жастағы адам қабылдайды. Кӛз, құлақ , қол басқа сезім органдары қабылдау процесін
қамтамасыз етеді.
Қабылдаудың
негізгі
қасиеттері:
Тұтастығы,
мағыналығы,
таңдамалылығы, тұрақтылығы, иллюзия, апперцепция.
Тұтастылығы - қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бӛліктерден
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей тұтастай қабылдаймыз. Кейбір объектілердің жеке
бӛліктері, шет жағасы ғана қабылданса да біз бұлардың тұтас формасын қабылдаймыз.
Мағыналығы – бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығы
жақсы кӛрінеді. Ол объектілердін мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар
мен сӛз арқылы айтылмайынша, ол толық қабылданбайды.
Таңдамалылығы- толық объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың
таңдамалылығы делінеді
Тұрақтылығы – қабылдау тұрақтылығы деп сыртқы орта жағдайының ӛзгеруіне
қарамастан, кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қала беруін айтамыз
Иллюзия – әрқашанда қабылданатын затқа, не құбылысты қабылдау сәйкес келе
бермейді. Түрлі себептермен шындықты бұрмалап теріс қабылдайтын кездерде болады
Апперцепция – қабылдау адамның жалпы психикалық тұрмысы мен ӛткен
тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді.
Қабылдау - шындық объектілері мен құбылыстарының олардың әртүрлі қасиеттері мен
бӛліктерінің жиынтығында олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуімен кӛрінісі.
Дәстүрлі түрде қабылдаудың бес түрі перцептивті бейнені құруға қатысатын жетекші
анализаторға сәйкес бӛлінеді (қабылдау модальділігі бойынша): кӛру; есту; сезу (Тактиль);
дәм; иіс сезу.
Қабылдау объектісіне байланысты қабылдау түрлері де бар, мысалы, кеңістікті,
уақытты, қозғалысты, жылдамдықты қабылдау; кескіндеме, музыка туындылары; адамның
әлеуметтік ӛмірінің негізгі құбылыстары (басқа адам, қоғамдық ӛмір оқиғалары) және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: