149
Негізгі бөлім.
Қазақтар некенің әр алуан түрлерін білген,
бірақ некенің ең көп тараған және негізгі түрі құда түсу және
келінді қалың мал беріп алу жолымен үйлендіру болды. Құда
түсу салтын жастардың ата
-
аналары немесе жасы үлкен
туыстары жүзеге асыратын еді. Құда түсу туралы келіссөз
жүргізуден бұрын күйеу
баланың ата
-
аналары жорамалданып
отырған құда түсер үйдің жақсылы
-
жаманды
оң немесе теріс
жақтарын дәлелдейтін барлық мән
-
жайларды біліп алатын.
Осындай құпия «барлаудан» кейін ғана күйеудің әкесі ресми
ұсыныс
жасау үшін қыздың әкесіне өзінің сенім білдірген адамын
«жаушы» етіп жіберетін. «Қамбар батыр» жырындағы осындай
«жаушы» ретінде Келмембет жіберілген.
Келмембет тағы
сөйлейді:
«Сен сұрасаң Әзімбай
Айтайын келген жөнімді,
Арада жүрген жеңгемін
Киемін қымбат тоныңды,
Мәрт кісінің белгісі
Бітірсең тездеп сонымды;
Ешкім саған тие алмас
Ұстасаң
менің қолымды;
Жаушы қып патшам жіберді...
...Бүгін саған мейманмын
Таңдап сой семіз қойыңды:
Құда
түсіп, құйрық жеп
Қыламыз қызық ойынды...» [3, 438],
-
дейді.
Егер қыздың ата
-
анасы ұсынысты қабылдаса, күйеу жағынан
құралдардың
келу мерзімін белгілеп, жаушыға
«шеге шапан»
деп аталатын шапан жапқан. Сонан соң күйеудің
әкесі
белгіленген мерзімде құдалар жіберіп, олар қалың малдың көлемі
туралы, жасау
-
жабдықтар туралы, қалың мал төлеудің алдын ала
белгіленген мерзімдері және тойды өткізетін уақыттың өзі
туралы ресми келіссөз жүргізген.
Құдалық
туралы екі жақтың келісімі антпен бекітілген, бұл
үшін
құрбандыққа шалынған қойдың бауыздағандағы қанын
ағаш тостағанға (аяққа)
толтыра құйып, екі жақтың да бос
150
құдасына
апаратын, олар оған оң қолының саусақтарын малып,
ал неғұрлым ерте кезде оған найзасының немесе жебесінің ұшын
салып, сонымен бірге құдалық уағданы бұзбау туралы ант берген
сөздер айтатын болған. Ант беру рәсімі жасалғаннан кейін
ақсақалдар қан толтырылған тостағанға
қарап отырып аят оқу
арқылы уағдаластыққа бата берген, бұл қазақтарда
«батаяқ»
деп
аталды. Осы жол
-
жораның құрметіне күйеу жағынан келген бас
құда
қалыңдыққа тарту
-
таралғаны және қалыңдыққа
Достарыңызбен бөлісу: