«бақан»
(киіз үйдің шаңырағын
көтеруге арналған сырғауыл тастап, оның алдынан
«желі»
(құлын байлайтын арқан) тартады. Халықтың нанымы бойынша,
бұлар
–
қасиетті заттар, олардан аттап өтуге болмайды, ал бұл
жағдайда одан ақы төлеп айналып өту керек. Сондықтан күйеу
бола жеңгелерге
ақы (кәде)
төлейді де, олар күйеу баланың
жолынан кедергіні алып тастайды. Бірақ бұндай көріністердің
барлығы жырда онша көрінбейді, яғни Назым бұл әдеттерді
орындайды. Назымның әдет
-
ғұрыпты бұзып еріксіз қалың малға
сатылуға көнбейтін қыз екендігі
«Тоқсан үйлі Тобыр»
жырында
өте
айқын берілген. Мұнда ол өз әкесі Әзімбайға:
«Айғыр емен, ат емен
Жал
-
құйрығын сүзілтіп
Бауырыңа салғандай» [5, 94],
-
дейді.
Бұл жырда халықтың өлең
-
жырларында қолданылып келген
дәстүр жаңа әдістермен толтырылған. Мұнда тұрмыс
-
салт
өлеңдерінің
дәстүрінде аңсап, арман ететін бой жеткен қыздың
сипаттары да толықтырылады. Назымның өз басын толық
бағалай білетіндігі, махаббатты жолында жан алмайтындығы,
өзінің
ішкі сезімін қорғау үшін батылдық пен нақты әрекет істей
алатын қыз екендігі айтылады. Назым
-
ақ тұйғын, аққу, қоңыр
үйрек, балапанын ерткен қоңыр қаз. Оның денесі аппақ қардай,
екі беті қарға толған қандай, көзі құралайдың көзіндей. Осы
сияқты сипаттардың нәтижесінде рухани тәрбиесі де, дене
тәрбиесі де жан
-
жақты жетілген мінсіз адамның бейнесі көрінеді.
Қамбарды
Назым оның күшіне, ерлігіне қызығып сүйеді. Назым
Қамбардан
өзінің ойында арман етіп жүрген жігітінің сипатын,
батырлығын көреді. Сондықтан да «Он екі баулы өзбекті» және
«ноғайлы» елін қалмақ шабуылынан қорғайды деп сенеді.
«Бара жатқан Қамбарды
Назым сұлу көздеді.
Шын батырға кез келді.
...Соған ғашық болғаным
Қалмақтың
берер деп едім
Жалғыз
-
ақ өзің жазасын» [5, 95].
152
Қамбар
мен Назым арасындағы ғашықтық және батырдың
Назымға үйленуін баяндау олардың руының Махтым ханға қарсы
күресімен байланыстырылып берілген. Назым Қамбарға деген
адал махаббаты үшін күреседі. Ноғайлы елінің билері,
«көп
жылағанша бір қыз жыласын»
деп Назымды Махтымға бермек
болып, кесім шығарған кезде де ол өзінің бетінен қайтпайды.
«Тоқсан үйлі Тобырда»
ХІХ ғасырдағы елдің тұрмыс
жағдайлары кейіпкерлердің іс
-
әрекетін
өзгертуге де әсер еткен.
Мысалы, ұрыс қызған кезде сартылдап найза сынып, зуылдап
садақтың оғы ұшып жатады, сонымен қатар күрсілдеп зеңбірек
атылып, аспанға ракета ұшып жатады.
Сайып келгенде, ХІХ ғасырдағы ел тұрмысының бұл жырға
тиген ең басты
әсері: тұрмыстағы әлеуметтік қайшылықты ашып
көрсету, кедейлердің жай
-
күйін жақсартудың қажеттігін сөз қылу
және қалың малсыз үйлену мәселесін көтеру. «Тоқсан үйлі
Тобыр»
жырында ескіден келе жатқан дәстүрмен қатар көп
жерлерде жаңалық араласып басқа батырлар жырының дәстүріне
ұқсамай
отырды. «Тоқсан үйлі Тобыр» жырында және Қамбар
туралы басқа жырларда да ел қыдырып әулие іздеп молаға түнеп,
аруаққа сиынып батыр бала сұрап жүрген қубас шал
-
кемпірлер
жоқ. Және батырдың бала күніндегі ерлігін суреттеу, өзіне
жылқыдан ат таңдап алу, сүйген қызына таласқан басқа жігітпен
сынасып, садақтан оқ атысу, бәйгеде сынасу сияқты жырлардан
кездесетін суреттеулер де жоқ. Жырдың басында сөз Назымның
сұлулығы туралы болады. Одан кейін Назымның өжеттілігі,
еріктілігі қалың тойда өзіне күйеу боларлық жігіт таңдағанда
және Қамбарға алғашқы кездескен жерлерінде толық, өте айқын
суреттелінеді. Назымда көзге түсерлік сипат көп. Оның міндетін
алтын күймесі, киетін алтынмен әшекейленген қамқа тоны, беті
-
қолын
жуатын алтын құманы бар. Оның алтын күймеге жегіп
жүретін қос қара атының қамыт
-
доғасы да алтыннан, седелкесі
күмістен жасалған, божысы жібектен есілген және басқа да бай
дүние
-
мүлік бәрі оның әмірінде. Назым тек қымбат бағалы
киімдермен денесінің кіршіксіз аппақтығымен, бетінің
қызылдығымен, қасының қаламдай сызылып тұрғандығымен
және әсем сұңқар бойымен ғана суреттелінбейді, сонымен қатар,
Назым таза жүректі адамгершілік қасиеті мол тілекті адам. Оның
ең басты қасиеті де осында.
153
Достарыңызбен бөлісу: |