«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет36/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Қорытынды
.
Айта берсе, рахман нұрындай барлық қыры 
ашыла берер асыл ұстаз қазір арамызда жоқ, бірақ түбірлі де 
түйінді ойлары жадымызда, эпостың тарихын зерделегені 
сияқты ғалым бізге өз ұлтының мәдениетінің тонын айналдырып 
киген жаулары 
– 
көзқамандардың нақты белгілерін аурудың 
диагнозы сияқты айқындап кетті: «Ал көзқамандар ақыл
-
есі 
ауысқандар емес. Бұлар мектеп, университет бітірген, жоғары 
лауазымды қызмет атқарғандар болуы да әбден мүмкін. 
Кейбіреулері талай елдердің тарихы мен философиясын жатқа 


85 
айтып, жаңғақша шағып беретіндер, әділдік, адам құқы
өркениет, достық, ынтымақ, бейбітшілік секілді сөздерді судай 
сапыратындар. Сырттай қарағанда, мінсіз шешен, сәуегейден 
бетер білгір, әлем тағдырын өз алақанындағыдай кесіп
-
пішіп, 
сынап
-
мінеп отыратындар тәрізденеді. Бірақ бұлардың 
жазылмайтын немесе ұзақ емдеуді керек ететін ауруы 
– 
туған 
халқының дәстүрін танып
-
білуге салғырттығы, сөз жүзінде 
отаншыл болып көрініп,
былай шыға бере елдің хас жауларымен 
тіл тауып, халықтың түпкілікті мүддесін сатып жіберетіндігі, ең 
жаманы 
– 
жұртының қадір тұтқан қымбаттарын, тәуелсіздігімізді 
тәрк етуді көздеп отырғандармен ауыз жаласып, соларға арқа 
тіреп, намысымызды таптап кететіндігі. Мәңгүрттер есінен 
айырылған міскіндер болса, көзқамандар 
– 
елдігімізге саналы 
түрде қарсы шығатын қаскүнемдер...». Дала мәдениетінің мәуелі 
бәйтерегінің бір ұстанымы 
– 
осы. Күрес.
Қазақ
фольклоры ғылымының дамуына мол үлес қосқан 
тамаша ұстаздардың
тағылымды шығармашылық жолдары 
туралы қайталап айту бүгінгі жас ұстаздар үшін де тәрбие мектебі 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет