интерорецепторлар.
Экстерорецепторлар
организмнің сыртқы бӛліктеріне орналасқан — оған жататындар
кӛру, есту, иіс, дәм, сипай сезу (тері) органдары жатады. Бұл органдарды кӛп жағдайда
сыртқы сезімдердің органдары деп атайды. Олардың кӛмегімен біздің организмнен тыс
жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Түйсіктер бұл органдарға сәйкес
(кӛру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторлар
бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл
органдардың кӛмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген
мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер
проприорецепторлар
деп аталады. Бұл түйсіктер —
бұлшық ет, қозғалыс (кютестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлар
дененің ішкі органдарында ішек-қарында, ӛкпеде орналасқан. Ол
рецепторлардың кӛмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б. ішкі органдарда
тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б. айтады. Бұл түйсіктер
интерорецепторлар
деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
Көру түйсіктері.
Кӛру түйсіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түйсінетін
түстеріміз хроматикалық және ахроматикалық деп екіге бӛлінеді.
Хроматикалық
түстерге кемпірқосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, кӛк,
қара кӛк, күлгін. Бұл түстердің арасында хроматикалық түстердің кӛптеген белгілері
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: