Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет159/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

 
168-бап.  Азаматтық  хал  актілерінің  жазбаларын  қалпына 
келтіру 
1.  Азаматтық  хал  актілерінің  жоғалған  жазбаларын  қалпына 
келтіру туралы арыз сол арызды берушінің тұрақты тұратын жері 
бойынша  азаматтық  хал  актілерін  жазатын  органға,  ал  шетелде 


тұрақты  тұратын  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының, 
сондай-ақ  азаматтық  хал  актілері  Қазақстан  Республикасының 
азаматтық  хал  актілерін  жазатын  органдарында  тіркелген  жəне 
шетелде  тұрақты  тұратын  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ 
адамдардың  арыздары  Қазақстан  Республикасының  шетелдiк 
мекемелерiне беріледі. 
2.  Азаматтық  хал  актілері  жазбаларын  қалпына  келтіру  тиісті 
жазбаның  бұрын  болғанын  растайтын  құжаттар  болған  жағдайда 
немесе сот шешімінің негізінде жасалады. 
3.  Азаматтық  хал  актілері  жазбасының  жоғалғаны  сол 
жоғалған  жазба  болған  жер  бойынша  азаматтық  хал  актілері 
жазбасының облыстық (қалалық) архиві растауға тиіс. 
4.  Азаматтық  хал  актілерін  жазатын  органдардың  жоғалған 
жазбаны  қалпына  келтіруі  мүмкін  болмаған  жағдайда  азаматтық 
хал  актілерін  тіркеу  фактісі  Қазақстан  Республикасының 
Азаматтық  іс  жүргізу  кодексінде  белгіленген  ережелер  бойынша 
сот тəртібімен анықталады. 
5.  Азаматтық  хал  актілерінің  қалпына  келтірілген  жазбаларын 
тіркеуді  жоғалған  жазба  болған  жердегі  азаматтық  хал  актілерін 
жазатын орган жүргізеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет