады, сонымен қатар, оның тағы бір ерекше мінезі 
– 
ашып 
айтар әділдігі көрінеді. Ол өлең
-
сөзді көркем түрде өрнектеп қана 
емес, барды бар деп, жоғымыз үшін қайтпек керек деп, 
бүгініміздің жайы мынау, ертеңіміз қалай болмақ деп алаңдап, 


251 
онысын ешкімнен жасырмай, бай
-
болыстан жасқанбай 
жырлайды. Әбіш Кекілбаев: «Қашаған өзге ақындардай өткенді 
боямалап көрсетпейді. Барды бар қалпында, жоқты жоқ қалпында 
суреттей отырып, туған жұртының ерлік тарихын сөз етеді», 
– 
дейді.
Қашағанның
шәкірті Сәттіғұл жырлар алдында сәл ойланып 
алып, сосын ғана сөйлейді екен. Сонда Қашаған ақын: «Жау сені 
қашан
атады деп күтіп отыра ма? Айтқыш болсаң, оғыңды сол 
бойда сеуіп жібер. Ақпа ақын табан астында селдете құйып 
жіберуі керек», 
– 
деген екен. Ақынның бұл сөзінен қара сөзді 
оққа балап, шәкірттерін дәл айтып, дөп тигізуге, ақпа
-
төкпе ақын 
болуға баулығанын, яғни, оның ұстаздық қырын байқаймыз. 
Ақынды көзбен көрген айтулы жыршылардың бірі Әлқуат 
Қашаған
Күржіманұлы туралы былай әңгімелейді: «Жырды 
жасымнан жаттап, әулекі боп өскен маған күшті әсер қалдырған 
Қашаған
ақын болды. Он бес жаста едім. Бекі жайлауында Есжан 
дегеннің асын берді. 400 үй тігілді, бәйгеге 160 ат қосылды. 
Жыршы, күйшілер жиналды. Басында қара бөрік, үстінде 
мәндала шапаны, аяғында кебісті мәсі, жалпақ бет, үлкен көз, 
салбыр мұрын, бұғақты ірі қара кісі жыршыларды бастап келді. 
Қолында
шашашақты қара домбыра. Қасында Сүгір жырау мен 
Шамғұл күйші. Мен солар түскен үй маңында болдым. Қашекең 
қара
домбырасын шертіп қойып,
жырды табан аузында ағылта 
беретін. Мойнын шағын ормалмен байлап алған. Қыза келе 
жырды түйдек
-
түйдек ағытқанда, жуан дауысы ауыл
-
аймаққа 
түгел естілетін», 
– 
дейді. Әлқуат жыршының суреттеуінен 
Қашаған
Күржіманұлының топ бастаған кемеңгер тұлға, 
халықтың құрметіне
бөленген айтулы ақын, өнерді өрге тартқан 
талантты жан болғанын ажыратуға болады. Сонымен қатар, 
жыраудың қасиетті қара сөздің қадірін ұлықтап, төгілтіп жыр 
айтқан ерекше болмысын жазбай тануға мүмкіндік бар.
Қашаған
жырларының қозғаушы күші 
– 
қай заманда да мәні 
өзгермес
адамгершілік қасиет, еңбек және бұқара халықтың 
мүддесі десек, қателескеніміз емес. Ақынның шығармашылығы 
жалпы адамзатқа тән тіршіліктің барлық саласын қамтыған. 
Ақиқатты ашып айтып, жамандықты әшкерелеп көрсеткен 
Қашағанның
өлеңдерінен
ақынның парасаттылығын, ой 
ұшқырлығын, көрегендігін аңғару қиын емес.


252 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет