169-бап.Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды жою 1. Азаматтық хал актілері жазбасының:
1) сот шешімінің негізінде;
2) мүдделі адамдардың арызы бойынша;
3) жойылуға тиісті бастапқы, қалпына келтірілген немесе
қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық хал актілерін
жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкін.
2. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою туралы арыз сол
арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша - сотқа немесе
азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты
тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық хал
актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін
жазатын органдарында тіркелген жəне шетелде тұрақты тұратын
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары
Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне беріледі.
3. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою жойылуға тиісті
жазба болған жерде жүргізіледі.