174
Мақал
-
мәтелдер қоғам өміріндегі әлеуметтік құбылыстарды,
адам мінезін, табиғат пен тіршілік сырын, оның қайшылығын
таныта отырып, адамға терең ғибрат берген. Мақал осындай
құбылыстарға берілген баға, ойдың тобықтай түйіні ғана емес,
өзінше
бір ереже.
Ұл
мен қыз, жалпы мінезі қандай болуға тиіс дегенге де халық
мақалы бұлжымас нұсқау береді. «Атаның баласы болма,
адамның баласы бол», «Жақсы адам
–
ел ырысы», «Бір кісі мың
кісіге олжа салар», «Ақ жүрген адам
–
азбас», «Тау тауға
қосылмас, адам адамға қосылады», «Әдептілік
–
адамдық белгісі,
тұрпайы мінез
–
надандықтың белгісі» деп келетін мақалдардың
тәрбиелік
-
этикалық мән
-
мағынасы әлі күнге өз мәнін жойған
емес [2,25].
Жоғарыдағы мысалдардан мақал
-
мәтелдердің барлығына
ортақ тән қасиет
-
өмір құбылыстарының мәнін, сыр
-
сипатын
ашып, қорытынды жасауға бейімділігі. Мақал
-
мәтелдерді
шығарушы, әрі таратушы
–
халық. Мақал
-
мәтелдер халықтың
рухани бай өмірінен, ой
-
қиялынан, ақылынан туады. Халық
–
мақал
-
мәтелдерді өте жоғары бағалайды. Мәселен: «Сөздің көркі
–
мақал», «Мақал
–
сөздің атасы» деген мақал
-
мәтелдер
сөзіміздің айғағы.
Достарыңызбен бөлісу: