161
Қазіргі
әдебиеттану ғылымындағы күрделі міндет әдеби даму
үрдісі
мен көркемдік жаңаша ізденістерді пайымдау
–
бүгінгі күн
тәртібіндегі маңызды мәселе болып отыр. Әдебиеттің белсенді
жанры поэзиядағы мифтің поэтикасын қарастыру
–
қазіргі
ұлттық
әдебиетіміздің зерттелмеген тың саласы.
Ғылымда
мифке анықтама өте көп кездесе береді.
Анықтамалардың көпшілігі антика дәуірінде дамыған
мифологияға арналған және мифологияның қызметіне, оның
дінмен, өнермен, филисофиямен, әр түрлі ырымдармен,
ертегімен және әпсанә
-
хикаятпен байланысына негізделген. Егер
барлық анықтамаларды жинақтап қарасақ, үлкен екі топқа
бөлінеді: біріншісі
–
миф дегеніміз дүние туралы фантастикалық
түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың
ғажайып
оброздарының жүйесі, екіншісі
–
миф дегеніміз
құдайлар
мен қаһармандар жайындағы ауызекі әңгіме
-
деп миф
түсінігіне екі түрлі анықтама береді. Демек, мифология дегеніміз
мифтік әңгімелердің жиынтығы ғана емес. Кейбір мифологиялық
түсініктер әңгімеде емес, ырымда, ғана бой көрсетеді. Тіпті көп
жерлерде миф пен басқа фольклорлық прозаны ашып
айырмайды, себебі миф тарихи негізі бар аңыз, хикаят, тіпті
ертегі сипаттада баяндалады. Міне, осының бәрі миф жанрының
әдебиеттануда
әлі де зерттелмегендігін дәлелдейді.
Біздің ұлттық әдебиетіміздің алғашқы үлгілерінде, батырлар
жырларында,
жыраулар
поэзиясында
мифопоэтикалық
өзгешеліктер
баршылық. Ұлттық поэзиядағы мифологиялық
сарынның барынша молынан кездескен тұсы ХІХ ғасыр мен ХХ
ғасыр
аралығында кездеседі. Мифология жалпы дүниенің
жаратылысы, белгілі аңыздар желісінен құралып, аңыздан
көркемдік дәрежеге көтеріліп поэзиялық шығармаларға бойлап
ене бастады. Осы кезеңдегі поэзияның белді өкілдері Абай,
Шәкәрім, Мағжан т.б ақындарымыздың поэмалары мен
өлеңдерінде
бұл көрініс байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: