2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет53/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82
Байланысты:
sihymbaev madeniettanu

 
Дәрістің мақсаты:
 Студенттерге дәстүрлі қазақ
мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі мен оның әлемдік 


112 
мәдениеттегі орны мен ролін анықтау дағдысын 
қалыптастыру. 
 
Дәрісті өткізу формасы
: ақпараттық шолу 
Терминдер:
этногенез, шаманизм, суннизм, этнос, 
космология, жеті ата, қара шаңырақ. 
1. Ұлы Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен Батыстың мәдени 
көпірі. Жібек жолындағы сауданың дамуына байланысты
экономикалық және мәдени қарым-қатынастың орталығы 
қазақ жері болды. Батыс пен
Шығысты өзара сауда және мәдени байланысын
Сурет 1 
орнатуда Қазақстанның орны мен ролі маңызды болып 
табылады. Батыс және Шығыстың рухани құндылықтарын 
қатар меңгере отырып, қазақ жерінде әртүрлі діни идеялар 
қатар өмір сүрді (сурет 1).
Ұлы Жібек жолы арқылы буддамен қатар христиан діні 
де тарады. ІХ-Х ғасырларда Тараз бен Меркеде христиандық 
шіркеулер салынды. Көптеген діндердің таралуы барысында 
қазақ жерінде сәулет ескерткіштері салынды. ІХ-ХІІ 
Қазақ жеріндегі діни идеялардың
таралу ерекшеліктері
Ислам
Христиан
Буддизм
Ата – баба
Әруағына
табыну
Тәңірлік
Зороастризм
Манихейлік
Шаманизм


113 
ғасырлардан бастап 
мемориальды кесене (мавзолей
) салына 
бастады.
Тілдік ерекшеліктері (сурет 2). Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісуда иран тілі тобындағы соғды тілі сақталды. Осы 
аймақта семит тілдік семьясының сириялық және араб тілінде 
сөйлеген кіші топтар болды.
Қаңғар тілі негізінде қыпшақ тілі қалыптасты.
«Кумандар сөздігі» (Codex Cumanicus) қыпшақ тілінің сөздігі 
болған. Қыпшақтар қазақ этногенезінің
Сурет 2 
қалыптасуына негіз салған. «қазақ» – «еркін» мағынасында 
қолданылды.
Керамика өңдеу, ұсталық кәсіп, зергерлік дамыды. XVғ. 
қазақ хандығы құрылып, әлемнiң барлық халықтарына тән 
заңдылықтармен қазақ этносы қалыптасты. 
Қазақ этносының құрамына енген негiзгi этникалық 
компонеттерi - үйсiн, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, 
найман, алшын, қоңырат және т.б. тайпалар. 
Тілдік ерекшеліктері
Батыс түрік тілі
Шығыс түрік тілі
Ғұндар мен қаңғарлар
Ғұндық
Хазарлық
Көне барлық
қаңғарлық
Теле
Қырғыз
Ғұндар


114 
,,Қазақ,, терминiнiң шығуы туралы түрлi болжам бар: 
әскери- тайпалық феодалдарды, кейiн көшпелi тайпаларды 
атады; сақ, үйсiн тайпаларының атымен байланыстырып -,,қас 
–сақ,, немесе,,нағыз сақ,, деген атаулардан шыққандығын 
айтады; түркi тiлдерде жазылған деректерде,,еркiндiк 
аңсаушысы, батыл,, деген мағынада қолданған т.б.
Қазақ жеріне ислам дінінің таралуы барысында ауыз 
әдебиеті мен жазба әдебиетте жаңалықтар орын алды (сурет 
3). «Құтты білік» дастанын Ж.Баласағұн Сатук Боғра ханға 
арнап жазды.
ХІ-ХІІ ғ.ғ. Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» 
шығармасы 
діни-мистикалық 
сипатта 
жазылған. 
Ол 
жамандық, 
қызғаншақтық, 
қатыгездікті 
жек 
көрген. 
Аскетизмге бой алдырған бұл шығармадан тарихи-мәдени, 
этнографиялық және әлеуметтік-тұрмыстық деректерді 
байқауға болады.
Әдеби мұралардың дамуы
ерекшеліктері
Исламдық әдебиет
“Құтадғу Білік”,
“Диуани Хикмет”,
“Замму назир китаби”,
“Хибат ұл-Хакайк”
Халық ауыз әдебиеті
Ертегілер,
Мақал-мәтелдер,
Жырлар, дастандар,
Сурет 3 
С.Бақырғанидің «Замму назир китаби» ақыр заман 
туралы, жақсылық пен жамандық және Құдайдың құдіреті 
туралы жазылған.


115 
А.Иүгінеки (Жүйнеки) «Хибат ұл-Хакайк» шығармасында 
адамға өмірге жауапты қарай отырып, еңбек етуге, жамандық 
жасамауға шақырған. «Басқа пәле тілден», «айтылған сөз – 
атылған оқ», «Орманда қасқыр ұлыса, үйдегі иттің бауыры 
бүлкілдер» деген
3. Сауданың дамуы қалалардың салынуына ықпал етті: 
Исфиджаб. Кедер, Отырар, Тараз, Баласағұн, Барысхан, 
Хамукент, Жәкіл, Адақкес. XV-XVIIғ. қазақ хандығын 
билеген Жәнiбек пен Керей, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есiм, 
Жәңгiр, Тәуке хандардың тұсында қазақтың шаруашылығы
өмiр сүру дағдылары ғана мес, ел таныған материалдық, 
рухани мәдениеттерi қалыптасты.
Қасым хан тұсында ,,Қасым салған қасқа жол,, деген 
атпен халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының 
ережелерi негiзiнде билiк заң үрiстерi елдiк жөн-жаралары 
салт-дәстүрi бiр жүйеге түстi. ,,Есiм салған ескi жол,, деген 
атпен қазiргi ұрпаққа жеткен әдет-ғұрып ережелерi одан әрi 
жетiлдiрiлдi.
XVIIғ. аясында қазақ қоғамындағы ауызша әдет-ғұрып 
нормалары толықтырылып, жүйеленiп Тәуке хан тұсында 
,,Жетi Жарғы,, деген атпен заңдар жинағы шықты. Бұл заңдар 
жинағында 
әкiмшiлiк, 
қылмыстық 
азаматтық 
құқық 
нормалары, салықтар, дiни көзқарастар т.б. ережелер 
бекiтiлген. Тәртiптi бұзған әрбiр адамға қатаң жазаға ұшырау 
қаупi төнген.
Әр елдiң өзiне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрi бар. 
Халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерi ұлттық 
байланысты басқа халықтардан даралап тұратын iшкi рухани 
айна сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет