66
Андрон мәдениетiнiң Қазақстандағы
табиғи жалғасы
Беғазы - Дәндiбай мәдениетi деп аталады. Орталық
Қазақстанның археологтары 30-дан астам елдiмекен, 150-дей
молалар, көптеген ескерткiштер тапты.
Қола дәуiр тайпалары отқа табынды. От өлген адамдарды
зұлым
рухтардан сақтайды деп, өлген адам мүрдесiн өртеу
салты кең тарады. Адам пiшiндес құдайға бой ұсынушылық,
Күнге, Айға, жұлдыздарға табыну белең алды.
Таңбалы тас
суретiнде күн құдайы Митра
басының айналасынан күн
сәулесi шашырап, бұқаның үстiнде адам тәрiздес етiп
бейнеленуi – соның айғағы. Тас суреттерiнiң арасында қос
өркештi түйе, екi дөңгелекті арбалар жиi кездеседi. Мысалы,
Қаратауда тас суреттерде 50 шақты арбаның суретi кездеседi.
Қазақстан мәдениетi көне елдер өркениетi қатарына жатады.
Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында
Қазақстанның кең байтақ
даласында
әлеуметтiк-экономикалық
қатынастардың
дамуына және шаруашылықтың прогрессивтi түрiне көшуiне
байланысты алғашқы қауымдық тайпалардың орнына темiр
дәуiрiнiң сақ тайпалары келдi. Тарих атасы Геродот сақтарды
«азиялық скифтер», парсылар «құдыреттi еркектер», Иран
жазбаларында «жүйрiк атты туралар», – деп атаған.
Темiрдiң шығуы және
шаруашылықтың прогрессивтi
түрiне көшуi, басқа мәдениеттермен арақатынасы, көшiп-қону
тұрмысы сақтардың барлық көшпелi тайпаларға ортақ ерекше
мәдениеттiң пайда болуына әкелдi. Олар киiз үйде, тұрақты
тұрғын үйлерде тұрды. Есiк қорғанынан табылған ,,Алтын
адамның,,
киiмi
ежелгi
сақтардың
шеберлiгiнiң
дамығандығын көрсетедi.
Сақ өнерiнiң басты компонентi ,,Аң стилi,, деп аталатын
өзiнше бiр үлгiдегi бейнелеу
формасы осы заманғы
адамдарды да сүйсiндiредi.
Достарыңызбен бөлісу: