108
Әсiресе, бейнелеу сюжеттерi қолданбалы декоративтi
өнерде: маталарда, керамикада, метал ыдыстарда, ыдыс -
аяқтарда салынды. Маталар алтын жiптермен тоқылды.
Эрмитаждағы Ираннан табылған күмiс табақ (Бахрам Гур,
оның сүйiктiсi Азадтар).
Иран парсы кілемдердi әлемге әйгiлi болды. Онда
адамдар, аңдар бейнесi салынды, бiрақ Алланы ашуландырып
алмау үшiн олар бұғы, яғни мысалы, арыстанның айбарлы
тырнағының орнына гүл шоғын салды. Қолданбалы өнерде
исламға қатаң талаптарының шекарасынан шыға отырып,
ұлттық дәстүрлерiн жалғастырғанын байқауға болады.
Сәулет өнерi саласында эстетикалық категорияларды
жүйесi жасалды: Жамал – құдай берген сұлулық, ол мешiт
күмбезін бiлдiредi. Жалал – құдайдың құдыретiн бiлдiретін
символ, мешiт мұнарасы болып табылады, сифат – құдай
сипаттары, араб жазуы арқылы берiледi. Мешiттiң сыртқы
қабырғасын өрнектеу. Мешiт ( табыну, сиыну орны).
Мешiттердi салуда араб шеберлерi биiк дәрежеге көтерiлдi.
Күйген кiрпiштердi оюлап, өрнектi қалай бiлдi, өте биiк
мешiт минареттерiн салу, нақты математикалық есептеудi
қажет еттi, онда сол жердiң жағдайы, тамырдың
мықтылығын білуде құрылысшылардың жоғары шеберлiгi
қажет болды. Кейiннен араб шеберлерiн Византия храмдарын
салуға шақырды.
Достарыңызбен бөлісу: