Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап. Неке-отбасы заңдарының негіздері



Pdf көрінісі
бет29/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

2-бап. Неке-отбасы заңдарының негіздері 
1.  Неке  жəне  отбасы,  ана,  əке  жəне  бала  мемлекеттің 
қорғауында болады. 
2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары: 
1) еркек пен əйелдің некелі одағының еріктілігі; 
2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі; 


3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол 
берілмеушілік; 
4) отбасы ішіндегі мəселелерді өзара келісіммен шешу; 
5)  балаларды  отбасында  тəрбиелеуге  басымдық  беру, 
олардың өсіп-жетілуі мен əл-ауқатты болуына қамқорлық жасау; 
6)  отбасының  кəмелетке  толмаған  жəне  еңбекке  қабылетсіз 
мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру; 
7)  отбасы  мүшелерінің  өз  құқықтарын  кедергісіз  жүзеге 
асыруын  қамтамасыз  ету,  бұл  құқықтарды  сот  қорғауының 
мүмкіндіктері; 
8)  отбасының  барлық  мүшелерін  салауатты  тұрмыс  салтына 
ынталандыру принциптеріне негізделеді. 
3.  Мемлекеттік  азаматтық  хал  актілерін  жазу  органдарында 
қиылған неке ғана танылады. 
4.  Некеге  тұруы  кезінде  жəне  отбасылық  қатынастарда 
əлеуметтік,  нəсілдік,  ұлттық  тіл  жəне  діни  белгілері  бойынша 
азаматтардың  құқықтарын  шектеудің  кез  келген  нысандарына 
тыйым салынады. 
Азаматтардың  неке-отбасы  қатынастарындағы  құқықтары  тек 
заң  негізінде  жəне  отбасы  мүшелері  мен  өзге  де  азаматтардың 
денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын жəне заңды мүдделерін 
қорғау  мақсатында  қаншалықты  қажет  болса,  сондай  шамада 
ғана шектелуі мүмкін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет