Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет116/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

 
112-бап.  Баланың  қорғаншысының  (қамқоршысының) 
құқық-тары мен міндеттері 
1.  Баланың  қорғаншысы  (қамқоршысы)  қорғаншылығындағы 
(қамқоршылығындағы) баланы тəрбиелеуге, оның денсаулығына, 


дене, психикалық, адамгершілік жəне рухани дамуына қамқорлық 
жасауға құқылы жəне міндетті.  
Қорғаншы  (қамқоршы)  баланың  пікірі  мен  қорғаншы  жəне 
қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ осы 
Заңның 64-бабында  көзделген  талаптар  сақталған  жағдайда 
қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) баланы тəрбиелеудің 
əдістерін дербес белгілеуге құқылы. 
Қорғаншы (қамқоршы) баланың пікірін ескере отырып, ол орта 
білім  алғанға  дейін  балаға  білім  беру  мекемесі  мен  оқытудың 
нысанын  таңдауға  құқылы  жəне  баланың  орта  білім  алуын 
қамтамасыз етуге міндетті.  
2.  Қорғаншы  (қамқоршы)  қамқоршылығындағы  (қорғаншылы-
ғындағы)  баланы  өздерінде  заңды  негіздерсіз  ұстап  отырған  кез 
келген  адамнан,  соның  ішінде  баланың  жақын  туыстарынан 
қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы. 
3.  Баланың  өз  ата-аналарымен  жəне  басқа  жақын 
туыстарымен  қарым-  қатынас  жасауына,  мұндай  қарым-қатынас 
баланың  мүдделеріне  сай  келмеген  жағдайларды  қоспағанда, 
бөгет болуға қорғаншының (қамқоршының) құқығы жоқ.  
4.  Қамқорлыққа  алынушылар,  балалар  немесе  емдеу 
мекемелерінде 
тəрбиеленуде 
немесе 
емделуде 
болған 
жағдайларды 
қоспағанда, 
кəмелетке 
толмағандардың 
қорғаншылары 
мен 
қамқоршылары 
өздері 
қамқорлыққа 
алғандармен  бірге  тұруға  міндетті.  Қамқоршының  он  алты  жасқа 
толған  қамқоршылыққа  алынушыдан  бөлек  тұруына,  бұл 
қамқоршылыққа  алынушының  тəрбиесіне  жəне  оның  құқықтары 
мен  мүдделерін  қорғауға  қолайсыздық  туғызбайтын  жағдайда, 
қорғаншы жəне қамқоршы органның рұқсатымен жол беріледі. 
Қорғаншылар  мен  қамқоршылар  тұрғылықты  жерінің  өзгеруі 
туралы  қорғаншы  жəне  қамқоршы  органдарға  хабарлап  отыруға 
міндетті. 
5.  Қорғаншы  кемінде  жылына  бір  рет  қорғаншы  жəне 
қамқоршы  органға  қамқоршылыққа  алынушының  денсаулық 
жағдайы  туралы  жəне  оны  тəрбиелеу  жөніндегі,  сондай-ақ  оның 
мүлкін  басқару  жөніндегі  жұмыс  туралы  есеп  беріп  отыруға 
міндетті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет