«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет45/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім.
«Тіл 
– 
халықтың ең ұлы байлығы» деген еді 
заманымыздың көрнекті жазушысы М.Шолохов. Тыңдаушы 
адамға тіл, әрине, сөз арқылы жетеді. Халқымыз
«Сөздің көркі 
– 
мақал» дейді. Тарихи
-
әлеуметтік өмір тәжірибелерінен алып, 
терең де зерделі тұжырым жасап, асылдай қорытып, алмастай 
шыңдап айтатын мақал
-
мәтелдер мен қанатты сөздерді (нақыл 
сөздерді; қалыпты, орнықты, қалыптасқан тіркестерді; 
афоризмдерді; ұтымды, жинақты, образды, айшықты өткір сөз 
орамдарын) халық өлшеусіз көп шығарған. Әрбір тіл де, сол тілде 
сақталып жүрген сөздің інжу
-
маржаны да 
– 
атам заманнан бері 
жасалып келе жатқан өте көне мәдениеттердің көзі. Ол халықпен 
біте қайнасып, бірге жасайды. Сондықтан да ол 
– 
ел
-
жұрт 
өмірінің
айнасы, табиғи шындықтың өзі. Мақал
-
мәтел 
– 
халықтың ғасырлар бойғы іс
-
тәжірибесінен, өмір тәжірибесінен 
қорытып
ереже, өмір заңы түрінде тұжырымдалған аталы сөз 
халықтың ой түйіні.
Мақал
-
мәтелдер 
– 
халық творчествосының төл жемісі. Әуелі 
әрбір
жеке адам ойлап шығарғанмен, жүре
-
бара олардың авторы 
ұмтылып
кетеді де, жұрт сынынан өткендері халық қазынасына 
– 
фольклор (ауыз әдебиетінің) шығармаларына айналып отырады. 
Осыдан барып мақал
-
мәтелдер көбінесе «халық даналығы» деп 
аталады. Көне түркі тілдерінде «аталар сөзі» деп атайды, яғни бұл 
– 
атадан «атадан балаға мирас болып келе жатқан қазына» деген 
сөз [4,36б.].
Халық 
– 
суреткер. Ол өз өмірін, табиғат аясы мен өз ортасын 
жан
-
жақты сипаттап беріп отырған. Мақал
-
мәтелдердің ұзын
-
ырғасы мен мазмұн
-
көлемін түгел қамтып суреттеу мүмкін емес. 
Табиғат көріністері мен тарихи уақиғалар саяси
-
қоғамдық 


100 
құбылыстар
мен тұрмыстық жағдайлар (еңбек, оқу, өнер, білім, 
отбасы, тәрбие т.б.) моральдық қасиеттер (жақсы
-
жаман т.б.) 
тағы басқа да толып жатқан тақырыптар туралы лайықты мақал
-
мәтелдер шығарылған. 
Мақал
-
мәтел ойды қысқа да ұтымды, өмір тәжірибесін туғыза 
айтатын сөздер. Онда ел, халық, Отан, ерлік, бірлік, өнер
-
білім, 
еңбек, отбасы, бала тәрбиесі, төрт түлік мал, жан
-
жануар, ас
-
азық, ауру
-
сырқау, дау
-
шар, жақсылық пен жамандық, 
адамгершілік парыз жайында айтылған өнегелі сөздер өте 
көп.«Туған жерге туын тік», «Ер өзі үшін туады, елі үшін өледі», 
«Ел іші 
– 
алтын бесік» дейтін мақалдар ертедегі батырлардан 
бастап, Отан соғысы күндеріне дейін елді ерлікке шақырып, 
патриотизмге баулыған асыл сөздер болған. Ұлы Отан соғысы 
жылдарында қазақтың сансыз ұлдары еліміздегі басқа да туысқан 
халықтардың өкілдерімен майданда асқан ерлік, қаһармандық 
көрсетіп, фашизмді күйретті. Қазақ мақалында «Ырыс алды 
– 
ынтымақ», «Бірлік болмай, тірлік болмас» сияқты толып жатқан 
мақалдардың тәрбиелік мәні зор.
Мақалда бала тәрбиесіне де үлкен мән берілген. «Баланы 
жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Қызды асырай 
алмаған күң етеді, ұлды асырай
алмаған құл етеді», «Сіз» деген 
сыпайылық, «сен» деген «анайылық» деген мақал
-
мәтелдердің 
мәнісі жас ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ. Жастарға өнер
-
білім, тіл үйретуде мақал
-
мәтелдің мәні аса зор. Білім
-
өнер 
еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып білімін 
байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алмақ.
Мақал
-
мәтелдер қоғам өміріндегі әлеуметтік құбылыстарды, 
адам мінезін, табиғат пен тіршілік сырын, оның қайшылығын 
таныта отырып, адамға терең ғибрат берген. Мақал осындай 
құбылыстарға
берілген баға, ойдың тобықтай түйіні ғана емес, 
өзінше
бір ереже.
Ұл
мен қыз, жалпы мінезі қандай болуға тиіс дегенге де халық 
мақалы бұлжымас нұсқау береді. «Атаның баласы болма, 
адамның баласы бол», «Жақсы адам 
– 
ел ырысы», «Бір кісі мың 
кісіге олжа салар», «Ақ жүрген адам 
– 
азбас», «Адам аласы 
ішінде, мал аласы сыртында», «Кісі болар баланың кісенінен 
белгілі, ат болатын құлынның мүшесінен белгілі», «Тау тауға 
қосылмас, адам адамға қосылады», «Әдептілік 
– 
адамдық белгісі, 


101 
тұрпайы мінез 
– 
надандықтың белгісі»
деп келетін мақалдардың 
тәрбиелік
-
этикалық мән
-
мағынасы әлі күнге өз күшінде.
Халқымыздың мақал
-
мәтелдерінің шешендігін лингвист В.В. 
Радлов былай бағалаған: «Қазақ ақындарының қабілетінің зор 
екеніне барған сайын көзім жете түсуде, қалай әсем сөйлейді. 
Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіреді, қарсыласының да 
сөзіне шебер тойтарыс бере біледі, балаларының ақыл
-
ой, есі де 
тез жетіледі. Ойын дәл ұғындыра алады» [3, 64б.].
Халқымыздың мақал
-
мәтелдерінен оның ғасырлар бойы 
қалыптасқан
даналығы көрінеді. Осындай қасиеттеріне қарай 
мақал
-
мәтелдерді тәрбие және оқу үрдісінде орынды пайдалану, 
еліміздің тарихын, тілін жетік білуде үлкен рөл атқарады.
Қазақ
энциклопедиясында мақал
-
мәтелдерге төмендегідей 
анықтама берілген: «Мақал
-
мәтелдер 
– 
қазақ ауыз әдебиетінің 
ежелгі жанрларының бірі. Мазмұны халықтың тұрмысын, 
кәсібін, салтын, санасын бейнелейді, табиғат, қоғам, адам 
жайындағы ұғымдарын, сенімдерін түйіндеп көрсетеді. 
Дидактикалық шағын жанрлардың аз сөзбен көп мағына беретін 
ең қысқа және көркем түрі» [1, 14б.]

Мақал
-
мәтелдер құрылысы жағынан ықшам, әрі көркем
мағынасы жағынан терең ой, кең мазмұнды қамтитын, асқан 
шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Халқымыздың ерте заманнан 
бері тырнақтап жиып, сақтап, атадан балаға мұра ретінде 
қалдырып
келе жатқан асыл қазынасының бірі 

мақал
-
мәтелдер. 
Мақал
-
мәтелдердің ауыз әдебиетіне жататын жанрлардан 
өзгешелігі, көне заманның мұрасы ретінде кітапханаларда, 
мұрағаттарда сақталып жатпай, оның өмір талабына сай 
жаңарып, толығып отыратындығында және күнделікті өмірге 
икемділігінде. Мақал
-
мәтелдер қай кезде болмасын халықты 
жақсылыққа, адамгершілікке, кішіпейілділікке, өнер
-
білімге 
уағыздайды. Бұдан, біз мақал
-
мәтелдердің тәрбиелік маңызы зор 
екендігін байқаймыз. Сонымен қатар, мақал
-
мәтелдер 
– 
тіліміздің лексикалық қорын байытуға әсерін тигізеді. Жазба 
әдеби
тілінің көркейіп өсуіне ауыз әдебиеті негізгі тірек болады 
[5, 28б.].
Мақал
-
мәтелдер фольклор жанрының бір түрі. Осыған 
байланысты мақал
-
мәтелдер, біріншіден, халық ауыз әдебиетінің 
ерекшеліктерін бойына сақтаса, екіншіден, қазіргі жазба 


102 
әдебиетіне
өзінің халық тілінде жасалған формасын ешбір 
өзгертпей
еніп отыр.
Мақал
-
мәтелдердің табиғатының күрделілігі, оның көнелігі 
мен қолдану аясының кеңдігінде. Белгілі бір жағдайға, 
тақырыпқа байланысты шебер айтылған ұтымды, тиісті нақыл 
сөздер ауыздан
-
ауызға көшіп, ел арасына анау айтқандай, мынау 
айтқандай деп шешеннің есімімен қосарлана жүрген еді. Ал, 
кейін шығарушының есімі ұмытылып, ұтымды, орынды 
қолданылған
сөздер халық сынынан өтіп, өңделіп, мақал
-
мәтелдерге айналып кеткен [5,76б.].
Мақал мен мәтел 
– 
қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы, 
халықтың тұрмысын, кәсібін, салтын, дүниеге көзқарасын 
бейнелейтін шағын поэтикалық жанр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет