Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Ахроматикалық 
түстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан барлық қоңыр 
түстер жатады. 

 
6-семинар 
Семинар сабағының тақырыбы:
Қабылдау жӛнінде жалпы ұғым. 
Сабақ жоспары: 
1. Қабылдау жӛнінде жалпы ұғым. 
2. Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері. 
3. Қабылдау иллюзиялары.
Сабақ мақсаты: Студенттердің қабылдау туралы психологиялық ғылыми түсініктерін
практикалық ӛмірмен байланыстыра дамыту.
Қабылдауда анализаторлардың басым рӛлдеріне байланысты қабылдауды кӛріп 
қабылдау, естіп қабылдау, дәм сезіп қабылдау, кинестизиялық қабылдау, сипап сезіп 
қабылдау деп бӛледі. Қабылдаудың күрделі түрлері қабылдаудың бірнеше түрлерінен 
тұратын жиынтықтан тұрады. 
Түйсіктерге қарағанда қабылдау бейнелері бірнеше анализаторлар жұмысының 
нәтижесінде пайда болады. Қабылдаудың күрделі түрлеріне мысалы, кеңістікпен уақытты 
қабылдауды жатқызуға болады. Кеңістікті қабылдай отырып, яғни заттардың бір-бірінен 
алшақтығын, олардың кӛлемі мен формасын, адам кӛріп , естіп, тері және қозғалыс 
түйсіктеріне сүйенеді. 
Уақытты қабылдағанда кӛру және есту түйсіктерімен бірге қозғалыс , ішкі, 
органикалық түйсіктер үлкен рӛл ойнайды. Сонымен қатар уақытты қабылдауда болып 
жатырған құбылыстардың ұзақтығы, бірізділігі бейнеленеді. Тікелей қабылдауда уақыттың 
ӛте қысқа бӛліктері қабылданады. Ұзақ уақыттық оқиғалар туралы айтқанда, қабылдау емес , 
уақытты елестету туралы айтқан жӛн. 
Егер адамдар қазір қай сағат және керекті уақытта ояна алса, олардың уақытты 
қабылдау сезімінің жақсы дамыған деп айтуға болады. Уақытты қабылдау сезімітуа пайда 
болмайды, тәжрибенің житнақталу процесінде пайда болады. Жинақталған тәжірибе 
кӛбейген сайын уақытқа бағдарлану оңайырақ болады. 
Қабылдаудың қасиеттері. 
Қоршаған ортаны сезім органдары емес, белгілі 
бір кӛзқарасы қызығушылығы бар , белгілі бюір жынысты, тәжрибесі бар, белгілі бір 


жастағы адам қабылдайды. Кӛз, құлақ , қол басқа сезім органдары қабылдау процесін 
қамтамасыз етеді. 
Қабылдаудың 
негізгі 
қасиеттері: 
Тұтастығы, 
мағыналығы, 
таңдамалылығы, тұрақтылығы, иллюзия, апперцепция. 
Тұтастылығы - қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бӛліктерден 
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей тұтастай қабылдаймыз. Кейбір объектілердің жеке 
бӛліктері, шет жағасы ғана қабылданса да біз бұлардың тұтас формасын қабылдаймыз. 
Мағыналығы – бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығы 
жақсы кӛрінеді. Ол объектілердін мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар 
мен сӛз арқылы айтылмайынша, ол толық қабылданбайды. 
Таңдамалылығы- толық объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың 
таңдамалылығы делінеді 
Тұрақтылығы – қабылдау тұрақтылығы деп сыртқы орта жағдайының ӛзгеруіне 
қарамастан, кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қала беруін айтамыз 
Иллюзия – әрқашанда қабылданатын затқа, не құбылысты қабылдау сәйкес келе 
бермейді. Түрлі себептермен шындықты бұрмалап теріс қабылдайтын кездерде болады 
Апперцепция – қабылдау адамның жалпы психикалық тұрмысы мен ӛткен 
тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. 
Қабылдау - шындық объектілері мен құбылыстарының олардың әртүрлі қасиеттері мен 
бӛліктерінің жиынтығында олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуімен кӛрінісі. 
Дәстүрлі түрде қабылдаудың бес түрі перцептивті бейнені құруға қатысатын жетекші 
анализаторға сәйкес бӛлінеді (қабылдау модальділігі бойынша): кӛру; есту; сезу (Тактиль); 
дәм; иіс сезу. 
Қабылдау объектісіне байланысты қабылдау түрлері де бар, мысалы, кеңістікті, 
уақытты, қозғалысты, жылдамдықты қабылдау; кескіндеме, музыка туындылары; адамның 
әлеуметтік ӛмірінің негізгі құбылыстары (басқа адам, қоғамдық ӛмір оқиғалары) және т. б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет