84
Б.з.д. XVғ. өзiнде-ақ Қытайда иероглифтiк жазу жүйесi
қалыптасып, екi мыңнан астам иероглифтер белгiлi болған.
Көне Қытай әдебиетiнiң ең көне жазба ескерткiштерiнiң
қатарына үш жүз әндер мен өлең жолдарынан тұратын
«Әндер кiтабы» және «Өзгерiстер кiтабы» жатады.
Қытайлықтар көп
Қытай мәдениетінің қайнар бастаулары мен ділдік
ерекшеліктері.
Дүниетанымы мен әлемді қабылдау ерекшелігі
Адамның құдайлар
алдындағы приоритеті
Этикалық нормалар
Этиканың діннің
алдындағы басымдығы
Діни абыздардың
шенеуніктік қызметі
Адам – қоғам мәселесі
Сурет 8
уақытқа дейiн табиғи бояулармен жiбекке жазған. Лу Цзы,
Мей Шен, Сюнь, Тао Юань, Минь сияқты дарынды ақындар
б.з.б. IV-IIIғ. өмiр сүрген. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда,
бүкiл көне Шығыс көркемдiк мәдениетiнiң ең басты элементi
«Күн» болып саналатынын да атап өту керек. Күн әдетте,
Аспан құдайының мұрагерi, және туған ұлы ретiнде адам
бейнесiнде берiледi.
Күн «Аспан құдайының» бәрiн көре де, бiле де бiлетiн
қасиетiн мұра еткен. Күн сонымен қатар Шығыс елдерi
мәдениетiндегi сұлулықтың басты белгiсi болып саналады.
Б.з.д. 3 ғасыр Хуанхэ және Янцзы өзенiнiң жағалауында
ежелгi қытай мәдениетi дамыды, қытайлар аспан тәңiрiне
сиынды. Өздерiн ұлы аспан ұлдарымыз деп жоғары санады.
Сонымен қатар, Шанди дiни нанымы қалыптасты. Б.з.д. 4
ғасырда Конфуций дiнi пайда болды.
Оның негiзiн қалаған
85
Кун-цзы болды. Б.з.д. 551-474ж.ж. Кун - Цзы «ұлы ұстаз»
деген мағына бiлдiрдi. Ежелгi қытай философиялық
мектептері қалыптасты. Негiзгi мазмұны моральдық этикалық
мәселелер болды. Конфуций дiнiнiң идеясы - Сяо болды. Сяо
iлiмі - үлкендi сыйлау. Легизм - дiни ағым, қатаң заңға
бағынуды уағыздады (сурет 9).
Ежелгі Қытай діндерінің ерекшелігі
Даосизм
Негізін қалаған
Лао-цзы(б.д.д.VІ-
Vғ.ғ.)
Дао –жол, дэ-
Адамгершілік
идеалы, у вэй-
моральдық
принцип
Конфуций
дінінің негізін
қалаған
Кун-цзы.
Жень-гумандық.
Сяо – үлкенге
құрмет
Легизм-
қатал
заңдар арқылы
халықты
басқару
Бұл діндерді біріктіретін филосоиялық, этикалық және
діни идеялардың синтезі болды.
Сурет 9
Қолөнер, керамика, фарфор өндiрiсi дамыды. І
ғасырда
Цай Лунь қағазды ойлап тапты. Жылды 12 айға, айды 4 аптаға
бөлудi бiлдi, астрономия, жiбек өндiрiсi дамыды. Бiрақ
Қытай мәдениетi өте тұйық болды. Б.з.д. I ғ. медициналық
кiтаптардың каталогы жасалып,
онда көптеген аурулардың
емдеудiң рецептерi берiледi, сонымен қатар фармакология
саласында құнды ғылыми трактаттар жазылды. Осы орайда
күнi бүгiнге дейiн медицина саласында баға жетпес табыс
болып саналатын ауруларды инемен емдеу дамыды.
Қытайдың сәулет
өнерi де өзiнiң әсерлiгiмен,
әсемдiгiмен, өзiндiк, ерекшелiктерiмен таң қалдырған.
86
Солардың iшiндегi шоқтығы биiгi – Пекинде 1420ж. салынған
«Аспан ғибадатханасы» деп аталатын сонау көне заман
сәулет өнерi саласындағы үлгiлердi сақтаған ғибадатханалар
ансамблi. Б.з.д. III ғ. компастың алғашқы түрi – магниттiк
аспапты, су диiрменiн, суды жердiң бетiне ағызатын машина
сорғышты, дүние жүзiндегi алғаш сейсмографты ойлап
тапқан қытай халқы – мәдениет
пен өнердiң қай саласында
болса да қомақты табыстарға жетiп, дүние жүзiлiк өркениетке
өзiндiк үлестерiн қоса бiлген дарынды да, еңбекқор халық
болды.
Достарыңызбен бөлісу: