Әр мәдениет тірі организм,
өз
тағдыры бар, өркениеттің өмір сүруі шектеулі(1500 жыл).
Слайд №5 Л.Морганның өркениетке
көзқарасы
Жабайылық (тағылық)
Варварлық
Өркениет
Еңбек бөлінісі, таптардың пайда
болуы, қала, жазу және т.б.
дамуы
47
Н.Бердяев: өркениет – өндіргіш күштердің дамуы,
экономикалық реализмнің үстемдігі, тарихты материалистік
тұрғыдан түсіну.
А.Тойнби: Өркениет – мәдениеттің соңы, уақыт пен
кеңістік мәдени-тарихи жүйе шектеулі, өзгелерден рухани,
қоғамдық шаруашылықтық, саяси ерекшелігі сақталған.
Әр өркениет тарихи жағдайларға «жауап» беру қабілеті
сақталғанға дейін өмір сүреді, қоғам жауап беруге жағдайы
келмей, қаруға жүгінсе өркениет өледі.
Ортеге –и – Гассет Шпенглер идеясын жоққа шығара
отырып, «Бұқара көтерілісі» еңбегінде мәдениет пен
өркениеттің дамуның жалғастығын қарастырған. ХХғ.
Европадағы дағдарыс европалық мәдени дәстүрдің күйреуі
емес, қайта жаңғыруы деп қарастырады. Өркениет пен
мәдениеттің дағдарысы «бұқаралық мәдениет» – «бұқаралық
адам»
–
индивидуалдық
қасиеттен
ада,
рухани,
адамгершіліктен ажыраған адам деп санаған. «Бұқаралық
қоғамға» элитаны қарсы қояды. Мәдени элита дағдарысқа
ұшыраған мәдениетті құтқарып қалады деп сенді. Мәдениет
сөзі мағынасы сан қырлы. Эмиль Сьоран: /румын текті
француз философы/ – «барлық өркениет жер өңдеуден
басталып, парадокспен аяқталады». Мәдениет мағынасы-
алғашқы қауымдық мәдениет, прогрессивті мәдениет, адамзат
мәдениеті, ұлттық мәдениет, техникалық мәдениет, сөз
мәдениеті және т.б. Э.Тайлор: «мәдениет пен өркениет кең
ауқымды мағынада – білімнен, сенім-нанымнан, өнерден,
адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден, адамның
меңгерген дағдыларынан , қабілеттерінен құралған күрделі
жүйе.» З.Гекальп: «Мәдениет бір ұлттың діні, моралі, әдебі,
интеллектуалдық, эстетикалық, экономикалық... үйлесімді
жүйесі». Өркениет – ұлтаралық ортақ құндылықтар деңгейіне
жеткен пайым-парасат, қарым-қатынас, тұрмыс тетіктерінің
жиынтығы.
1.
мәдениет жеке-даралық, ал өркениет ортақ сипатқа ие.
2.
Өркениет мәдениеттерден туындайды.
48
3.
Мәдениет ұлттың бар екендігін көрсетеді.
З.Гекальп: «Мәдениет-ұлттық, өркениет халықаралық
категория»,- деп есептеген. Әрбір өркениеттің өзіндік ойлау
логикасы болады, діндері бөлек қоғамдардың бір өркениет
аясында болуы мүмкін. Демек, өркениет діннен бөлек нәрсе.
Дін тек қасиетті құндылықтардан құралғандықтан, оған
техникалық құралдар діннен тыс жүйені құрайды. Сэмюэль П.
Хантингтон
«Өркениеттер
қақтығысы»
еңбегінде:
«адамзаттың
ажыралуы
негізгі
себептері
мен
қақтығыстарының қайнар көздері мәдениетпен байланысты.
Ұлттық мәдениеттер дүниежүзілік аренада ең мықты
ойыншылар болып қала береді, бірақ ұлттар мен әртүрлі
өркениетке жататын топтар арасында жаһандық саясаттың
ала ауыздықтары туындайды. Келешекте өркениеттерді бөліп
тұратын шекаралар шайқастар шекараларына айналатын
болады.
3.
«Шығыс-Батыс»
–
мәдени-өркениеттілік
дихатомиясының үлгісі ретінде. Қазіргі кезеңде өркениеттің
екі типі қатар өмір сүруде: Шығыс және Батыс. Шығыс
өркениетіне тән белгілер: табиғатпен тығыз байланыс, ата-
баба әруағына құрмет, адам әрдайым ұжымдық ортада өзін
жетілдіріп, дамытып отырады.
Шығыстық қоғам дәстүрлік сипатқа ие. Батыс
өркениетіне тән белгі – индивидуализм «мен» ұғымының
жарқын көрініс табуы, тәуелсіздік, кейде эгоизм басым. Батыс
адамы өзін табиғат алдында жоғары қояды, табиғатты өзіне
бағындыруға ұмтылады, әрекеті мақсатқа бағытталған, өзіне
сенімі зор.
Бұл ерекшеліктер Шығыс-Батыс дихотомиясының пайда
болуына себеп болды. Осы тұрғыдан қарастырғанда Шығыс
географиялық ұғым ретінде емес, өзгеше бір әлем ретінде
өзінің заңдары, ережелері мен өмір сүру логикасы
тұрғысынан түсіну қалыптасты. Шығыс дүниетанымын,
әлемді қабылдау картинасын ұғыну барысында шығыстану
ғылым саласы қалыптасты.
49
Қазіргі мәдениеттанушылардың пікірінше,
Достарыңызбен бөлісу: |