80
Рахманқұл Бердібаев, Рәбиға Сыздықова, Нұржамал Оралбаева,
Шахмардан Есенов,
Ғұбайдолла Қалиев, Шона Сарыбайұлы,
Немат Келімбетовтер сияқты аға толқын тұлғалармен қатар
Серік Мақпыров,
Балтабай Әбдіғазиев, Тебегенов Темірхан
сынды қырықтың қырқасындағы азулы ұстаздар шоғырының
дәрістерін тыңдаған біздер әсерлі бір шаттықта болатынбыз,
әрбірінің
білімінің тереңдігіне, парасаттылығына сүйсінетінбіз.
Әсіресе, сол кездегі кафедра
меңгерушісі филология
ғылымдарының
докторы, профессор Нығмет Ғабдуллиннің әрбір
дәрісін ұйып тыңдап, санамызға тоқуға тырысатынбыз.
Н.Ғабдуллиннің көркем шығарма саласындағы «Алғашқы
сапар» (1953), «Қызық дәурен» (1965), «Кейінгі толқын» (1977),
«Сарғайған жапырақ» (1970), «Өмір, қымбатсың маған» (1966),
«Жігер» (1983), «Біздің жігіт» (1993) жинақтары кітап сүйгіш
қазақтың
төрінде жинаулы тұр десем артық емес. Орыс тіліндегі
«Жаңа таныстар» (1957), «Өмірдің бұралаң жолдары» (1967)
прозалық кітаптары өз оқырмандарымен бірге. Ал ұстаз аударған
Э.Хемингуэйдің « Шал мен теңіз» повесі, Г.Марковтың «Жер
құты» романдары, М.Шагиняннің «Ульяновтар семьясы»,
В. Быковтың «Альпі аңызы» тағы басқа да 15
-
тен астам жинағы
мен орыс, шетел жазушыларын аударған еңбектері оқырманның
әлі
күнге рухани жан аңсарын толтырып келеді.
Талай қоғамдық баспасөзде
абыройлы қызмет атқарған
жазушы, ғалым Н.Ғабдуллин Халықаралық «Алаш» әдеби
сыйлығының лауреаты (1996).
Н.Ғабдуллиндей талғамы биік, таланты ерен ғалымның
ғалымның
қазақ әдебиеті ғылымының түрлі
саласына қосқан
өзіндік
үлесі де бір төбе. «Ғабит Мүсіреповтің драматургиясы»
(1964
), «Қазіргі қазақ прозасында жаңа адамды бейнелеу
проблемалары» (1972) атты кандидаттық, докторлық
диссертацияларымен
қатар
«Уақыт
сыры»,
«Ғабит
Мүсірепов−драматург» т.б. көлемді
еңбектерінде сол кезеңдегі
зәру мәселелер өз шешімін тапқан. Тұлға концепциясы, қазақ
әдебиетінің
ұлттық ерекшелігі,
суреткер тілі, замандас келбеті
жайлы айтылған құнды пікірлері қазіргі уақытпен үндес, бүгінгі
күн биігінен өзіндік өзгешелігі бар ой қорытындысы ретінде
бағалануда.