«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»


Абай қарасөздерінің мазмұндық тақырыптары



Pdf көрінісі
бет42/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

 
Абай қарасөздерінің мазмұндық тақырыптары
 
 

 
Тақырыптары
 
Қарасөздері
 
 

Абай жазуға қалай кіріскені тұралы 
айтады. Бұнда өмірбаяндық дерек бар 
және өзінің жалпы шығармашылық 
еңбегіне ойлы түсінік береді.
Бірінші қарасөзі


94 

Қазақ, ноғай (татар), сарт (өзбек), орыс 
сияқты көршілес халықтарды, олардың 
кәсібін салыстырады. 
Екінші қарасөзі

Бұнда қазақ сахарасын билейтін әкімдер, 
тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді. 
Сол күндегі ел тірлігінің қайшылық, 
ауыртпалықтарын молайтып отырған 
патшалық өкімет туралы да ой қозғайды. 
Болыс атаулының елге сор болатын 
тынымсыз 
сойқанды 
мінездерін 
әшкерлейді

Үшінші
қарасөзі

Күлкі туралы ойлаған ойлары мен 
сынын айтады.
Төртінші сөзі

Қазақтың
кейбір мақалдарын сынайды. 
Халық санасының өзіндегі надандық 
қараңғылықтың
салдарынан туатын 
мінді мінез, кемшін ой айыпты 
әрекеттерді
шеней өтеді, мал үшін 
кешетін адамдарды үлкен қиялменен 
сынап айыптап түземек болады. 
Бесінші сөзі

Абай ел мінезін көптен

көп сөз етеді. 
Мұнда бірлік жөнінде, ол ақылды болыс
-
би сияқты ел әкімдерінің «пара 
алмайтыны» жөнінде әжуа айтылады. 
(Алтыншы, Сегізінші сөздерде)
Осы қатарда мінез жайын айта келіп 
өтірік, батырсынған бояма мінезді сынау 
адамдықты үгіттеу Ел мінезін сынайтын 
сыншыл 
– 
реалист ақын кейде бұрынғы 
өлеңде
қолданатын қатты сатираны 
өзіне
үлгі етеді. 
6, 8, 9, 10, 14, 23, 26, 29, 
33, 39, 40, 41, 42 және 43
-
сөз

Тағы да мақалды шенеу арқылы ел 
мінезіне үлкен сыншылдық жасайды.
Жиырма төртінші сөз

Кәсіп, еңбек иесі адамды бұзып, 
аздыратын салтты баяндайды. Ақын көп 
сұрақтар 
беріп 
отырып, 
қазақ 
қауымындағы
адам 
мен 
адам 
арасындағы қарым

қатынасты сынай 
сөйлейді.
Отыз үшінші сөз

Ұрлық
турасынан басталып, ұлықтарға 
қарсы
оларды қатты
әшкерелеген 
сыншыл ойын танытады. Халықтың
көпшіліктің өкілі болып отырған азамат 
жазушы жаңағадай ұлықтар кесірінен 
бейнет шегетін ел үшін ширығып, ызалы 
турашылдық сөздерін сөйлейді.
11-
сөз


95 
10 
Жас баланың психологиясын еске алып 
талдаған сөз баладағы білуге ұмтылу 
жақсы қасиет екенін атаумен бірге 
үлкеннің
надандығы сол жақсы баланы 
жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын 
білдіреді.
Жетінші сөз
11 
Дін мен мораль, тәрбие жайларын 
әңгімелейді. Ақын мұсылманшылықтың 
анық діндік үгітін айта отырып, оның өз
оқушысына жеткізбегі 
– 
адамгершілік 
өсиеттер
болады.
12, 13, 27, 35, 36, 38, 45-
сөздерде
12 
Адамгершілікті арнайы әңгімелейді. 
Бұларда ақын адамның адамдық 
қасиеттерін
тере сөйлейді. Үлкен 
адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық 
жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады. 
15, 17, 18, 21, 22, 28, 30, 
32, 34, 44-
сөздер
 
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ұлы ойшыл 
адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, 
өзінің 19
-
шы қарасөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. 
Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқанын есте сақтап қана 
естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу 
ғана есті етеді» 

деп ақыл
-
естің тәрбиенің жемісі арқылы 
жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай сүйекке 
біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты 
әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін 
қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс
-
әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Абай: 
«Адам баласы бір
-
бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген 
нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің 
бәрі ақымақтық», 

дейді [1].
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын ұсынды. Ол 
балаларды тәрбиелеу үшін ата
-
аналардың өздері жақсы 
тәрбиеленген болуы керек екендігін ескертті. Тәрбиелі адам 
бойынан байқалатын ұят пен ар, ізгілік пен мейірім, имандылық 
пен инабаттылықты 

ұждан деп айтады. Абай өзінің тәрбие 
жүйесінде ұждандық сипатқа ерекше мән берген. 
«Ұрпақ тәрбиесі 
– 
келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. 
Ол мемлекеттік маңызы зор аса жауапты іс. Дені сау, сезімі 
сергек, ақыл
-
ойы жетілген «сегіз қырлы, бір сырлы» абзал азамат 


96 
өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой арманы болып келеді»
[2 ].
Абай шығармаларындағы Адам белгілі бір қоғамдық ортада 
көрінеді. Абай өз шығармаларында дүниедегі сан түрлі
қайшылықтарды, адал мінезіндегі оғаштықтарды, жақсылық пен 
жамандықты, шындық пен жалғанды қатар қойып, бір
-
бірімен 
салыстыра отырып, адамды надандықтан арылтып, адамгершілік 
қасиеттерді бойға сіңіруге баулиды.
Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру, Абайдың 
пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс. «Дүниенің көрінген һәм 
көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, 
адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам 
жаны болмай, хайуанның жаны болады», 

деп жазды. 
Айналадағы дүниенің мәңгі қозғалыста, дамуда екенін былай 
түсіндіреді: «Дүние бір қалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі 
бір қалыпта тұрмайды. Әрбір мақұлыққа Құдай тағала бір 
қалыпта тұрмақты берген жоқ». Немесе «Дүние 

үлкен көл, 
Замана 

соққан жел», 

дейді отыз жетінші сөзінде. Оның 
ойынша, дүниеде өзгермейтін, құбылмайтын мәңгілік ешнәрсе 
жоқ. Табиғатқа да, адамға да осы заң ортақ екенін айтады. 
Мәселен, отыз жетінші сөзінде: «Адам баласын замана өсіреді 
кімде
-
кім жаман болса, замандасының бәрі виноват», 

деп 
жазды. Олай болса адамды адам етіп тәрбиелейтін оның ортасы, 
әлеуметтік ортасы, достары болмақ. «Мен егер закон қуаты 
қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген 
кісінің тілін кесер едім» 

дейді. Қырық төртінші сөзінде: «Әрбір 
жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса 

жарамайды. 
Өлшеуің білмек 

бір үлкен керек іс ойланбақ жақсы, іске тіпті 
салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені 
де болады. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, 
сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық 

бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы 
шығады», 

дейді [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет