3-бап. Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар Неке-отбасы заңдары:
1) некеге тұрудың, некені тоқтатудың жəне оны жарамсыз деп
танудың шарты мен тəртібін белгілейді;
2) отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен
балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың)
арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда
жəне шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың
арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес
жəне мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына
орналастырудың нысандары мен тəртібін айқындайды;
4) азаматтық хал актілерін тіркеу жəне заңдарда белгіленген
тəртіппен ақылы қызмет көрсету тəртібін реттейді.