185
ӘДЕБИЕТ
САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
СЫНИ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Молдаханова Г.Ж., Нурмагамбетова А.
Республикалық спорт колледжі
Абай атындағы ҚазҰПУ
Алматы қаласы
Аңдатпа.
Мақалада сыни ойлауды қалыптастыру мәселесі,
"сыни ойлау" ұғымы, оның анықтамасы сөз болады. Әдебиет
сабақтарында оқушылардың сыни ойлауының деігейін анықтау
үшін
эксперимнент жүргізілді. Эксперимент оқушылардың сыни
ойлауын қалыптастыру мәселесі көптеген мұғалімдер үшін әлі
маңызды бола қоймағанын және олар бұл мәселені шешуге толық
дайын емес екенін көрсетті.
Білім алушылардың сауалнама
нәтижелерін талдау жоғары сынып оқушыларының әдебиетті
үйренуге
деген қызығушылық деңгейінің жеткіліксіз екенін,
сабақтарда оқушылар негізінен шығармашылық қабілеті төмен
дәстүрлі жаттығуларды
орындауға дағдыланғанын, топтық
жұмыс жүйелі түрде жүргізілмейтінін, оқушылар
сабақта өз
пікірлерін айтуға бата алмайтынын анықтап берді.
Кіріспе.
Сыни ойлауды қалыптастыру проблемасының
өзектілігі
технологиялық және әлеуметтік
прогресс қоғамның
заманауи талаптарына тез бейімделуді, өз бетінше алған білім
негізінде өзгеруді және жетілдіруді, кез
-
келген стандартты емес
жағдайларда кәсіби және әлеуметтік мәселелерді шешу
жолдарын табуды талап ететіндігімен байланысты. Бүгінгі таңда
бір қарапайым ойлау тәсіліне ие болу жеткіліксіз. Ғылымның өзі
де
ойлаудың
жаңа
стильдерін,
дәлелдеудің
жаңа
процедураларын, сайып келгенде, теориялық және практикалық
есептерді тұжырымдауға және
шешуге авторлық көзқарасты
талап етеді. Осылайша, қазіргі адамзаттың өмір салтын өзгерту,
ең алдымен, сыни тұрғыдан ойлаудың күрделі дағдыларын
игерудің маңыздылығын негіздейді.
Ұлттық
білім беруді жаңғырту тұжырымдамасы жаңа сыни
ойлауы, жоғары ұтқырлығы, құзыреттілігі, толеранттылығы бар,
тұрақты өзін
-
өзі оқытуға дайын жоғары білікті маман даярлау
қажеттігін
көрсетеді. Бұл талаптар оқушылардың сыни ойлауын
186
қалыптастыру және дамыту
қажеттілігімен байланысты, бұл
олардың кәсіби құзыреттілігінің ажырамас және қажетті бөлігі
болып табылады. Қазіргі бастауыш мектептің басты міндеті
–
әр
оқушының қабілеттерін ашу, жоғары технологиялық және
өзгермелі
әлемде өмір сүруге
дайын тұлғаны тәрбиелеу.
"Сыни ойлау" ұғымын әр түрлі түсіндіруге
қарамастан,
олардың жалпы мағынасы келесідей: сыни тұрғыдан ойлау
дегеніміз
–
саналы түрде бағалау, пайымдау, ойлау, яғни белгілі
бір мәселені шешуге бағытталған психикалық, эмоционалды,
танымдық белсенділікті көрсету.
Шетелдік зерттеулерді талдау
сыни ойлаудың бірыңғай
анықтамасы жоқ екенін көрсетті. Әр түрлі ғалымдардың осы
тұжырымдаманың мазмұнына өзіндік көзқарасы бар. Осы
анықтамалар мен пайымдауларды қорытындылай келе, сыни
тұрғыдан ойлау негізінен келесі дағдыларға негізделеді деген
қорытынды
жасауға болады: оқиғаларды бағалау (мәлімдемелер,
әрекеттер, фактілер және т. б.); саналы таңдау жасау; дәлелдеу;
тиісті сұрақтарды тұжырымдау; фактілерді пікірлерден ажырату;
жаңа шешімдер табу; талдау критерийлерін анықтау; талдау үшін
критерийлерді табу
болжамдарды қолдайтын дәлелдер;
логикалық байланыстар құру.
Сыни тұрғыдан ойлаудың мақсаты
–
объективті шындықты
анықтау. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қоюдан және
шешілетін мәселелерді анықтаудан басталады, сенімді
дәлелдерге ұмтылады.
Сыни тұрғыдан ойлау
–
бұл әлеуметтік
ойлау.
Достарыңызбен бөлісу: