Негізгі бөлім.
Жазушының барлық шығармаларындағы
әрекеттердің
ортасында өзің жүріп, өзің бастан кешіргендей
сезінесің, өйткені шығармаларының өн бойында шынайы тарихи
шындықтар, қазақ халқының таукыметі көп өмірі еш боямасыз
беріледі. Қандай қиыншылық болмасын мойымай, еңсесін биік
ұстап
ерлерше еңбек еткен, баласының бақытын ойлап, баласы
үшін
отқа да, суға да түсуге даяр аналардың жарқын бейнесі
көркем бейнеленеді.
«Жаз. Жайлау. Шұбала қонған киіз үйлер. Қанаттас бір
ауылға апам мені жетелеп, қыдырыстап келген. Үш
-
төрт әйел
үйде
шәй ішіп отыр, мен сыртта асық ойнаған балалардың
қасында
қызықтар қарап тұрмын. Ересектеу баланың бірі
иығымнан жұлқып:
–
Әне, сені тастап, шешең кетіп бара жатыр!
87
Ауылдың ортасын қақ жарып, тарам
-
тарам соқпақ жол өтеді.
Сол жолмен түйеге мінгескен екі әйел кетіп барады. Екеуі де
кимешек киген. Артындағысы аумаған менің шешем. Мені бөтен
ауылда қалдырып, жөнеп
барады.
Мен шешемнен өлмей қалармын.
–
Апа! Апа!
–
деп, артынан қуып бердім. Құлындаған даусым
құдайға
жетіп, бақырып жүгіріп келем. Аяулы шешемнің маған
бұрылып қарағысы да келмейді.
–
Апа! Апа!
Бақырудан өңешім жыртыла жаздайды. Жол шетіндегі
үйлердің
адамдары бәрі маған қарап қалған. Тек шешем ғана
қарамайды. Ұзын аяқтарымен тайраңдай желген жүрдек түйе
оңайлықпен жеткізбейді.
Бір әйел көлденеңнен дауыстап:
–
Әй, қатын, балаң жылап келеді!
–
деді.
Шешем енді ғана маған жалт бұрылып қарады. Сөйтсем
,
шешем деп жылап келе жатқан адамым мүлдем бөтен...
Алдындағысы да мен танымайтын басқа әйел. Өз шешем сол әлгі
шай ішкен үйде отыр» [1]. Шешесіз жапанда жалғыз қалатындай
көрінетін бала психологиясынан сыр шертеді. Анасы жанында
болса төрт құбыласы түгел сезінетін бақытты бала қөңіл! Онере
де Бальзактың: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен
баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап
тұрады» деген керемет сөзі осы көріністің жауабы іспеттес. Ана
алақанының жылуын ешқандай дүние алмасыра алмайтыны
анық.
«Бір кезде шешем кіріп келді. Мені көріп, жылап бас салды.
Неге жылайтынына түсінбеймін. Сөйтсем, шешем мені аяқ
астынан жоғалтып алған. Бүкіл ауылдан іздеп таппаған. Суға
ағып кеткен деп ойлап есі қалмаған». Бұл аз болғандай, «Кешкі
уақыт. Мен әжемнің мойнына асылып, мазасын алып ойнай
бердім. Қазандықтың алдында жайнап жатқан отты көрсетіп:
–
Ана отқа түсесің, қой,
-
дейді. Қой деген сайын ерегісіп
кетемін. Арт жақтан жүгіріп келіп, мойнына асыла кетем дегенде
Бөпке әжем еңкейіп қалсын. Мен екпінмен ары асып, домалап
түсейін. Жайнап жатқан қызыл шоқтың тура үстіне құладым.
Отырғандар шу ете қалды. Әсіресе, шешемнің даусы ащы шығып
кетті» [1]. Табаныңа кірген тікен маңдайыма қадалсын деп жанын
88
бала жолында ойланбастан құрбандыққа шалар ана жүрегінің
баласы үшін жаны шырылдаған жан қиналысын көркем
суреттейді. Әйел болмысының қадір
-
қасиетін, ананың сәбиге
деген шексіз махаббатын тереңнен толғап,
жан әлеміндегі
құбылыстарды
,
ана жүрегінің перзентім деп соққан дүрсілін,
ананың балаға деген тау суындай сарқылмас ыстық сезімдерін
табиғи суреттеп, осы жолдардан ана жанын, көңілін жан
-
жүрегімізбен сезінеміз. Психологиялық иірімдері терең, шынайы
баяндалатын шығарма, оқыған сайын өзіне баурап алады.
Анасының мәңгілікке көз жұмар кезінде жанталасып өзін
іздегенін, «Әлгі Бердібек қайда? Бердібек... шақырыңдаршы» деп
сандырақтап жатып, көз жұмғанын, соңғы лебізін ести алмай,
өкініште
қалғанын, енді өмірден қарманар сүйеніш таба
алмайтынын, Беркенім деп еркелететін аналық мейірбан сөзін
ешқашан ести алмайтынын, «жетім» деген суық сөздің
мағынасын енді түсіне бастағанын, адамның ар
-
ожданын
тілдеуге де дүниеде бұдан қатал, бұдан аяусыз сөз болмайтыны
туралы кейіпкердің (автордың) ішкі жан күйзелісі мен ой
-
пікірі
жазушының басты көркемдік әдісі. «О, қасиетіңнен
айналайын
қара
талқан! Сен де мені тұлықтастан артық болмаса, кем зығыр
еткен жоқсың
-
ау. Туғаннан көзімді сенімен аштым. Аузым алғаш
асқа талпынғанда апам бөкпен етіп талқан берген» [1].
Шығармадағы осы үзіндіден қазіргі күнмен салыстыруға
болмайтын әлеуметтік жағдайды көреміз. Жазушының қара
талқанды қасиетке балап, қастерлеуі қандай әдемі. Қазір
барымызды бағалап жүрміз бе? Асты қастерлеуімен қатар,
апасының махаббатын көрсетуі жазушының зор шеберлігі емес
пе? Бұл үзіндіден ана махаббатын да көре
аламыз. Бөкпен атауы
көпшілігімізге түсініксіз екені жасырын емес қой. Ол
–
сүтке
бөктірудің нәтижесінде жасалатын тағам. Соны ас ішуге енді ғана
жараған баланың аузына апасының тосуынан үлкен мейір
-
шапағатты көре аламыз. Себебі ол кезде қолда бар нәрсе сол
болды ғой. Қай кезең, қай қоғам, қай заман болса да, баласының
аузына барын тосатын ана бейнесі өзгермек емес. Шығармадағы
талқанға қатысты үзінді тек бұл емес. «Талқан, талқан, талқан»
деген қайталауы көп үзіндіні жиі кездестіреміз. «Көркем
шығармадағы поэтикалық уақыт осы туындының поэтикалық
кеңістігі де болып табылады. Көркем образ осы бір өлшемдердің
89
аралығында қалыптасады»,
-
деген З.Жұмағалиевтің пікірімен
келісуге толық негіз бар. Себебі «Балалық шаққа саяхат»
шығармасының да поэтикалық кеңістігі мен авторлық шешімі
бар. Ана мен баланың әр оқиғасында өмір көрінгенімен, авторлық
көркемдеу бар. Бұл шығарманың көңілдерден орын алуының да
себебі сол [2].
Шығармада шешесінің ебіл
-
дебіл жылаған сәті әркімнің де
көз алдына келеді. Бұл көз жасы «махаббаттың жасы». Ананың
балаға деген ұлы сезімі мен жылулығы болмаса, баласын
жоғалтып алдым деген ой оны жылатушы ма еді? Жылатпас еді.
Қазіргі
психологияда ананың көңіл
-
күйі мен жағдайы балаға
тікелей әсер етеді деп жатады. Ал бұл шығарманы терең түсініп
,
мәніне жетіп оқысақ, ана мен бала қарым
-
қатынасындағы нағыз
психологияны, бір жағынан жазушының шеберлігін көреміз.
Шешесінің ауырып, өзі сияқты талқанды бірдей жұта
салмайтыны баланың өзегін өртеген жоқ па? Соны ұғынған
баланың шешесіне жаны ашымайды дей аламыз ба? Аурушаң
анасын сөзсіз
-
ақ түсініп отырған баланың күйі суреттеусіз
-
ақ
жүрекке жетті. Қазіргі заман оқырманының жүрек түкпіріне
шүкіршілік орнатты. Ал баласының бар бұзықтығын көтеріп,
жарасын таңған ана сезімінің асқақтығын өлшеу де, сипаттау да
мүмкін емес. Аналардың баласына деген адал мейірімін бір
ғаламат
дер едім. Бұл мейірім өзгермеген, өзгермек емес. Бұл
шығарманы айна
-
қатесіз шынайы өмірден алынған деген
пікірлер де жоқ емес. Сонау балалық шақтан сыр шертуге
жазушыны жетелеген осынау махаббат, осынау мейір
-
шапағат
болар, бәлкім? Әйтпесе қара талқанмен күнелтіп, қиындықты көп
көрген бала күнді сағынуға не жетелесін? Жазушы сол күндердің
өзінен
бақыт көре білді ғой. Балалық бұзықтығы мен
жоқшылықпен өткен күндерін жайып салудан да жасқанбады.
Сонысымен биік болды.«Көркем әдебиет жастар тірлігін
суреттегенде сыры мен сымбаты үйлескен жаны сұлу, мұраты
асқақ жігіттер мен қыздардың барша ұнамды қасиеттерін
жинақтап, нанымдылық дәрежеге жеткізе көрсетуі, ол үшін
суреткерлік шыншылдық психологтік жітілік, ең бастысы,
шаттыққа бермес әдемі мұң, әдемі үміт, кәусәр мөлдірлік
керектігі, сонда ғана көркем образдардың табиғи, таза болмысы
бағалы екені мәлім» [3]
–
деген Б.Майтановтың пікірімен
90
келіспеске болмайды. Дәл осы пікірге сүйене отырып,
шығарманы былай талдауға болады:
Бұл шығармада нәп
-
нәзік, көркем түрдегі ана мен баланың
мұңы жатыр. Ол мұң сол кезеңдегі қоғамның әлеуметтік
жағдайымен тікелей астасып жатыр.
Психологтік жітілікті жілігін шағып талдамасақ та, автор дәл
мына нәрседе психологиялық
талдау мен ой
-
пікір бар деп
нұсқамаса да, бұл шығарманы тұтас психологизмге құрылған
десек артық айтпаған болар едік.
Ананың әдемі мұңы ше? Баласының бар бұзықтығы мен оғаш
қылығына
көз жұма қарап, оның болашағына артқан үмітінің өзі
кәусәр мөлдірлік емес пе?
Демек бұл шығармадағы ана мен бала бейнесінің көркемдік
образы ашылды. Табиғи болмыс, таза бейне ретінде көрініс алды.
Оқырман жүрегіне сол арқылы жол тапты.«Қаламгердің
кейіпкерлері өз кезіндегі саясат ықпалына бағындырылмаған, тек
қана
қоғам сипатын дәріптеу,
мадақтау мақсатында емес, адам
тағдырына, қандай қоғамда өмір сүруіне қарамастан, адам
тағдырының түрлі қалтарыстан ақтара көрсетуге бағыттала
сомдалған кейіпкерлер еді» [4]. Е.С.Адаеваның осы пікірі
Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты
шығармасының
мазмұнын ашып тұрғандай
-
ақ. Себебі бұл шығармадағы
мәселелер, әсіресе ана мен баланың оқиғалары тұтас бір тағдыр.
Адамгершілік, махаббат, мейірім сынды сезімдері осы кезеңде де
көрініс алып тұр. Бұлар келесі ғасырда, тағы бір жүз жылдықта
да
қажет болатын құндылықтар. Сондықтан кейіпкерлер бейнесі
қоғам
дағдарысының астарында бүркемеленіп қалмауға тиіс.
Сондай қиын кезеңдегі оқиғалардың асқан шеберлікпен
суреттелуінің өзінде бір мән бар.
Достарыңызбен бөлісу: |