Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет27/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

Есептер 
1.  Туған  əкпесi  қайтыс  болғаннан  кейiн  оның  екi  жасар  қызын 
Коваленко  қолына  алады.  Арада  бiр  жыл  өткеннен  кейiн  Коваленко 
жергiлiктi  қорғаншы  жəне  қамқоршы  органға  жүгiнiп  үш  жасар 
Ленаны  қалай  асырап  алуға  болатындығы  туралы  кеңес  береудi 


сұрайды, сондай-ақ ол бұл күнде кiшкентай қыздың өзiне өте бауыр 
басып кеткенiн жəне оны мама деп атайтынын айтады. Осы уақытқа 
дейiн  қыздың  əкесi  оны  iздеп  бiде-бiр  рет  келген  емес  жəне 
ешқашанда  материалдық  жəрдем  көрсетпейтiн.  Сонымен  бiрге 
Ленаның  əкесi  басқа  əйелмен  некеге  тұрып  жəне  таяу  күндерi  олар 
өзге бiр қалаға көшпекшi екен. Коваленко ең алдымен қызды асырап 
алуға  оның  құқығы  бар  ма  жəне  ол  үшiн  қандай  құжаттар  қажет 
екендiгiн айтып берудi сұрайды. 
Коваленконың сұрағына қалай жауап берер едiңздер? 
Қазақстан  Республикасының  “Неке  жəне  отбасы  туралы  Заңында 
бала асырап алудың қандай тəртiптерi белгiленген? 
2.  АҚШ-тан  келген  ерлi-зайыптылар  қорғаншы  жəне  қамқоршы 
органға келiп Қазақстан Республикасының 
аза-маты  болып  табылатын  баланы  қалай  асырап  алуға 
болатындығы  туралы  мəлiмет  берудi  өтiнедi.  Олар  асырап  алғысы 
келетiн баланың жасының екiден аспауын жəне мүмкiн болса славян 
ұлтынан болуын 
қалайтындықтарын 
мəлiмдейдi. 
Ерлi-зайыпты 
Тимсондар 
Қазақстанға  тек  үш  аптаға  ғана  келгендiктен,  мүмкiн  болса  осы 
мерзiм  аралығында  асырап  алуға  бала  тауып,  оны  Америкаға 
өздерiмен бiрге алып қайтқысы келетiндiктерiн айтады. Осыған орай 
олар  бала  асырап  алу  процедурасы  жалпы  қанша  уақытты  қажет 
ететiндiгiн  жəне  олардан  қандай  құжаттардың  талап  етiлетiндiгiн 
бiлгiсi келедi. 
Ерлi-зайыптыларға қалай жауап берер едiңiздер? 
Асырап  алушылар  шет  ел  азаматтары  болған  жағдайда  асырап 
алудың ерекшелiктерi қандай болады? 
3. 2001 жылдың маусым айында асырап алынған баланың анасы-
Исакова  Мадина  сотқа  талап-арыз  берiп  Абишеваның  бала  асырап 
алуға  байланысты  құжаттарының  күшiн  жоюды  талап  етедi,  себебi 
талапкердiң пiкiрiнше ол асырап алуды оның келiсiмiн алмай жүзеге 
асырған. 


Iс сотта қаралған кезде талапкер мына жайларды мəлiмдейдi: 2001 
жылдың  мамыр  айында  ол  өзiнiң  баласы  Асқарды,  шешесiнiң  үйiне 
қалдырып  кеткен  болатын,  себебi  жұмыс  бабымен  жолсапарға  жиi 
шығуына  тура  келетiн  едi,  мiне  осыны  пайдаланып  өзiнiң  ағасы  Т. 
Исаковпен  бiрге  тұратын  Абишева  баланы  оның  шешесiнен  алып 
қояды. 
Кезектi  жол  сапардан  оралып  ол  өз  баласын  қайтып  алып 
кетпекшi  болғанда  өзiнiң  туған  ағасы  жəне  Абишева  баланы  жаз 
соңына  дейiн  тағы  қалдыра  тұруды  өтiнедi.  Шiлде  айында  Абишева 
Т.  Исаковпен  араздасып  қалады,  осыдан  кейiн  қорғаншы  жəне 
қамқоршы  органнан  жасырып  Аби-шева  баланы  өзiмен  бiрге  алып 
кетiп қалады. 
Мадина Исакованың талабы қанағаттандыруға жата ма? 
Бала  (қыз)  асырап  алудың  күшiн  жоюға  негiз  болатын 
жағдайларды  атаңыздар.  Бала  асырап  алудың  күшiн  жою  мен  бала 
асырап алуды жарамсыз деп танудың қандай айырмашылығы бар? 
4. 14 жасар  Томирис  Мамедованың  ата-анасы  ұшақ  апатынан 
қайтыс  болып  кеткен  болатын.  Он  бiр  жасынан  бастап  содан  берi 
Томирис өзiнiң анасының əкпесi  Хасанованың үйiнде тұрып жатады 
жəне ол ресми түрде Томиристiң қамқоршысы болып табылатын. 
Томирис болса музыка мектебiнiң сегiзiншi сыныбында оқитын. 
Бiрде  Хасановаға  Томиристiң  жүктi  болып  қалғаны  белгiлi 
болады.  Тəтесiмен  оңаша  сөйлескенде  Томирис  баланың  оған  керек 
еместiгiн  айтады.  Тəтесi  қыздың  бұл  шешiмiне  қарсы  болмайды,  əрi 
оған  сəбидi  перзентханада  қалдырып  кетуге  кеңес  бередi.  Сəбидiң 
əкесi болып 15 жасар Руслан Тайров танылады, сондай-ақ оның əке-
шешесi де Хасанованың пiкiрiне қарсы емес едi. 
Томирис  перзентханада  қыз  туады  да,  оның  бас  дəрi-герiне  жаңа 
туылған  нəрестенi  перзентханада  қалдырып  кеткiсi  келетiндiгiн 
мəлiмдейдi. Мұны естiп бiлгеннен кейiн перзентхананың бас дəрiгерi 
қорғаншы жəне қамқоршы органының өкiлдерiн шақыртып Томирис 
Мамедова  мен  Руслан  Тайровқан  қызды  басқа  бiреулердiң  асырап 


алуларына қарсы емес екендiктерiн бiлдiрiп, бiрлесiп арыз жазуларын 
сұрайды. Iстi  шешiңiздер.  Кəмлетке  жасы  толмаған  ата-аналардың - 
басқа бiреулердiң баласын (қызын) асырап алуға келiсiм беруi қалай 
жүзеге асырылады? 
5. Нүркен Абдуловты əскери борышын өтеуге шақырған кезде ол 
Алмагүл Айдаровамен заңды некеде болатын жəне олардың бiр жасар 
Арман есiмдi балалары бар едi. 
Алғашқы  уақыттарда  Нүркен  өзiнiң  əйелiне  жиi  хат  жазып 
тұратын, бiр жылдан кейiн Алмагүл хаттардың сирек келе бастағанын 
байқайды,  ал  əскери  борышын  аяқтауға  үш  ай  қалғанда  ол  хат 
жазуды мүлдем қояды. 
Осыдан  кейiн  ол  өзi  туралы  ешбiр  хабар  бермейдi.  Алмагүл 
Нүркеннiң ата-анасынан өзiнiң күйеуi туралы мəлiмет сұрап барғанда 
олар  баласынан  бiр  жылдам  астам  уақыт  бойы  ешбiр  хабар 
алмағандарын айтады. 
Айдарованың 
талап-арызы 
бойынша 
сот 
Абдуловты 
хабарошарсыз кеттi деп таниды. 
Бiр  жылдан  кейiн  автомобиль  апатынан  Алмагүл  Айдарова  қаза 
табады. Ал Арманды атасы мен əжесiнiң өтiнiшiне қарамастан, қарт 
адамдар  балаға  қажеттi  күтiм  жасай  алмай-ды  деген  желеумен 
балалар үйiне берiп жiбередi. 
Асырап  алуға  бала  iздеп  балалар  үйiне  жиi  келiп  жүретiн 
ерлiзайыпты  Сағатжановтар  Арманды  көрiп  оны  бiрден  ұнатып 
қалады.  Көп  уақыт  өтпей  олар  балалар  үйiнiң  директорына  өтiнiш 
бiлдiрiп, 
Арманды 
өздерiнiң 
жанұясына 
тəрбиеге 
алғысы 
келетiндiктерiн айтады. Қажеттi құжаттар рəсiмделгеннен кейiн ерлi-
зайыпты Сағатжановтар Арманды асырап алады. 
2000  жылы  Арман  алты  жасқа  толғанда  баланың  əкесi  Нүркен 
Абдулов қайтып оралады. 
Өзiнiң ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз кетуiн ол əскери борышын 
өтегеннен  кейiн  басқа  бiр  əйелмен  жанұя  құрып  бiрге  тұрғанымен 
түсiндiредi. Бұл күнде оның жаңа жанұясы жəне екi аласы бар екен. 


Нүркен Абдулов əйелiнiң қайтыс болғанын естiп-бiлiп, ендi Арманды 
өзiнiң жанұясына өзiмен бiрге алып кетпекшi болады. Осыдан кейiн 
Абдулов қорғаншы жəне қамқоршы органға өтiнiш жасап өзiнiң ұлы 
Арманмен кездесу ұйымдастыруды сұрайды. 
Кездесу  кезiнде  Арман  əкесiн  танымайтын  болып  шығады  жəне 
онымен  бiрге  тұрғысы  келмейтiндiгiн,  өзiнiң  жаңа  ата-анасымен 
қалғысы келетiндiгiн мəлiмдейдi. 
Нүркен  Абдулов  Сағатжановтардан  өзiнiң  ұлын  қайтарып  берудi 
талап  ете  ала  ма?  Осы  жағдайда  Арманның  қалауы,  яғни  пiкiрi 
ескерiле  ме?  Баласын  қайтарып  алу  үшiн  Нүркен  Абдулов  қандай 
əрекеттер жасауға тиiс? 
6. 2000 жылы  қазан  айының 20-сы  күнi  кешке  кезекшi  полицей-
Шахаметов  Орталық  автовокзал  маңынан  кiшкентай  баланы 
кездестiредi.  Баланың  келбетi  жүдеу,  күтiмсiз  əрi  жұпыны  жеңiл 
киiнген  екен  жəне  ол  орыс  тiлiн  түсiнбейтiн  болып  шығады.  Көп 
өтпей  бұл  баланың  жасы  үште  жəне  ұлты  тəжiк  екендiгi  белгiлi 
болады.  Баланың  жейдесiнiң  қалтасынан  табылған  бiр  жапырақ 
қағазда  баланың  есiмi - Шахрух  екендiгi  жазылған  екен.  Сол  күнi 
Шахрух  қалалық  балалар  ауруханасына  жеткiзiлiп,  тексеруден 
өткеннен кейiн балалар үйiне жiберiледi. 
Ерлi-зайыпты  Николаевтар  қорғаншы  жəне  қамқоршы  органға 
өтiнiш  бiлдiрiп  Шахрухты  асырап  алуға  рұқсат  етудi  сұрайды. 
Қорғаншы  жəне  қамқоршы  органның  қызметкер-лерi  өкiнiшке  орай 
бұл  баланы  ерлi-зайыпты  Николаевтардың  асырап  алуына 
болмайтындығын айтады, себебi бұл баланың ұлты - тəжiк, орыстiлiн 
бiлмейдi жəне дiнi мен мəдениетi бөлек деп түсiндiредi. Бала асырап 
алу кезiнде осы факторлар мiндеттi түрде ескерiлуi тиiс. 
Қорғаншы  жəне  қамқоршы  органның  қызметкерлерiнiң  берген 
түсiнiктемелерiне  баға  берiңiздер?  Бала  асырап  алу  кезiнде  баланың 
қай  ұлтқа  жататыны,  тiлi  мен  дiнi,  мəдениетiнiң  ерекшелiктерi 
ескерлуi тиiс пе? 
Ерлi-зайыпты Николаевтарға қандай кеңес берер едiңiздер? 


7. Қапшағай қаласының тұрғыны Фазылова 6 жылға сотталып бас 
бостандығынан  айырылады.  Оның  əкесiз  тəрбиеленген 12 жасар 
Расул  есiмдi  баласы  бар  болатын.  Қамқоршы  жəне  қорғаншы  орган 
Расулдың қорғаншысы етiп Фазылованың ағасы - Мамед Фазыловты 
тағайындайды.  Фазыловтың  өзiнiң  жеке  меншiгiнде  кафесi  бар 
болатын,  ол  үнемi  сол  жерде  жүретiн  жəне  iс  жүзiнде  баланың 
тəрбиесiмен  мүлдем  айналыспайтын.  Расул  осылайша  Фазыловтың 
пəтерiнде  жалғыз  өзi  тұрып  жатады,  қорғаншысын  тек  азық-түлiк 
əкелгенде ғана көрiп тұратын. 
Əр жыл сайын ерте көктемнен бастап жаз соңына дейiн Фазылов 
Расулды кафеге жұмыс iстеуге алып баратын. Соның салдарынан ол 
əр жыл көктем шыққа кезден бастап мектепке сабаққа бармайтын едi. 
Расул 14 жасқа  толған  кезде  Фазылов  ендi  оның  қамқоршысы 
болып  тағайындалады.  Бiр  күнi  қамқоршысының  дағдылы  дөрекi  де 
қатыгез қарым-қатынасына шыдамаған Расул қашып кетедi де, сотқа 
талап-арыз  берiп,  өзiне  тағайындалған  қамқоршысынан  бас 
тартатындығын мəлiмдейдi. Iстi шешiңiздер. 
Тағайындалып қойған қамқоршылықты қай орган жоя алады? 
Фазылов  өзiнiң  қамқорындағы  Расулдың  қандай  құқықтарын 
бұзған? 
Расулдың талабы қанағаттандыруға жата ма? 
8. 24 жастағы  Тимур  Төлеубаев  пен 20 жасар  Айжан  Алданова 
екеуi  де  қызмет  бабы  бойынша  жолсапармен  Астанаға  кетiп  бара 
жатқанда поезда танысады. Олар бiрiн-бiр ұнатады. 
Арада  бiрнеше  ай  өткенне  соң  Айжанның  аяғы  ауыр  болып 
қалады.  Айжанның  жүктiлiгi  сегiз  айға  жеткенде  олар  АХАЖ 
органына  өтiнiш  бiлдiрiп  некелерiн  заңдаструды  сұрайды.  Арада  екi 
апта  өткенен  кейiн  олардың  некелерi  тiркелiп  үлгермей  жатып 
Айжанды перзентханаға алып кетедi. Айжан перзентханада ұл туады 
да өзi қайтыс болып кетедi. 
Тимур перзентханадан баланы алып кетуге келгенде оған баланы 
бермейдi, себебi ол Айжанмен заңды некеде əлi жоқ болатын. Тимур 


кеңес алу үшiн заңгерге келгенде заңгер оған, алдымен оның балаға 
қорғаншысы  болып  жазылуын,  ал  содан  кейiннен  баланы  асырап 
алуына болатынын түсiндiредi. 
Төлеубаев  қажеттi  құжаттарды  жинап  балаға  қорғаншы  болуды 
рəсiмдеп  жүргенде  сəбидi  перзентханадан  Айжанның  анасы - 
Қарылғаш  Алданова  үйiне  алып  кетедi.  Қарылғаш  Алданова  баланы 
əкесiне  беруден  мүлдем  бас  тартады.  Нəтижесiнде  баланың  туған 
əкесi мен əжесiнiң арасында дау туындайды. Iстi шешiңiздер. 
Нəрестенi  Алдановаға  бере  салған  перзентхана  қызметкерлерiнiң 
əрекетiне баға берiздер. 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет