«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет20/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   152
Қ Ұ Н Д Ы Л Ы Қ
 
Сократ
 
игілік
Платон
 
өмір сүру
Аристотель
 
адамның даналығы, яғни қандай да болсын, құнды 
нәрсені таба білуі.
Сопылық 
 
Адамның өмірді бағалауы
Гегель, 
Кант, 
Ницше, Кассирер,
 
Адам алдына қойған мақсатына жету жолында өмір 
сүру негізін құрайтын «мәнділік», «еркіндік», 
«игілік», 
«жақсылық» 
сияқты 
ұғыммен 
байланыстырды
Н.Д.Никандров
 
Құндылықтар өмірде халықтың менталитетінде 
қалыптасқан 
ережелерді 
есепке 
алады. 
Құндылықтардың өзгеруі тәрбие мақсатының 
өзгеруіне әсер етеді.
Осылайша, бастауын Сократтан алатын «құндылық» ұғымы 
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, дербес ғылыми атауға 
ие. Адамзат құндылығының негізін құрайтын және оны 
зерттейтін ғылым саласын аксиология дейді. 
Аксиология
(«ахіа» 

грекше «құндылық», «логос»

ілім, 
ғылым) ғылымының ең басты ерекшелігі, оның философиялық 
сипаты басым келеді, өйткені ақиқат, шындықты іздейді. 
Ақсиологияның ғылым ретінде дамуына үлес қосқан философтар 
(Гегель, Кант, Ницше, Кассирер, т.б.) мәдениеттің ішкі 
құрылымынан жалпыадамзаттық құндылық арқылы адам алдына 
қойған мақсатына жету жолында өмір сүру негізін құрайтын 
«мәнділік», «еркіндік», «игілік», «жақсылық» сияқты 
құндылықтарға ұмтылу қажет екенін атап көрсетті [1, 13]. 
Адам қажеттілігінің басты деңгейі құндылықтарды тану және
оларды қабылдау болып саналады. Құндылықтарды тану арқылы 
адамның әлеуметтік мәдениетін көрсететін іс
-
әрекеті 
қалыптасады. Адам іс
-
әрекетіне яғни, мәдениетіне түрткі 


48 
болатын 

қажеттілік пен мүдделілік. Құндылықтар өмір сүру 
қажеттігіне орай: жалпыадамзаттық, әлеуметтік, рухани, 
этникалық
болып бөлінеді. 
Ресейлік ғалым Н.Д. Никандров «Құндылықтар 
– 
тәрбие 
мақсатының негізі» деген мақаласында «Құндылықтар өмірде 
халықтың менталитетінде қалыптасқан ережелерді есепке алады. 
Құндылықтардың өзгеруі тәрбие мақсатының өзгеруіне әсер 
етеді» деген (Никандров, 1998: 3
-
10) [2]. Шындығында, тәрбие 
мен құндылықтар тағдыры бір
-
бірімен тығыз байланысты. 
Сондықтан да халықтың ділі (менталитеті) осы негізде 
қалыптасады. Ұлтқа қатысты тәрбиені айтқанда ұлттық 
құндылықтарды тілге тиек етеміз. Ал, ұлттық құндылықтар 
жөнінде айтар болсақ, тәрбиемен қорытындылаймыз. Бұл егіз 
ұғым тәрізді. Себебі, құндылықтың құнын ұғындыруда тәрбие 
құралын айналып өте алмаймыз. Демек, бұл қазақ халқының 
ұрпағын тәрбиелеуге негіз болатын ұлттық мәдениеттің тірегі. 
Бұл 
жөнінде 
ұғымның 
ғылыми 
тұрғыда 
ашылған 
анықтамаларына да сүйенеміз.
Ұлттық құндылықтар
– 
ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық 
мәдениеттің өзгешелігі, ұлттық тілдің байлығы, ұлттық нақыш, 
ұлттық салт
-
дәстүрлер, т.с.с деген мағыналы түсінік беріліп, 
біздің жоғарыдағы ойымызды нақтылай түседі
(Яценко, 1999) [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет