175-бап.Тауып алынған баланың туылғанын тіркеу тəртібі Тауып алынған баланың туылғаны, егер ол бұрын тіркелмеген
болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесі əкімшілігінің
немесе ішкі істер органдарының мəлімдемесі бойынша тауып
алынған күннен бастап үш тəуліктен кешіктірмей тіркелуге тиіс.
Мəлімдемеге бала тауып алынған уақытты, орынды жəне мəн-
жайларды көрсетіп, ішкі істер органы немесе аудандық (қалалық)
атқарушы органдар жасаған хаттама қоса тіркеледі.
176-бап. Тууды салтанатты жағдайда тіркеу Ата-аналардың тілегі бойынша азаматтық хал актілерін жазу
органы баланың тууын салтанатты жағдайда - азаматтық хал
актілерін жазу органының үй-жайында, сондай-ақ азаматтық хал
актілерін жазатын органдар мен жаңа туған баланың ата-
аналарының келісімімен өзге жерде тіркеуді Азаматтық хал
актілерін тіркеу тəртібіне сəйкес қамтамасыз етеді.