104
айқын сара бағыты бар өз алдына бөлек, бүтін бір
ақындар
шоғырының басында тұрған жыр алыбы деп санайды.
Сүйінбай өлерде айтқан бір өлеңінде мұрасының қағаз бетіне
түсіп, жазылып қалмағанына өкінеді. Өзі қайтыс болғаннан кейін
өлеңдері
елдің есінде қалмай, өзімен бірге жойылып кете ме деп
қауіптенеді
.
Өлеңінде
ақын кесір мінезді Жұмыққа реніш те
білдіреді. Олай болуының себебі халық ақыны Ә.Сариев былай
түсіндіреді: «Аурудың
батқанын сезіп, енді айықпасына көзі
жеткен Сүйінбай ағасы Жұмықты қасына шақыртып алып, өзінің
өлеңдерін
жаздырып кеткісі келетінін айтады. Ол үшін
–
елден
хат білетін төрт адам тауып әкел, солар менің айтқанымды жазып
алсын» [2],
–
дейді. Бірақ, тағдырға бас иген, өнерге бейтарап
Жұмық бұл сөзге құлақ аспайды. Қайта оның сөздерін ауру
сандырағы деп түсініп, Сүйінбайға «Құдай алдында күнәлі
болмай,
жөніңмен жатып, тағдыр бұйрығын қарсы ал»,
–
деп
ақыл береді. Жұмықтың осындай тоң мінезін сынай айтқан
Сүйінбайдың «Жұмыққа» деген өлеңі былай басталады:
Атың емес, Жұмық
–
ай, ойың жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім
–
ау көзім жұмып,
Сүйінбайды апарып көмгеннен соң
Отырарсың жотада жалғыз ұлып.
Өмірді келген, кеткен аңдамайсың,
Адамның болашағын болжамайсың.
Асыл сөздің білмейсің қасиетін
Жаман ойға келгенде талғамайсың,
Қияс мінез, томырық от пен жалын
Қайтейін осыныңа арланбайсың,
-
[3,305б.].
Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей
қарастырсақ,
оларды негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар,
арнаулар, айтыстар.
Достарыңызбен бөлісу: