болуын қажет етеді. Бірақ меңгеру үрдісінде зейін жиі еріксіз зейінге айналады. Зейіннің
осындай ӛзгеруі оқу материалы мазмұнының кейбір ерекшеліктеріне байланысты (мәселен,
оның ашықтығы, қызықтылығы) баяндау ерекшеліктеріне тәуелділігі, кӛрнекілігі,
түсініктілігі, сонымен қатар шәкірттердің оқу материалы мазмұнына қызығуына
байланысты. Зейінді еріктіден еріксіз үрдіске қайта құру білімді меңгеруді біршама
жеңілдетеді. Кейде кері құбылыста болады. Егер іс-әрекет үрдісінде (мәселен, білімді
меңгеру үрдісінде) қандай да болмасын қиындық кездессе, онда еріксіз зейін ерікті зейінге
ауысады.
Іс-әрекет үрдісінде кейде зейіннің негізгі жұмыстан шет нысанаға еріксіз ауысуы орын
алады. Осындай құбылысты зейіннің бӛлінуі деп атайды. Зейіннің бӛлінуі
жұмысқа
жағымсыз әсер етеді.
Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды
креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр оқушыға
ӛзін кӛрсетуге және ӛз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты
баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы
болып табылады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады.
Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім
деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз
айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу.
Сабақ үрдісінде зейінді тәрбиелеу жолдары - ӛзара әңгіме, сұрақ қою, орындалған
тапсырманы ұжымдық түрде қорытындылау, берілген
тапсырма бастауыш сынып
оқушысының бала күшіне сәйкес келуін қадағалап, ал, сабақ кезіндегі сергіту жаттығулары,
ойын сәттері зейінді қалпына келтіретін әдістер болып табылады.Кӛрнекі құралдардағы
сӛздер тым ұзақ болмай, ондағы сӛздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді
түрлі бояумен безендіру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін аударуы үшін
обьектілерді үнемі ӛзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жӛн. Тек
сонда ғана бала зейінінің тұрақтылығы дамиды. Тӛмендегідей жаттығулар бала зейінін
дамытуға қажетті деп ойлаймын. Мысалы:
«Ұқсастық пен айырмашылық».
Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру
ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына ӛздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен
жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы
күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т.б. Дұрыс жауаптар, қателіктер,
ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т.б айқындалады.
«Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы,
сіріңке тек жанып,
жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым
заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады.
Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да
болады.
«Ұқсастықтар іздеу».
Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ».
Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне
қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «кӛбелек» (ұшады, қонады), «автобус»,
«поезд» (кӛлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша
жіктеуге арналған.
«Кім жылдам?»
Берілген мәтіндегі жиі кездесетін әріпті тез және нақты сызу қажет,
мысалы, А немесе Е. Бағалаған кезде жіберілген уақыт
пен жіберілген қателер саны
есептеледі. Сызылмаған әріп кӛлемі аз болса, соғұрлым бағалау жоғары болады. Жіберілген
қателер саны кӛрсетілген әріптерге бӛлініп, 100-ге кӛбейтіледі. Уақытына қарай тапсырманы
күрделендіруге болады. Мысалы, бір әріпті сызып, екіншісінің астын сызып, үшіншісін
шеңбермен сызыуға болады.
«Қателерді түзету»
жаттығуы. Жүргізуші қағаз парағына сӛздердегі әріптер тасталып
кеткен және орындары ауыстырылып жазылған бірнеше сӛйлем жазады. Оқушыға мәтінді
оқып, 1 рет қана қатесін тез арада қызыл сиямен жӛндеу бұйырылады. Содан соң ол парақты
басқа оқушыға береді, ол қалған қателерді басқа түстегі сиямен түзейді. Жарысты қос
адаммен де ӛткізуге болады.
«Ең зейінді» жаттығуы.
Оқушылар жарты шеңбер болып тұрады. Арасынан бір
оқушы жүргізуші болып таңдалынып алынады. Жүргізуші тұрған оқушылардың тұрысын
есіне сақтап алады.
Содан соң теріс айналып тұрып, қатысушылардың тұру ретімен айтып
шығуы тиіс. Жүргізуші болып келесі оқушы болады. Ойын осылай жалғаса береді.
Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту
түрленеді, оның тиімділігі артады, оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі.
Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері
қалыптаса бастайды. Алаштың ардақты ұлы А. Байтұрсынов «Бала білімді, тәрбиені ӛз
бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін
шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беріп отыру»- деп жазды.
Осындай психологиялық тәсілдерді қолдана отырып, тренингтік жаттығулар орындату
барысында оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, ой-ӛрісі дамиды, шығармашылық
пен дарындылық пайда болады. Қорыта айтсам, оқу-тәрбие үрдісінде
оқушылардың ойлау
процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру
қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар оқушы білімінің деңгейін кӛтеріп қана қоймай, бір-
бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап
сӛйлеуге, сӛздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді
Достарыңызбен бөлісу: