172-бап. Тууды тіркеу тəртібі 1. Балалардың тууын тіркеуді азаматтық хал актілерін
жазатын органдар баланың туған жері бойынша немесе ата-
анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша
жүргізеді.
2. Туу туралы арызды ата-аналары немесе олардың біреуі, ал
ата-аналары қайтыс болған, науқастанған жағдайда немесе басқа
да себептермен арыз беру мүмкін болмаған ретте мүдделі
адамдар немесе бала туған кезде шешесі жатқан емдеу
мекемесінің əкімшілігі жазбаша немесе ауызша түрде береді.
Арызға емдеу мекемесінің анықтамасы, ал бала үйде туған
жағдайда дəрігердің, басқа бір медицина қызметкерінің немесе
олар болмаған жағдайда кемінде екі куəнің арызы қоса беріледі.
Азаматтық хал актілері жазылатын кітаптарға ата-анасын,ата-
анасының атын, əкесінің атын, тегін, ұлтын жазу осы Заңның 49,
50, 55-баптарының 1-3-тармақтарына сəйкес жүргізіледі.
3. Кəмелетке толмаған ата-аналардың баласын тіркеу (осы
Заңның 61-бабы) жалпы тəртіппен жүзеге асырылады.