86
Кіріспе.
Б. Соқпақбаев шығармаларының қай
-
қайсысын
алсаңыз да ауыл көрінісі,
ауыл адамдарының бейнесі, мінез
-
құлқы, табиғаты шынайы суреттеледі. Жазушының бейнелеу,
суреттеу қабілеті өте жоғары. Өз кейіпкерлерінің портреттерін
шебер
суреттеп, балалық шақты шынайы сүйіспеншілікпен
бейнелейді.Дана халқымыздың «ізгілік атаулының бәрі күннің
нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған, дүниеде ана махабатынан
қасиетті
нәрсе жоқ» демекші Б.Соқпақбаев шығармаларындағы
аналар портреті, аналардың рөлі шығарманың басты арқауы
болып табылады.
Жазушының 1960 жылдары жарық көрген «Балалық
шаққа
саяхат» повесінде 30
-
шы жылдардағы қазақ ауылының қиын
тұрмыс
-
тіршілігі, сол кезеңдегі оқиғалар, кішкентай кейіпкердің
бастан кешкендері яғни автордың өз тағдыры суреттеледі.
Қазақ
балалар классигі атанған Б.Соқпақбаев өзінің саналы
ғұмырында
бар күш
-
жігерін балалық шақты шынайы суреттеуге
арнаған жазушы.
Қаламгердің
қай
шығармасы болмасын, балалық шақ пен
жасөспірім шақ аралығындағы және жастық шаққа қадам басар
аралықтағы уақытты толықтай қамтып,
кейіпкерлерінің
жағымды
-
жағымсыз мінездерін, әркеттері мен қылықтарын
көркем бейнелейді. Алаңсыз
балалық шақты қызықты
әңгімелейді
.
Достарыңызбен бөлісу: