93
дидактикалары жатады. Олар: «Он үшінші», «Жиырмасыншы»,
«Жиырма сегізінші», «Отыз сегізінші» сөздері деуге болады.
2.
Тастих (утверждение) немесе философиялық трактат.
Бұған Абайдың философиялық ойларын, дүниеге көзқарастарын
білдіретін ғылыми пікірлер айтқан эсселері жатады. Мысалы,
«Жетінші сөз» «Он жетінші сөз», «Қырық үшінші сөз», «Қырық
бесінші сөз».
3.
Нақыл тұспал сөз. Қарасөздердің ішінде «Отыз жетінші
сөзде» афоризмдері көп.
4.
Әңгіме, кеңес ретіндегі диалог, монологтарында Абай
кейде екі адамды не адам мүшелерін сөйлестіріп, кеңестіреді.
Мысалы: «Төртінші», «Бесінші», «Сегізінші», «Тоғызыншы»,
«Онынышы», «Он екінші», «Он алтыншы», «Он тоғызыншы»,
«Жиырма бесінші», «Жиырма жетінші», «Отыз бірінші», «Отыз
екінші», «Қырқыншы» сөздері.
5.
Публицистикалары: «Бірінші», «Екініші», «Үшінші»,
«Он төртінші», «Жиырма төртінші», «Жиырма алтыншы»,
«Жиырма тоғызыншы», «Отыз үшінші», «Отыз тоғызыншы»,
«Қырық бірінші», «Қырық екінші» сөздер және «Біраз сөз
қазақтың қайдан шыққаны туралы» мақаласы.
Абай қазақтың болыс, билерін келеке етті, елдегі қырсыздық,
еңбексіздік, надандық, діншілдік тағы басқа жағымсыз істерді
сынай сөйлеп, «Алтыншы», «Он бірінші», «Он төртінші»,
«Жиырма екінші», «Жиырма тоғызыншы», «Қырық бірінші»
сөздерінде публицистиканың сын
-
сатира, эссе, очерк, мақала,
памфлет жанрларын әдебиетке әкелді.
Абайдың қарасөздері тек жанры
-
прозалығы жағынан ғана
маңызды шығарма емес, сонымен бірге, ол өзінің тілі, стилі
жағынан да аса маңызды еңбектер.
Достарыңызбен бөлісу: