«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет125/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім.
Сыздықова
(Құтқожина) РәбиғаҒалиқызы 
(әкесінің толық аты Сәтіғали) 1924 жылы 17 тамызда Ақтөбе 
облысының Ойыл қалашығында қызметкер отбасында дүниеге 
келген [1, 35]. 
Р.Сыздық 
– 
Абайдың 
ұлттық 
жазба 
әдебиетті 
қалыптастырудағы
рөлін айқындаған алғашқы зерттеуші. Қазақ 
әдеби
тілінің тарихына, даму кезеңдеріне тоқталғанда әдеби 
тілімізге Абай Құнанбайұлының қосқан үлесін саралағанымыз 
жөн. Өйткені Абайдың қазақ әдебиеті мен әдеби тіліне қосқан 
үлесі
мен жаңалығы көп.
Абайдың тілін зерттеудің Р.Сыздық екі түрі бар екенін 
айтады:«бірі 
– 
ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, 
екіншісі 
– 
Абай шығармалары тілінің өзін талдап
-
таныту» [2, 3].
Академик Р.Сыздық қазақ әдеби тілінің үлгілері Абайдың 
алдында болғанын және поэзия жанры арқылы дамығанын 
айтады. 
Қазақ
жазба әдеби тілінің даму жолында Абайдың алар 
орнына тоқталсақ. Абай өзіне дейінгі келе жатқан қазақ әдеби 
тілін одан ары жалғастырып, өзінше жаңа қырларын қосады.
Абай шығармаларының тілі қазақ әдеби тілінің жаңа кезеңі 
деуге болады. Абай мен Ыбырай бұрыннан келе жатқан қазақ 
әдеби
тілін одан әрі жаңа сатыға көтерді. Жазба әдеби тіл «кітаби 
тілден» ажырап,
жоғары деңгейге көтерілді. Бұл әдеби тіл тек 
көркем әдебиет саласында ғана емес, оқуағарту, публицистика 
саласында қолданыла бастады. Сонымен қатар тілдік нормалар 
мен көркем әдебиетте поэзия жанрына жаңа тенденциялар алып 
келді. Бұл туралы Р.Сыздық былай
дейді:«Абай қазақ әдеби тілін 
жаңа сатыға көтергенде бұрынғы принцип
-
бағыттардың күллісін 


255 
жоққа шығарған жоқ, керісінше, ең басты, өмірлік белгілерін 
сақтап, оларды әрі қарай ұстады» [3, 45]. Р.Сыздықтың 
тұжырымы бойынша мынадай принциптер бар: 
a)Ауызекі сөйлеу тілін негіз ретінде ұстап отыру. Әдеби тіл 
ауызекі тілдің сөз байлығы негізінде құрылғандықтан, уақытқа 
байланысты өзгеріп отырған. Мысалы, XV ғасырда өмір сүрген 
Қазтуғанның
туындылары бізге осы күнгідей болып жетсе де, 
лексикалық құрамы жағынан өз дәуіріне сай болғандығы белгілі. 
«Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш» жырларын ХІХ ғасырдың 
жыршысы айтатын болса, өз тарапынан лексикалық бірліктерді 
қосып, өзгертіп отырған. Алайда бұлай өзгертулер шала 
жаттаудан немесе ұмытып қалудан емес, жыршының туындыны 
заманына қарай лайықтауы деп білгеніміз жөн. 
ә) Бірінші принципке қарама
-
қарсы принцип 
– 
жалғастық 
принципі. Белгілі бір уақытта жасалған теңеулер, образдар, 
жалпы көркемдеу тәсілдері келесі бір буындарда жалғасып 
отырады. Жалғастық принципі ауыз
әдеби тілі мен жеке 
авторлардың, әр дәуірдегі ақындардың тілінде кездесіп отырады. 
«Сондықтан фольклорлық жырлардың 
буырқанып, бұрсанып, 
мұздай темір құрсанып
-
тары, 
Күнікейдей көріктіңді, Тінікейдей 
тектіңді
-
лері, 
туырлығын тілгілеп, керегесін кескілеп
-
тері 
Махамбет тәрізді күшті ақындарда қайталап келулерінің бір 
себебі Абайға дейінгі қазақ көркем әдеби тілінің осы көрсетілген 
принципінен туған заңдылық деп ойлаймыз» [3, 45
-46], –
дейді 
Р.Сыздық. 
Р.Сыздықтың пікірінше жалғастық принципі әдеби 
нормаларды
тұрақтандыру мен әдеби тәсілді шыңдай түсуде 
маңызды рөл атқарады. Осы екі принцип негізінде Абай әдеби 
тілге үңіліп, оның өкілдерін жақсы танып білген. Ақын өзіне 
дейінгі ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар, өзіне дейін және өзімен 
қатар
өмір сүрген ақындардың тілін жақсы білген. Олардан өз 
қажетін
ала білген. Абайға дейінгі әдебиет үлгілері ішінен Дулат 
ақынның туындыларын жоғары бағалауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет