92
ерекшеліктеріне тоқталып, қарасөздің адамгершілік тәрбиедегі
орны
мен маңызы талданып беріледі.
Кіріспе.
Абайдың
қарасөздері мен нақылдары
-
ақын
творчествосының елеулі саласы, өлеңдерімен мазмұндас,
идеялас, бірін
-
бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары.
Сонымен бірге, әдеби жаңа түр,
алғаш көрінген проза,
публицистика. Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының
шынайы туындысы.
Көңіліндегі көрікті ойдың өңін қашырмай халыққа жеткізу,
өнеге қалдыру, ақыл айту,
оны терең толғантты, қиялы
қанағаттанып, шабыт биігіне көтерілді. «Ақыры ойладым,
-
дейді
Абай,
-
осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ
қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде
-
кім ішінен керекті сөз
тапса,
жазып алсын, я оқысын, «керегі жоқ» десе, өз сөзім
өзімдікі». Осы ойға кіріскен Абай, өзінің көтерген мәселесін ұзақ
желіге құрып, оқиғасын көркем
бейне арқылы ашуды мақсат
қылмайды. Ол өзінің айтпақ болған ойларын, өлеңдерінде
көтерген мәселелерін көлемі шағын, мазмұны бай, сөзі орамды,
тілі өткір қарасөздер арқылы қысқа ғана әңгімелеп береді.
Жанрлық іздену жолында ол
шығыстың ғылыми трактат,
тастих ретіндегі шағын үлгілерін, Жәмидің
қарасөзді
ғақлияларын есте ұстағаны даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: